- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Көкпар сайысының алғашқы ойынын аяқтаған Қазақстан құрамасының капитаны, көкпаршы Құрманбек Тұрғанбекпен сұқбаттасқан едік. – Алғашқы ойын қалай өтті? – Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойынын бастадық. Көкпар сайысының алғашқы ойынында Өзбекстан командасына қарсылас болдық. Есеп 16:0 болды. Аттарымыздың бабы жақсы, дайындығымыз да жақсы. Бұйыртса, финалдан бой көрсетеміз деген ойдамыз. Еліміздің көк туын көкке көтеруге дайынбыз! – Басты қарсылас кімдер? – Басты қарсыласымыз айырқалпақты ағайындар – қырғыз елі. Өз жерімізде өтіп жатқан байрақты бәсекеде бар күшімізді салып, жеңісті бермеуге тырысамыз. – Бүгінгі ойында өзбектер неге сылбыр болды? – Бірден бір себеп – өз аттарымен қатыспауында. Ойын Қазақстанда өтіп жатқандықтан біздің елдің аттарымен ғана…
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар сайысының алғашқы ойынында Қазақстан мен Өзбекстан құрама командалары тартысты ойын көрсетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Көкпардың алғашқы ойынында Қазақстан спортшылары 16:0 есебімен Өзбекстан құрамасынан басым түсті. Алаңда қарсылас болғанымен өмірде дос, көрші болған екі ел спортшылары да ойын соңында бір-біріне құрмет көрсетті. Келесі ойын Ресей және Қытай көкпаршыларының арасында өтпек.
Асық атудан жеребе тартылып, 12 елден келген 39 спортшының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Туризм және спорт министрлігінен мәлім болғандай, асық ату (асық ату, бес асық) спорты бойынша бүгін (іріктеу кезеңі) сағат 10:00-18:00 Нұрқисса Молжігітов, Жомарт Нұрланов, Керім Жаздықбай, Амандос Айтқұлов, Перизат Елемес, Камила Даниярова, Сәния Әскер, Көгершін Думан (барлығы 8 спортшы) «Алау» мұз айдыны сарайында ел намысын қорғайды. Асық ату бойынша финалдық ойындар 11 қыркүйекке жоспарланған.
Бас прокуратура Шығыс Қазақстан облысында әкімдік қызметкерлері заңсыз 78 келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Қадағалау органы әкімдіктердің «төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін» тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді бір көзден сатып алғанын анықтады. Алайда бұл уақытта аймақта төтенше жағдай жарияланған жоқ. Прокурорлар барлығы 1,4 миллиард теңгеге заңсыз жасалған 78 шартты анықтады. «Атап айтқанда, әкімдіктер қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен қар тазалау, әкімшілік ғимараттарды жөндеу, мұздан тазарту реагенттерін сатып алу бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды, әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада. Қазірдің өзінде 14 миллион теңге айыппұл төленген.
Оралда әйел жылжымайтын мүлік арқылы табыс тауып, Дубайдан пәтер алуды үйретеміз деген курсқа қатысып, еш нәтиже көрмегендіктен өзін оқытқандарды сотқа берді, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты “Мой город” порталына сілтеме жасап хабарлайды. Әйел 2023 жылы жылжымайтын мүлікті сатудан табыс табуды үйрететін ЖШС-мен шарт жасасқан. Оқу үшін әйел 1,6 миллион теңге төлеген. Кейін ЖШС ұсынысы бойынша ол Дубайда бір бөлмелі пәтер сатып алу үшін БАӘ-ге 18 мың дирхам (шамамен 2,3 миллион теңге) және 40 мың дирхам (шамамен 5,2 миллион теңге) аударған. Шарт бойынша бір жыл ішінде ол курста алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, 1,6 миллион теңгені табуға, сондай-ақ жобалардан инвестициялық пайда алуға тиіс…
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында уланған оқушылардың саны 300-ге жетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Қазір 222 бала үйде ем алып жатыр, 67 бала ауруханада, оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. 1-4-сынып оқушыларының мектап асханасынан не жегені анықталып жатыр. Шенеуніктердің мәлімдеуінше, мектепте мәзір күнделікті жаңарып отырады. Мектепке тамақ беретін компания әзірге белгісіз. Зерттеу нәтижесі үш-бес күнде дайын болады. Облыс әкімі жағдайды жеке бақылауына алды. Еске салайық, Маңғыстау облысында Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте оқушылар жаппай тамақтан уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, мектеп асханасына барған 1-4-сынып оқушылары зардап шекті.
Жамбыл облысына қарасты Отар ауылындағы әскери бөлімде борышын өтеп, кейін комаға түскен сарбаз Нұржігіт Әбділпат басынан өткен жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Orda News YouTube-каналына сілтеме жасап. Бүгінгі таңда Нұржігіт Әбділпат Қостанайдағы ауруханада емделіп жүр. «Өзімді айтарлықтай жақсы сезінемін», – деді ол. Журналист сарбаздан «Әскерге өз еркімен бардың ба?» деп сұрады. «Әскерге бару менің өз қалауым болатын. Қашықтан оқығандықтан, уақыт босқа өтпесін деп әскерге барамын деп шештім. Бірдеңе үйренгім келді», – деп жалғастырды ол. Нұржігіт Әбділпат оған күш қолданған адамның рота сержанты болғанын еске алды. «Ол рота сержанты болды, аты – Дастан. Өзі ашушаң еді. Онымен ешкім…
АҚШ президентінің ұлы Хантер Байден салықтан жалтару ісінде барлық пункттер бойынша күтпеген жерден кінәсін мойындады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Осылайша ол көпшілік алдындағы сот процесінен құтылды. Бірақ кіші Байден 15 жылға дейін сотталып, миллион доллар айыппұл төлеуі мүмкін. Мұны судья Марк Скарси мәлімдеді. Скарси үкімнің желтоқсанның 16-да жарияланатынын хабарлады. Айта кетсек, Хантер Байденге 2016-2019 жылдары 1,4 миллион доллар салық төлемеді деген айып тағылып отыр.
Атбасар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерінің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан үйдің кіреберісінде өрт шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 19 адам оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Өрт 10 минут ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары «Восход Хром» ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған. Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, 3 валентті хром, магний оксиді және т.б.), сондай-ақ жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды. Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды. Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды…