- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Қаскүнем үш ай бойы дүкеннен жалпы сомасы 4 миллион 370 мың теңге көлемінде тұратын тауарды иемденіп үлгерген, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай дүкен әкімшісі тауардың жетіспейтіндігін біліп, бірден полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап. Тергеу барысында полицейлер әйелдің жарты жылдай уақыт елордалық ірі супермаркеттердің бірінде касса қызметкері болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып, өзінің жақын туыстарына кассадан тауарлардың көбісін тегін өткізген. «Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да…
Солтүстік Қазақстан облысында бір күнде екі отбасы иіс тиіп уланды. Ол туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өрт сөндірушілер баяндады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Биыл жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 268 өрт тіркелді. Оның салдарынан 17 адам көз жұмды. 31 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Тілсіз жаудан зардап шеккендердің бесеуі бала. Сонымен қатар, жыл басынан иіс тиіп уланудың 18 фактісі тіркелді. Өкінішке қарай, одан үш адам қайтыс болды. Тоғызыншы қыркүйекте облыс аумағында екі иіс тиіп улану фактісі тіркелді. «Тоғызыншы қыркүйекте иіс тиіп уланудың екі фактісі белгілі болды. Бірі Петропавл қаласында орын алды. Воровской көшесінде тұратын отбасы таңертең бас аурына шағымданым…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақ пен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды Баймедиа.кз inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Биылғы шілде-тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана және Щучье қалаларында атыс қаруы мен оқ-дәрінің заңсыз айналымына қатысы бар бір топ адамның заңға қайшы әрекетінің жолын кесті. Астанада жүргізілген тінту барысында қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинскіде — 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі алынды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жалпы жылдың басынан ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп қарудың заңсыз айналымының 13 арнасын, сондай-ақ оны жасырын жасайтын 2 цехты жойды. 41…
ҚМА Астана Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловтың ұсталғанын растады, — деп хабарлайды Баймедиа.кз. ҚМА Астананың «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы мен мердігер ұйым өкілдеріне қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. «2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» («Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы») субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасалған. Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған», — делінген хабарламада. Құрылыс барысында техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін сапасыз материалдар қолданылған. Нәтижесінде аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемей, қазіргі таңда апатты жағдайда тұр. «Ұрланған қаражаттың көлемі…
Елімізде міндетті әскери қызметті алып тастауды талап ететін петиция жарияланды. Әзірге құжатқа 50 қазақстандық қол қойған, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Петиция бүгін, яғни 9 қыркүйек күні epetition.kz сайтында жарияланған. Құжат авторлары, соңғы кездері әскери салада болып жатқан қайғылы оқиғалар мұндағы олқылықтардың барын көрсетеді дейді. «Әскердегі қайғылы оқиғалардың негізгі себептерінің бірі — әлімжеттік. Сарбаздарға қысым жиі көрсетіледі. Ал жас жігіттер мұндайға психологиялық тұрғыдан дайын емес. Сонықтан соңы қайғылы аяқталып жатады. Оның үстіне сарбаздар әскерге тиісті дайындықсыз барады. Ал қазіргі уақытта әскерге жақсы дайындалған, кәсіби мамандар қажет», — делінген петицияда. Петиция авторлары әскердегі медициналық бақылау мен қауіпсіздік мәселесі де ақсап тұрғандығын алға тартады. Оның үстіне жас жігіттердің…
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы көш бастады. Әзірге ел қоржынында 14 алтын, 3 күміс, 8 қола медаль бар, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Қазақ күресінен қатысқан 8 спортшының барлығы алтын медаль алды. Ал жамбы атудан үш орынды да ұлттық құрама спортшылары иеленді. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өткен жамбы ату спортының Азия стилінен жүлделі үш орынды да қазақстандық спортшылар жеңіп алды. Батыр Бексауыт – алтынға, Айтбек Сарыбай күміс жүлдеге ие болса, қола медальді Ералхан Айкөз еншіледі», — деп жазады ұйымдастырушылар. Дүниежүзілік ойындарда дәстүрлі садақ атудан әйелдер арасында Айкөркем Батихан қола жүлдеге ие болды. Ал ерлер арасында қос бірдей…
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Астанадағы кешенді жарыстың алғашқы алтын жүлдесін Франция өкілі Рафаэль Малет иеленді. Күміс жүлдені Моңғолия мергені Алтануяг Нэргүй алса, Францияның тағы бір спортшысы Гаэтан Бло қоланы қанағат тұтты. Қазақстан ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестік қатарына енді.
9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан сынға түсіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының үш бірдей спортшысы финалға өтті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Аударыспақ ипподром маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Жарысқа 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. Қазақстан намысын қорғап жатқан Ермек Құралбай (60 келі), Алмат Ләтіпбек (70 келі), Дарын Өткелбай (80 келі) финалға шықты. «Жақсы дайындықпен келдік. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 келіде чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деген үміттемін», – деді аударыспақтан ұлттық құрама спортшысы Ермек Құралбай. Айта кетейік, 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә,…
9 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен ұлттық құраманың сегіз бірдей спортшысы финалға шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан бәсекеде бүгін спортшылар төрт салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Ерлер: Бекжан Төлепов (55 келі); Мейіржан Берекетов (60 келі); Дидар Тугушев (66 келі); Жұмажан Қожамбеков (74 келі) Әйелдер: Айжан Жылқыбаева (48 келі); Назерке Азаматова (52 келі); Рауза Нұрмұхамметова (56 кг); Бақыт Құсақбаева (60 келі). 10 қыркүйекте ерлер мен әйелдер қалған төрт салмақта күреседі. Көшпенділер ойындарына қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысады. Аталмыш спорт түрінен ерлер мен әйелдердің әрқайсы 8 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Көшпенділер ойындарының тағы бір спорты — садақ ату. «Арғымақ» ат-спорт кешенінде дәстүрлі садақ ату сайысы бойынша 33 мемлекеттен 183 спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Қазақстан құрамасы сапынан 10 спортшы қатысады. Жарыс үш түрлі нысана негізінде өткізіледі. Олар – Пута нысанасы 70/60 метр (9 оқтан 7 мүмкіндік), Қалқан нысанасы 60/50 метр (7 оқтан 7 мүмкіндік), Жамбы нысанасы 30 метр (5 оқтан 5 мүмкіндік) және командалық жарыс (30 метр). Айта кетейік, қазір аталмыш спорт түрінен әйелдер арасында сайыс өтуде