Автор: bukebay.dina

Мұнайшы Әсет Әженовтің жұмыссыз жүргеніне 1 жыл екі айдан асқан. «Теңізшевройл» компаниясы талмасы ұстаған қызын құтқарамын деп 7,5 сағатқа жұмыстан қол үзген азаматты бап бойынша қызметінен қуып жіберген, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты Azattyq Rýhy редакциясына сілтеме жасап. Әсет Әженов 40 жаста, Атырау облысы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ол алты баланың әкесі, жұбайы күміс алқа иегері. Бір баласының мүгедектігі барына байланысты қазір Ақтөбе қаласында тұрып жатыр. «Жұбайым мүгедек баланың ресми түрде қараушысы, бала күтімімен отыр. Өзім 20 жыл бойы мұнай саласында қызмет еттім. Соңғы 12 жыл бойы «Теңізшевройл» ЖШС компаниясында жұмыс істедім. Осы жылдар арасында жұмыс тәртібін бұзып, түсініктеме жазып көрмеген адаммын.…

Толығырақ

Қаржы министрлігі «Ашық НҚА» порталында «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын жариялады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Құжатта келесі жылы зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш қалай өзгеретіні жазылған. Заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептiк көрсеткiш 3 932 теңге болады. Қазір бір АЕК 3 692 теңгеге тең. Айта кетері, айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, АЕК өссе, жәрдемақылар мен айыппұлдардың мөлшері де ұлғаяды деген сөз. Келесі жылы ең төмен жалақы өзгеріссіз қалады – 85 мың теңге. Ал мемлекеттік базалық зейнетақының ең төмен мөлшері – 32 360 теңгені (биыл 28 215 теңге), зейнетақының ең…

Толығырақ

Астанада басталған KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев атом энергиясының маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Жаһандық энергетикалық дағдарыстар мен климаттың өзгеруіне байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету еліміз үшін негізгі басымдыққа айналуда. АЭС ішкі қажеттіліктерді де, экспорттық әлеуетті де, тұрақты энергетикалық секторды да қамтамасыз етуге қауқарлы» деп мәлімдеді жасылдар партиясының төрағасы. Сонымен қатар ол атом станциясы құрылысының артықшылықтарын да атап өтті. «Атом электр станциясын салу жобасы қайшылыққа толы пікірталастарды тудырып, қоғамның түрлі топтарының мүддесін қозғайды. Атомдық физиканы алғаш оқушы кезімде станция құрылысын салуда тәжірибесі бар ядролық маман, физика пәнінің мұғалімі үйретті. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы…

Толығырақ

Бүгін Астанада ядролық технологиялар мен атом энергетикасына арналған KazAtomExpo халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Қазақстандағы ядролық технологияларды дамытуға бағытталған шарада атом өнеркәсібі мен энергетикасының әлеуеті таныстырылу үстінде. Қоғамда белсенді түрде талқыланып жатқан атом электр станциясының құрылысына ниет білдіруші шетелдік компаниялардың ғылыми және кадрлық мүмкіндіктері талқыланған көрме сондай-ақ атом саласына мамандар дайындайтын Қазақстанның жетекші университеттерінің ғылыми және кадрлық әлеуетін көрсетті. Айта кету керек, KazAtomExpo-2024 көрмесінің ерекшелігі – елімізге атом электр станциясын салуға арналған технологияларды жеткізушілер ретінде қарастырылатын әлемдік жетекші компаниялардың қатысуында. Олардың қатарында «Қытай ұлттық ядролық корпорациясы» (CNNC), «Кореяның су және ядролық энергетикалық корпорациясы» (KHNP), «Électricité de France» (EDF), сондай-ақ…

Толығырақ

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне жүргізген талдау кезінде заң бұзушылық барын анықтаған, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Прокуратура мәліметінше, Ақтөбе облысында 36 мыңнан астам адам кезекте тұр, оның ішінде көп балалы отбасылар, жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Бір қызығы, басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен, еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден астам азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған. Талдау нәтижесімен коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені…

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының екі ауданында жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарын қуаңшылық қыспаққа алған, одан бөлек киік қаптап кеткен. Сол себепті мал азығын дайындау қиын. Қазір шаруаларға көмекке қаржы бөлініп, жеке тұрғындарға шөпті шалғайдан тасымалдауға көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар «Қазагроқаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» шаруалардың қарызын кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған. Жәнібек ауданында 118, Бөкей Ордасында 175 қожалық лизингке техника алса, қос ауданда 472 ауылшаруашылық құрылымының борыштары бар екен. Әкімдіктер тиісті тізімді қаржы институттарына жолдаған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚОФ директоры Марат Сарсеев арыз-талап түскен…

Толығырақ

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта ант қабылдауға үлгермей, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан еді, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Ауруханада екі айдай жатып, есін әзер жиған сарбаз жуырда туған жері Қостанайға оралды. Куәгер қатардағы жауынгерлердің айтуынша, сапқа тұру кезінде Нұржігітке сержант қол көтерген. Кейін бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары аяқталып, мемлекеттік сараптама жасалған болатын. Қазір жәбірленушілер сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отыр. Кейін іс әскери сотта қаралмақ. Нұржігіт Әбділпаттаның ата-анасы сот процесіне сот-медициналық сарапшысы Тахир Халимназаров қатысатынын айтты. Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша Салтанат Нүкенованың жарақаттану себептері туралы…

Толығырақ

Биыл бюджетте 1,2 трлн теңге тапшы, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы. Қаржы министрлігінің мәліметінше, алғашқы 6 айда қазынаға 11,5 трлн теңгенің орнына 10,2 трлн теңге түскен. Биыл әсіресе, салық түсімдері азайып отыр. Жоспардағыдай 7,75 трлн теңге емес, кіріс 6 трлн теңге болған. Ал мемлекет меншігіндегі активтер мен бюджет несиесінің сыйақы мөлшері керісінше артты. Одан ел қазынасына биыл 120 млрд теңге түсуі керек еді. Алайда, оның көлемі 876 млрд теңгеден асты.

Толығырақ

Енді банк алдында төленбеген қарызы бар қазақстандықтарға шетелге шығуға шектеу қойылмайды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Тек ол үшін белгілі бір шарттарды орындау керек. Мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпарат таратты. Бұған жуырда күшіне енген несие берудегі тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу бойынша заңға енгізілген өзгерістер мүмкіндік берді. Енді жаңа талаптарының ерекшеліктеріне тоқталайын. Бұдан былай бірнеше ай кешіктірілген қарызы бар адамның жеке мүлкі болмаса да, төлем қабілетін қалпына келтіруге болады. Ол үшін тұрақты табысы болса жеткілікті. Қарызды қайтаратын қауқары бар екенін дәлелдесе, шетелге емін-еркін шыға алады.

Толығырақ

Интернет алаяқтары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат таратқан деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы ұлттық арнаға сілтеме жасап. Ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтын хабарлады. Сондай-ақ осы арна арқылы таратылатын хабарламаларға министрдің еш қатысы жоқ, деді. Азаматтарды абай болуға және алаяқтардың әрекетіне ермеуге шақырады.

Толығырақ