Автор: bukebay.dina

Бүгін Астана қаласындағы Қытай елшілігінде «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қытайдың бас елшісі Чжан Сяомен кездесті. Келелі кездесуде Іле мен Ертіс өзендерінің жағдайы туралы, экологиялық мәселелерді шешуге ғылыми институттармен байланыс орнату, қоршаған ортаны қорғау мәселесінде Париждегі халықаралық келісімді орындау, таза ауа, таза су ресурстарына қатысты келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді шешуде ғылымды күшейту, ортақ жобаларды іске асыру, қалдықтардан жаңа өнім алу, қайта өңдеу жайы да тілге тиек болды. «Қытай елі қоқыстарды пайдаға асырып, оларға жаңа өмір сыйлауда көшбасшы елдердің қатарында, сондықтан да көрші елден үйренеріміз көп» деді Азаматхан Әміртаев. Айта кетейік, кездесу соңында ҚХР бас кеңесшісі «Байтақ» партиясының…

Толығырақ

Оралдағы мектеп әкімшілігі мұғалімдерден артық төленген жалақыны өндіріп алу үшін сотқа шағым түсірді, — деп хабарлайды Баймедиа.кз. Талап қоюда мемлекеттік аудиттің қорытындысы негізге алынғаны айтылды. «Батыс Қазақстан облысы, Оралдағы Серебряков орта мектебінің әкімшілігі мектептің 75 педагогынан бюджеттен артық төленген 42 миллион теңге көлеміндегі жалақыны өндіріп алу туралы сотқа талап қою жолдаған. Тергеу органымен мектептің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, жаза тағайындалған», — делінген хабарламада. Қылмыстық іс аясында мектепке жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 2021-2022 жылдары 75 педагогқа жалақы бойынша 42 миллион теңге көлемінде артық төлемдер негізсіз аударылғаны, сөйтіп, қаржылық құқықбұзушылық анықталып, дебиторлық…

Толығырақ

Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мақсатты көрсеткіштері орындалмағаны анықталды. «Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар. Кейбір жағдайларда осы салада жалған әл-ауқатты көрсету үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу туралы есеп беру ақпараты бұрмаланады. Іс жүзінде субсидиялау процесі тек формалды түрде өтінімерді қабылдап, бюджет қаражатын бөлуден тұрады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке келтірілген шығын шамамен 500 миллион теңге болды», — делінген хабарламада. Мысалы, 2 ауылшаруашылығы тауарын өндіруші заңсыз баю мақсатында жалпы сомасы 132 миллион теңгеге техника сатып алуға субсидия алып, кейіннен басқа мақсатқа жұмсаған. «Бюджет қаражатын ұрлаудың анықталған схемалары бойынша процестік шешім қабылдау үшін материалдарды…

Толығырақ

Астанада «Дубай» шоколадын сатамын деп, жұрттың ақшасын жинап алып, із-түссіз кеткендер ұсталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқтар тәттіні нарықтағы бағадан арзанға ұсынып, әлеуметтік желі арқылы жарнамалаған. Полицияға арызданған азамат бір шоколадты 15 мың теңгеге сатып алмақшы болған. Алайда, ақшаны банк картасына аударған соң, алаяқтар ізін жасырған. Құқық қорғау органы осы іс бойынша 2 адамды қолға түсірді. Олар өз кінәсін мойындаған. Қазір өзге де жәбірленушілердің бар-жоғы анықталып жатыр.

Толығырақ

Жыл басынан бері республика бойынша 200-ден астам адам өрт кезінде қаза тауып, 250-ге жуығы түрлі жарақат алған. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда күніне орта есеппен 30 өрт оқиғасы тіркеледі. Басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында. Жылыту маусымы басталды, өрттен қалай сақтанбақ керек? Әріптесім Эльмира Кәленова тарқатады. Жылыту маусымы басталғалы өрт сөндірушілер қауіпсіздік шараларын күшейтті. Петропавл қаласында жеке секторда орналасқан баспаналардың біріне бардық. Екі бала ата-анасының қайда кеткенін түсіндіре алмады. Пештің жанында тұрған газ баллоны үй иелерінің қауіпсіздік шараларына мән бермейтінін аңғартты. Думан Ділдәбаев, Петропавл қалалық ТЖБ бастығының орынбасары: Статистикаға сүйенсек, осы өрттің басым бөлігі осындай тұрғын үй секторында пайда болады. Басты себептері…

Толығырақ

Жамбыл облысындағы «Қордай» ветеринариялық бақылау бекетінде қажетті ілеспе құжатсыз Қырғыз Республикасының аумағынан ел аумағына бір тонна сүт өнімін әкелуге тырысқан автокөлік ұсталды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, мұны мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құжаттамалық бақылау процесінде анықтаған. Жүргізушілерге айыппұл салынып, жүктер жөнелту пунктіне қайтарылды. 2024 жылдың басынан бастап шекараның Қазақстан-Қырғыз бекетінде ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауына байланысты анықталған құқық бұзушылықтар туралы 77 акт жасалды. Әкімшілік айыппұлдар 3,2 млн теңгеден асты. «Қордай» БКП-да 50 әкімшілік материал ресімделді, 2,2 млн теңге айыппұл өндірілді.

Толығырақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысшы мамандықтар бойынша қызметке тұрған жастарды әскерден босатуды ұсынып отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. Министр Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде кәсіби-техникалық білім алған жастардың көбісін әскерге алып кетеді. «Сол кезде 19 жасқа келеді ғой. Оларды бірден әскерге алып кетеді. Біз ол балаларды әскерге алмай, жұмысқ тұрғызып, біліктілігін көтеру қажет деп отырмыз. Сосын оларға әскери кафедра ашып, әскерден босату керек. Бірақ кәсіби-техникалық білім алған жастар шақырған жерге барып, жұмыс істеуі керек. Бізде осындай ұсыныстар бар», — деді Жақыпова мәжілісте өткен үкімет сағатында. Айта кетері, Қазақстан президенті келесі жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Осы уақыт…

Толығырақ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова кредитті кешіру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазіргі кезде банктер мен микроқаржы ұйымдарына әлеуметтік осал топтар бойынша жаңа талаптар қойылды. Оған сәйкес, алдымен проблемалық қарызды реттеу жоспары жасалуы шарт. «Сол жоспарда әлеуметтік осал топтарға қатысты нақты талап бар. Олардың несие мерзімі бірнеше жылға кешіктірілсе, кредит төлеуге жағдайы болмаса, қарыз толығымен немесе бір бөлігі есептен шығарылуы қажет. Осындай талап қойдық. Жыл басынан бері 44 мың адамның қарызы кешірілді. Қаржы ұйымдары өз ақшасынан есептен шығарды», — деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте. Оның айтуынша, 1 млн 400 мың қарызды реттеу жоспарына кіреді…

Толығырақ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қатысты қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Барменқұловтың сөзінше, баспасөз конференциясында қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келек еткен бас бапкерге айыппұл салынғанын алға тартты. Қателіктер бар, біз бұл туралы тілшілермен де сөйлестік. Черчесовтің әзілі шектен шықты. Өз басым онымен сөйлесіп, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызы туралы түсіндірдім. Онымен әңгімелесу жүргізілді. Оған айыппұл салынды, — деді Барменқұлов. Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы видео тарады. Туризм және спорт министрлігі бұл жағдайға бейжай қарамай, Қазақстан футбол федерациясына ресми хат…

Толығырақ

Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Aikyn.kz сілтеме жасап. Сондай-ақ, Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған еді.

Толығырақ