- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Бүгінгі күні Түркістан облысында Білім саласының 123 қызметкеріне қатысты 7 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Оның ішінде 5 іспен процеске қатысушы тұлғалар танысуда, ал Сауран және Созақ ауданы білім бөлімдерінің қызметкерлеріне қатысты 2 іс облыс прокуратурасымен сотқа жіберілді. «Тергеп-тексеру барысында күдікті тұлғалардан мемлекетке 1,5 млрд теңге залал өндірілді және олардың қылмыстық жолмен табылған 2,9 млрд теңге мүліктеріне тыйым салынды», — делінген Түркістан облысының прокуратурасы хабарламасында.
Жыл басынан бері қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңгеге зейнетақы төленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ҚР Еңбек министрлігі елдегі зейнеткерлер саны мен зейнетақының орташа мөлшері туралы дәстүрлі шолу жасады. 2024 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесідей ақпарат берді. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 803 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 882,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 920,2 млрд теңге қарастырылды. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 413 мың адам. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері…
Түркістан облысында 30 жыл отасқан күйеуін қылқындырып өлтірген әйел сотталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты El.kz ақпарат агенттігіне сүйеніп. 50 жастағы сотталушының сөзінше, ол бұл әрекетке ішкілікке салынған жұбайы тарапынан болған зорлық-зомбылық әрекеттерінен шаршағандықтан барған. Сотталушы жұбайының мас күйінде үйіндегі баспалдақта отырғанын көріп, оған жақындап, кардиганның белбеуін шешіп, оны жұбайының мойнына кигізіп, екі бағытқа қарай тартқан. Нәтижесінде, жұбайы оқиға орнында қаза болған, — дейді облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Сәкен Тұрғынбаев. Сотталушы мен марқұмның ортақ төрт баласы бар. Төртінші баласы шақалақ кезінде, күйеуі ішіп келіп, бала жатқан кереуетті төңкеріп тастаған. Соның салдарынан баланың оң жақ бөлігі жарақат алып, дамымай қалған.…
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мемлекет 40 миллиард теңге қарыз, деп хабарлайды Баймедиа.кз Бұл соманың көлемі күн сайын өсіп жатыр. Шаруарлар 24 пайызбен алған кредиттің үстемақысының 17 пайызын мемлекет субсидиялауы тиіс. Алайда олар сол 24 пайызбен толық өтеп жатыр. Қиналған фермерлер «ҚазАгроҚаржы» корпорациясынан лизингке алған техникаларын қайтарып беруге мәжбүрміз дейді. Немесе мемлекет субсидияны толық өтеп болғанша банктерден алған кредиттерінің үстемақысын «қатырып» қоюды, яғни тоқтата тұруды сұрайды. Ал ауыл шаруашылығы саласының шенеуніктері Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша «барлық қарыздар өтеледі» деп уәде беруден жаңылар емес. Анастасия Кудрина, облыстық Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы: Уәде беріп жатыр. Алайда, әзірге не министрлік, не ауыл шаруашылығы…
Fingramota.kz Pay Day Loan (PDL) қарыздарын немесе «жалақыға дейінгі кредиттер» деп аталатын қарыздарды беру талаптарындағы өзгерістер туралы айтып береді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нормативтік акті қабылдады, оған сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібіне және шартты және оның бірінші бетін ресімдеуге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. «Жалақыға дейінгі» кредиттердің клиенттері кім және ол қалай жұмыс істейді? PDL-микрокредиттер бүкіл әлемде, дамыған және дамушы елдерде жұмыс істейді. Олар шұғыл қажеттіліктерге қаражат жетіспеген, қысқа мерзімге аз ақша қажет болған, бірақ достар мен туыстардан қарызға ақша алғыңыз келмеген кезде алынады. Мұндай кредиттерді ресми түрде жалақы алатындар пайдалана бермейді. Бұған өз кірістерін заңдастыра…
Келінін балағаттаған Қызылорда облысының тұрғыны 10 тәулікке қамалып, оған ішімдік ішуге тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Соттың мәлімдеуінше, әйел мас болып келіп, үйде айғай шығарып, келініне бейәдеп сөздер айтқан. Осылайша отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамдарға құрметсіздік көрсеткен. “Бұған дейін 2024 жылы 11 сәуірде дәл осындай әрекеті үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ескерту жазасы тағайындалды. Алайда бұз ісінен нәтиже шығарудың орнына тағы да құқық бұзушылық әрекет жасаған”, – деп мәлімдеді сот. Жәбірленуші соттан енесіне шара қолдануды сұрады. Себебі мұндай жағдайлар жиі болып тұратын көрінеді. “Құқық бұзушының әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі іс материалдарымен және оның мойындауымен дәлелденді. Сот қаулысымен айыпталушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің…
Астаналық әйел 19 жастағы ұлын төрт бала қинап, тоғызыншы қабаттан лақтырып жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның сөзінше, елімізде заң жоқ. Бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар қалмайды дейді әйел. “4 баласы бар анамын. Шырылдап, әділдік іздеп отырмын. Ұлым ішпейді, шекпейді, академияда оқиды. Күдіктілер “өзі ішті” деп жаланы марқұм ұлыма жаппақ. Заң қайда? Менің жанайқайымды естіп отырған ешкім жоқ. Құзырлы органдар кінәлілердің жазасын заңды түрде бергенін қалаймын. Қылмыс бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар мүлдем қалмайды”, – дейді марқұмның анасы. “Осы жылдың 13 қазанында тіршілік белгісі жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін марқұмның жеке басы анықталды.…
Атырау қалалық емхананың бас бухгалтері қызмет бабын асыра пайдаланып, пайдакүнемдік ниетте 573 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бас есепші 573 миллион теңгені 2012-2023 жылдар аралығында иемденіп, банктердегі өз есеп-шоттарына аударып келген. “Қылмыстық жолмен алынған қаражатты аудару түрінде мәмілелер жасасу арқылы заңдастырған. Емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 миллион теңгені өтеген”, – делінген хабарламада. Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өз ісіне өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұрады. Сотталушының кінәсін ішінара мойындап, өз ісіне өкінгенін, кішкентай балаларының бары және келтірілген зиянды ішінара өтегені ескерілді. Істі қарау барысында ауырлататын мән-жайлар анықталмады. “Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі…
13 қазан күні 19 жастағы жігіттің денесі көпқабатты тұрғын үй терезесінің түбінен табылды. 14 қазан күні марқұмның анасының ұлын әлде біреулердің өлтіріп кеткенін айтқан видеосы тарады. Ол ұлының өліміне 4 адамның қатысы барын айтады. Сондай-ақ олардың билікте танысы барын айтқан ана күдіктілер жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорқады. Астана полиция департаменті 19 жастағы жігіттің мәйіті табылғанын растап, оған қатысты қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеген еді. “Алдын ала мәлімет бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған. Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелі мен мәлімдемелері мұқият тексеріледі”, – деп мәлімдеді ведомство.
Кеше Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінен 18 сарбаз әскери госпитальға жатқызылды. Оның ішінде біреуі қазір облыстық ауруханада ем алып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлады. 18404 әскери бөлімінен госпитальға жатқызылғандардың бәрі жуырда ғана әскер сапына алынған жастар. Олардың ешқайсысы әлі әскери ант қабылдап үлгермеген. Климаттың ауысуы мен күннің салқындауы, әрі әскер режиміне енді үйренісіп келе жатқан жас сарбаздардың жаппай суық тиюмен ауруы қалыпты дейді Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жанат Сембаев. Талдықорған қалалық әскери госпитальі бастығының медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары Бавомурат Ташпулатовтың айтуынша 2 сарбаз пневмония, 7 еуі бронхит, 8 і ОРЗ диагнозымен жатыр. Ал, Жетісу облыстық ауруханасына жатқызылған бір сарбаздың жағдайы…