Автор: bukebay.dina

29 тамызда «Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындары бойынша мұнай келісім-шарттарының шарттарын ашу арқылы Қазақстан экономикасының құрылымын өзгерту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру» және «Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын өзгерту: «Атамекен» ҰКП-ның трансформациясы немесе тарату» тақырыбында үйлестіру кеңесі мен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев өз сөзінде: «Біздің назарымыз ел экономикасында шешуші рөл атқаратын, бірақ сонымен бірге экологиялық және әлеуметтік мәселелерді тудыратын мұнай саласына бағытталған. Талқылаудың негізгі өзегі – еліміздің ірі кен орындары (Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ) бойынша мұнай келісім-шарттарының шарттарын ашу, осы саладан түсетін кірістер құрылымын өзгерту, соның ішінде мұнай мен газды терең өңдеу…

Толығырақ

Жыл сайын Қазақстанда 200 мыңға жуық бала жарақат алады. Оның ішінде 1,2% өмір бойына мүгедек болып қалып жатыр. Мұндай жаға ұстатарлық статистиканы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Соңғы жылдары балалардың терезеден құлау деректері де жиілеп кеткен. Оралда 2 жасар бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Салдарынан бас жарақатын алған. Орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Айбек Ахатов, балалар нейрохирург-дәрігері: — Қыздың шүйде сүйегінің сынығы анықталды. Бүгінгі таңда қыздың жағдайы орташа ауырлықта. Ота жасау керек емес. Консервативті ем алып жатыр. Биыл жарты жылда ел бойынша 223 бөбек терезеден құлап кеткен. Оның 12-сі көз…

Толығырақ

Десе де, елімізде пәтерді жалға алу бағасы күн санап қымбаттап жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Сарапшылар бұған жаңа оқу жылының басталып, баспанаға деген сұраныстың күрт артуы себеп дейді. Баға бір айда 8 пайызға өскен. Яғни, пәтерді жалдау ақысы бірден 20-60 мың теңгеге көтерілді. Қымбатшылық әсіресе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар қалаларында байқалады. Ал Астанада бір бөлмелі үй бағасы 180 мыңнан 200 мыңға, Алматыда 200 мыңнан 230 мыңға өскен.

Толығырақ

Түркияның Мерсин облысында әлемдегі ең үлкен Атом электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Аккую» станциясының негізгі мердігері Ресейдің Росатом компаниясы. 2018 жылы құрылысы басталған нысанның алғашқы реакторы келесі жылы іске қосылуы тиіс. Жалпы АЭС-те әрқайсысы 1200 мегаватт қуат өндіретін 4 реактор болады. Олар 2028 жылы толық қуатында жұмыс істей бастамақ. Түркия энергияны ең көп тұтынатын елдер қатарында. Жылына 60-70 млрд доллардың энергиясын пайдаланады. Алайда оның басым бөлігін шетелден экспорттайды. Сондықтан Атом электр станциясын салу арқылы елдің шетелдік энергияға тәуелділігін азайтпақ. «Аккую» станциясы іске қосылғанда елдің тұтынатын электр энергиясының 10 пайызын өндіреді. Мамандар АЭС таза әрі арзан энергия алудың ең…

Толығырақ

Рудныйда 7 жасар баланың жантүршігерлік өлімінен кейін мердігер компанияның жауапты адамы 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жергілікті полиция сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы ережелерді бұзғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүріп жатыр. Оқыс жағдай екі күн бұрын болған еді. Бала құбыр тартылып жатқан шұңқырға құлап, топырақ астында қалған. Оның денесін құтқарушылар шығарып алды. Қайғылы жағдай болған кезде құрылыс нысанында жұмысшылар болмаған. Баланың ол жерге қалай барғаны әзірге белгісіз. Ерлан Сералин, Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары: Тексеру жүргізіліп тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.Тергеу барысы облыстық ПД басшысының бақылауында.…

Толығырақ

Маңғыстау облысы мен Атырау қаласында емхана басшылары сотталды, – деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Антикорға сілтеме жасап.  Биыл әлеуметтік салада жемқорлыққа қатысты 95 қылмыстық іс тіркеліп, 58 адам әшкереленіп, 34 адам сотталған. Мәселен, Антикор «№2 Жаңаөзен қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры мен бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар мемлекеттік сатып алу шарты аясында медициналық бұйымдарды жеткізбестен, жеке компанияның шотына 10,5 млн теңге аудару арқылы қаржы жымқырды деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен кәсіпорын директоры қамауға алынды. Сондай-ақ, биыл 26 тамызда Атырау қаласының соты №4 Атырау қалалық емханасының директоры Е. Сабировқа, шаруашылық меңгерушісі А. Әлжановаға, бас есепші М. Дүйсенғалиеваға және кәсіпкер…

Толығырақ

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында он жастағы қыз бала көлік ішінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Оқиға аудан орталығының іргесіндегі Дөң ауылында кеше болды. Аулада тұрған ВАЗ маркалы автөкөліктің өртенген сәті көрші үйлердің бірінің бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Бала қайтыс болды. Полицейлер оқиғаны тексеріп жатыр. Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі: Оқиға орын алған кезде ата-аналары үйде болған. Өрттің себептері анықталуда. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.

Толығырақ

Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған деп хабарлайды Баймедиа.кз. Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Мұндай өткелдерде қозғалысты реттейтін бағдаршам жоқ, ал ережеге сәйкес жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруі керек. «Кеше 102-ге Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды», — деп жазылған хабарламада. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

Толығырақ

Егер несиені бірінші рет алып жатпасаңыз, банктен ақша алуыңызға несие тарихы әсер етеді. Яғни олар бұрынғы несие мен қарыздарыңыз бойынша міндеттеріңізді қалай атқарғаныңызға қарайды. Қазіргі таңда Қазақстанда несие тарихына не әсер етеді және оны жақсартуға бола ма? Бұл сұрақтарға кредиттік брокер Дмитрий Колесников жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Брокердің айтуынша, қарыз алушы несие тарихын өз бетінше өзгерте алмайды. Мерзімінен кешіккен қарызды жапқаннан кейін қандай да бір уақыт күту керек. Бұл кезең әр банктің саястына байланысты және ол әдетте 2 жылдан 3 жылға дейінгі уақытты алады. «Несие тарихы мәселесіне басқа жағынан қарау керек және оның нашарлауының себептерін түсіну керек. Негізінен екі…

Толығырақ

Әлеуметтік желіде қазақсандықтың итті машинаға байлап, сүйреген видеосы тарады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Итті көлікке байлап, жерге сүйреген. Ит тұншығып қала жаздады. Ер адамды тоқтатып, итті босатуға мәжбүрледік. Адам емес. «Бастық осылай әкетуге бұйырды» дейді», — деп жазды желідегі видео авторы. Алматы облысының полиция департаменті Қарасай ауданының полицейлері күдіктіні анықтап, ұстағанын хабарлады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы 120 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2024 жылы 443 мың теңге) айыппұл түрінде не түзеу жұмыстары түрінде, не қоғамдық жұмыстар түрінде 120 сағатқа дейінгі мерзімге не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түрінде жаза көздейді.

Толығырақ