Автор: bukebay.dina

Жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан 1300-ден астам адам қаза болып, 16 мыңнан астам азамат зардап шекті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Олардың арасында тұтас отбасылар да бар. Осыған байланысты жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту және интеллектуалдық жүйені енгізу арқылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бұл – жергілікті ғана емес, республикалық жолдарға да қатысты мәселе. Салаға жауапты мекеме автокөліктердің техникалық жағдайына тиісті бақылау жасауы қажет. Жүргізушілерді даярлау деңгейі төмендеп, жүргізуші куәлігін арнайы оқымай-ақ алатын жайттар бар. Үкімет, әкімдер, Ішкі істер министрлігі және депутаттар бұл мәселені назарда ұстауға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ Президент әскерге кеткен сарбаздардың қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев,…

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Әрі біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», — деді президент. Яғни қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануы тиіс. Депутаттар да өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттыра түседі дейді. «Біз үшін бұл өте маңызды. Жұмысшылардың мәртебесін көтеру деген бүкіл еліміздің ертең өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығымызға үлкен әсер беретініне сенеміз» дейді мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров. Сондай-ақ Президент бұдан былай мектептерде және жоғары оқу орындарында…

Толығырақ

Ұялы телефон мен смартфондар оқушылардың біліміне қаншалықты әсер етеді? Мәселен, Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынуда, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Елдің премьер-министрі білім министрімен кездесуден соң жаңа ережені бұқараға жария етті. 11 қыркүйекте, яғни сабақ басталған күннен оқушылар ұялы телефондарын сөмкелерінде ұстауы тиіс. Мектеп қабырғасында телефонды пайдаланғандар бір күн сабақтан шеттетіледі. Ережені бірнеше рет бұзса, бірнеше күн мектепке кіргізілмейді. Сыныптастары мен мұғалімдерді рұқсатсыз бейнетаспаға түсіргендер білім ордасынан қуылады. Биліктегілер осы арқылы кибербуллингпен күресті күшейтпек. «Ұялы телефонды сабақ кезінде пайдалану оқу процесіне кері әсер ететіні, баланың көңілі басқаға ауып кететіні ғылыми дәлелденген. Сондықтан мектепте телефон қажет емес» дейді Грекияның премьер-министрі Кириакос…

Толығырақ

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында айтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты. «Мемлекеттің экономикадағы тікелей үлесі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Мұндай ахуал нарықтағы теңдік шарттарын бұзады, жеке бастамаларға тосқауыл болады. Елімізде мемлекеттік кәсіпорындарды басқару саясаты әлі де тиімсіз екенін мойындаған жөн. Олардың мақсат-міндетін, қызмет аясын, қаржыландыру тәсілдерін және жұмысының басқа да тұстарын тиісті заңдармен реттеу қажет. Сонымен бірге холдингтер мен Үкіметтің арасындағы қаржы мәселелеріне қатысты ұстаным тұрақты әрі жүйелі болуға тиіс. Мен 2022 жылғы Жолдауымда бәрін басынан бастап реттеуді тапсырған едім. Реформаның бірінші кезеңінің өзінде орынсыз әрі қажетсіз 10 мыңнан астам талаптың күші жойылды.…

Толығырақ

Президенттің сөзінше, арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтаған. Егін шаруашылығы саласында да осындай жалған ақпарат тарату  бар екені белгілі болып отыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек, – деді Президент. Тоқаевтың айтуынша, жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы 2 мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтаған. Бұл мәселе қатысты екіұшты…

Толығырақ

Президент жаңа Жолдауында инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу маңызды деп атап өтті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Мемлекет басшысының сөзінше, дүние жүзінде инвестицияға талас өршіп тұрған кезде елге қаржы тарту үшін «дәл осы жерде және дәл қазір» қағидасы бойынша шешім қабылдау – ең қажет шара. Сондықтан Үкімет жанындағы Инвестиция штабына ауқымды құзырет берілді. Бұл қадам металды терең өңдеу, мұнай-газ-көмір химиясы, туризм, энергетика және машина жасау сияқты маңызды салалардағы жобаларды жүзеге асыру қарқынын арттыруға жол ашты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы іске асырылатын жобаларды сапалы әзірлеу қажет. Әсіресе, халықаралық қаржы институттары қатысатын жобаларға баса назар аудару керек, деп…

Толығырақ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласына қатысты жаңа тапсырмалар берді, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Мемлекет басшысының атап өтуінше, былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. “Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн. Үкіметке Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырамын. Бұл – басты міндет. Осы саланы табысты дамыту үшін инвестицияның қайтарымын…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы басталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін. Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді», — деп бастады президент. Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті. «Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар…

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауы басталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз. Табанды еңбектеріңіз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Әлі де атқаратын шаруа көп», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Толығырақ

Электр энергиясына деген сұраныс жыл санап, тіптен күн санап артып келеді. Ал тиісінше су, жел, күн, көмір сияқты энергия көздері электр энергиясының қуатына сәйкес келмейді, тұрақтылықты да қамтамасыз етуге қауқарсыз. Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналып отырған АЭС құрылысының жобасы қоғамда қызу талқыланып, халық назарына іліккеніне де біршама уақыттың жүзі болды. Алғашқы кездегідей емес, қазір қарсылық танытушылар қарасы азайып, қолдаушылар қатары көбейе түскендей. Үкімет тарапынан елімізде атом энергетикасын дамытудың қажетті жағдайлары қарастырылуда. Осы орайда «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен АЭС салудың нәтижесі мен оған тартылатын мамандарды даярлау жөнінде кеңінен талқыланған отырыс өтті. Шараға академик Абай Оразұлы, ғалым Ерлан Қыдырбаев,…

Толығырақ