- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданудағы шаралар туралы ҰҚК есеп берді, деп хабарлайды Баймедиа.кз BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Тамыз айында ҰҚК материалдарының негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды. Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде. Жалпы жыл басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.…
Бүгін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты жабылуы болады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Ұйымдастырушылар бюджеттің қысқартылуына байланысты салтанатты шара хаттамалық форматта көрерменсіз өтетінін хабарлады. Оған тек спортшылар қатысады. Сондықтан билеттердің сатылмайтынын және кез келген ұсыныстың алаяқтық екенін ескертеді. Ал көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі сағат 16:00-де Ұлттық арнада тікелей эфирде көрсетіледі.
Күзетшіні өлтірген ер адамның жындыханаға түскені белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Аталмыш жағдайға қатысты прокуратура пікір білдірді. «Алматы қаласындағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі күзетішінің өліміне қатысты іс тоқтағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде тарап кетті. Биыл наурыз айынан бастап күдіктіге қатысты ікісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеп-тексеріліп жатқанын түсіндіреміз. Сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысының негізінде, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 511-бабы 2-бөлігі 2) тармағына сәйкес күдікті психитриялық көмек көрсететін, арнайы медициналық ұйымда жатыр», — деп хабарлады прокуратура. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкбөріден Қазақстан құрамасы финалға шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Түркия командасымен ойнап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 15:1. Қазақстанның финалдағы қарсыласы Қырғызстан – Ресей ойынынан кейін анықталады. Финалдық бәсеке ертең, 12 қыркүйекте 16:30-да басталады. Көк бөрі – қырғыз халқының ұлттық ат спорты. Ойын ережесі бойынша, серкені жерден алып үлгерген шабандоз оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек. Осыған дейін көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Ресей командасын жеңіп, Көшпенділер ойындарының финалына өткен еді. Енді қазақ көкпаршылары ертең қырғыз спортшыларымен алтынға таласады. Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 13 қыркүйекке дейін…
Жамбы атудың мажар, азия, түркі және жамбы стилдері бойынша сайыстар аяқталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Sportqazaq жазуынша, көшпелілер ойындарында жамбы ату ұлттық спорт түрі бойынша жеңіске жеткен 3 оғланға демеушілер құнды сыйлықтар тарту еткен: Алтын және күміс алған Батыр Бексауытқа – бір бөлмелі пәтер; Алтын және қола еншілеген Ералхан Айкөзге – автокөлік; Күміске қол жеткізген Айтбек Сарыбайға – 5 миллион теңге. Сонымен қатар жамбы атудан құрама бас бапкеріне де темір тұлпар сыйға беріледі.
Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама спортшылары жекелей сында екі алтын, бір күміс, бір қола және командалық есепте алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Думан» қонақ үй және спорт кешенінде өткен жарыста әйелдер арасында Мөлдір Серікқызы – алтын, Аңсаған Қожанәсіп күміс жүлде еншіледі. Ал ерлер арасында Бексұлтан Бостандықов – алтын, Ерсұлтан Әуелбай қола жүлде алды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орын алып, Көшпенділер ойындарының тағы бір алтын жүлдесіне ие болды. Екінші орында – Қырғызстан, үшінші орында – Ресей және Моңғолия.
Көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Көкпаршылар Ресей командасын 18-2 есебімен жеңіп, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалына жолдама алды. Финалда Қазақстан Қырғызстан-Түркия кездесуінде жеңіске жеткен командамен алтын жүлдені сарапқа салады. «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне тоғыз мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жайында шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Солардың бірі – «Euronews» телеарнасы. Оның сайтында жарияланған мақалада: «Спорттық шараға қатысып жатқан елдердің географиясы сан алуан. Оған көшпенділер дәстүріне қатысы жоқ мемлекеттердің өкілдері де жиналған. Мысалы, Австралиядан бастап Канадаға дейінгі, Оңтүстік Африкадан бастап Ұлыбританияға дейінгі аралықта орналасқан елдердің спортшылары бақ сынауда. Бұл ойындардың ауқымы кеңейіп жатқанын көрсетеді», — делінген. Ал Еуропаның «Modern Diplomacy» немесе «Заманауи дипломатия» алаңы елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекені достық пен бейбітшілік мерекесі деп сипаттайды. «89 елден келген 2 жарым мыңға жуық спортшы мен мыңдаған мейманның басын қосқан бұл шара…
Өзбекстанда АЭС құрылысшыларына арналған қалашық салына бастады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл — станса орналасатын аумақты кешенді дамытудың алғашқы қадамы. Ал АЭС -тің құрылысы жуық арада басталады. «Узатом»-ның құрылыс дирекциясы мен «Росатом»-ға қарасты «Атомстройэкспорт» басшылығы тиісті хаттамаға қол қойды. Енді жобалық құжаттар әзірленіп, құрылыс алаңында лицензиялау жұмыстарын жүргізу қолға алынады. Тараптардың реттеуші және қаржылық міндеттемелері айқындалды. Өзбекстанда қуаты 330 МВт болатын атом электр стансасын салу бойынша келісім мамырда Ресей президенті Владимир Путиннің Ташкентке сапары аясында жасалған. Бұл елде энергиялық ресурстарға сұраныс еселеп артып барады. Ал жүйенің тұрақтылығы мен экономиканың дамуы үшін тың энергия көзі қажет.
Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен мемлекеттік басқару салаларын ілгерілету арқасында ең жоғары рейтингке қол жеткізді, деп хабарлайды Баймедиа.кз Антикорға сілтеме жасап. Moody’s Мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы ілгерілеуді атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, іске асырылып жатқан реформалар саяси тұрақтылыққа, азаматтық белсенділікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың ашықтығына оң әсер етіп жатыр, — деп хабарламада көрсетілген. Бағалаудың жоғары рейтингі “Тұрақты” болжамымен Moody’s — Baa1 халықаралық рейтинг агенттігінің шкаласы бойынша алынды. Негізгі прогресс мемлекеттік басқарудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында, Қазақстанның сенімді қаржылық көрсеткіштерінде, Үкіметтің бюджет тапшылығын ЖІӨ-нің 2,5-3% деңгейінде ұстап тұрған салиқалы саясатында, ҚР экономикасының құрылымындағы мұнайдан бөлек…