Автор: bukebay.dina

Алаяқтар қазақстандықтарға «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің атынан қоңырау шалуда, деп жазады Баймедиа.кз сайты inbusiness.kz ке сілтеме жасап. Олар айыппұл төлеу және басқа да қиындықтар туындамас үшін жеке қабылдауға келу үшін онлайн кезекке тұруды ұсынады. Осыдан кейін жәбірленушінің телефонына келетін кодты сұрайды. Осылайша, банк карталарынан қаражат ұрланады. Ескерту «БЖЗҚ» АҚ әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында жарияланды. «Соңғы уақытта алаяқтардың БЖЗҚ қызметкерлері кейіпінде азаматтарға қоңырау шалып, алаңдатарлық жаңалықтарды хабарлау жағдайлары жиілеп кетті. Мысалы, олар азаматтың жарналарды төлемейтіндігі анықталғаннан кейін оның шотының бұғатталатындығына сендіріп бағады. Мәселені шешу және айыппұлдарды болдырмау үшін «жеке қызмет көрсетуге кезекті онлайн түрінде брондауды» ұсынады. Қоңырау шалу кезінде алаяқтар кезекке онлайн…

Толығырақ

Күн жүйесінде болған тағы бір жарылыстан кейін Жерге қуатты магниттік дауыл жақындап келеді. Ресей Ғылым академиясының Күн астрономиясы зертханасы қазақстандықтар оның салдарын 11 және 12 қазан күндері сезінуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Плазманың үлкен бөлінуі 9 қазан күні таңертең тіркелген. Бұл бөліну тура Күн мен Жердің аралығындағы сызық бойымен болған. Ғалымдардың пікірінше, бұл алдағы уақытта одан да үлкен жарылыстың хабаршысы болуы мүмкін. Ерекше сәт – жарылыстың болған жері. Жарылыс Күннің солтүстік бөлігінде, шамамен 10 күн бұрын пайда болған үлкен дақта болды. Бұған дейінгі жарылыс рекордтық деуге келмейді. Алайда бастамасы қиын. Ғалымдардың айтуынша, бұл…

Толығырақ

Жылдың басты жаңалығына айналған референдум нәтижесінде АЭС салуды қолдайтындар мен қолдамайтындар таразының басында тең түсті ме? Халқымыз өз болашағы үшін таңдау жасауда қаншалықты белсенді болды? EXIT-POLL мәліметіне сәйкес дауыс берушілердің 72,3 % атом электр станциясының салынуын қолдайтыны белгілі болды. Елімізде дауыс беру құқығына ие 12 224 683 адам болса, оның тек 7 820 918-і дауыс беруге келген. Президенттің соңғы Жолдауында талқыға түскеннен бері Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы АЭС салудың салдары мен себептеріне тоқталып, экологиялық оң шешім екенін кәсіби мамандар арқылы халық арасына кеңінен таратуға атсалысқаны жасырын емес. Референдум алдында партия барлық филиал қызметкерлерімен бірге 100-ден аса түрлі іс-шара өткізіп, экологиялық сауатты ашу мақсатында сұрақтарға…

Толығырақ

Қазақстан президенті АЭС туралы пікір білдірді. «Азаматтар қолдап дауыс берген жағдайда, бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі жобаға айналады» деді ол. Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі қайғылы оқиғаларға да тоқталды. Ол осы салаға жауапты министрлерге тапсырма беретінін айтты. Қазақстан президенті форум барысында балалар қауіпсіздігі тақырыбына да тоқталды. «Әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін» деді ол.

Толығырақ

АҚШ Израильдің Иранға қарсы соққысын қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Израиль Иранның зымырандық шабуылына жауап беру мәселесі бойынша консультациялар өткізді. АҚШ Иранға қарсы «Үлкен жетілік» елдерімен бірлесіп енгізу жоспарланған жаңа санкцияларға назар аудара отырып, Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауды жоққа шығарды. «Жауап – жоқ», — деді Байден тілшілерге бұл перспективаны қолдау-қолдамау туралы сұраққа. Израильдің Иран зымырандық шабуылына жауап беруге құқығы бар екені хабарланды. «Байден мен G7 Иранның Израильге жасаған шабуылын сөзсіз айыптады. Президент Байден Құрама Штаттардың Израиль мен оның халқына ынтымақтастығы мен қолдауын білдірді және Құрама Штаттардың Израильдің қауіпсіздігіне деген мызғымас адалдығын растады», — делінген Ақ үй мәлімдемесінде.…

Толығырақ

Мемлекет басшысы қоғам ішінде сынап, пікір айтатын белсенділерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.  Президент Тоқаев бүгінгі баяндамасында түрлі мәселелерді қозғады. «Қоғамның әкімдерге қоятын талабы қашан да жоғары. Бұл – заңды құбылыс. Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау – демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе. Бірақ сынағанның жөні осы екен деп, тым артық кететін әсіре белсенділер де бар. Өзін блогер санайтын кейбір адамдар әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырған. Жұмысқа кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әрине, ауыл, аудан немесе қала тұрғындары болсын, барлығы жайлы өмір сүргісі келеді. Азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау – әкімге де, жергілікті мәслихаттарға да ортақ…

Толығырақ

Қырғызстан президенті елдегі долларлық миллиардер мен миллионер туралы айтты, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.  Ел президенті «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында миллионерлердің көпшілігі ақшасын шетелде сақтайтынын атап өтті. «Ол үшін біз заңдастыру туралы заң қабылдадық. Бірақ олар осы уақытқа дейін ақшасын елге толық қайтарған жоқ. Қаражатты жартылай қайтарып, құрылыс саласына салып жатқандар да бар», — деді Жапаров. Президент экономика мен мемлекетке пайда әкелетін жобаларды қолдауға уәде беріп, ауқатты адамдарды Қырғызстанға инвестиция салуға да шақырды. Дәлірек айтсақ, Жапаров Тамшы әуежайына қарсы қонақүйлер салуды ұсынды. «Елде тоғыз қонақүй салу жоспарлануда. Біріншісінің құрылысы басталып та кетті. Қонақүйді екі жылдан кейін пайдалануға беруді талап еттім.…

Толығырақ

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған Аламан бәйге де өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жүйріктер 25 шақырымдық қашықтыққа шапқан Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат ғана жарыс алаңында шабуын тоқтатпады. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» есімді қазақ жүйрігі кесті. 1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан). 2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан). 3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).

Толығырақ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды пайдаланудың 2024 жылдың 8 айындағы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Оған сәйкес, президенттік бағдарламаны іске асыру аясында, 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ өз жинағын алу туралы 21 933 баланың өтінішін орындады. Оларға жалпы сомасы шамамен 2,2 миллон доллар берілген. «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты АҚШ долларында сақталатыны мәлім. Қор аталған қаражатты өтініш берушілердің банктік шоттарына аударуы үшін уәкілетті операторларға – екінші деңгейлі банктерге жолдады. Оның ішінде 12 487 өтініш иесі жүз доллардай ақшасын тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында пайдаланған. Оларға 1,3 миллион долларға жуық сома…

Толығырақ

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын жеңіп, алтыннан жүлде тақты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын айтты. Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан «Көкпар» мен «Көк бөрідегі» жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген: 1 орын үшін — 10 миллион теңге; 2 орын үшін — 6 миллион теңге; 3 орын үшін — 4 миллион теңге. Бұдан бөлек, «Көк бөрі» республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген: «Көкпар» бойынша бірінші орын алған әр…

Толығырақ