Автор: bukebay.dina

2024 жылы 3 тамызда сағат 8.00-де Алматы қаласындағы Президент саябағында «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен BAYTAQRUNFEST экомарафоны өтеді. Экомарафонның мақсаттары: Азаматтар арасында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті дамытуға ықпал ету. Салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау. Қоршаған орта мәселелері мен климат өзгерістеріне назар аудару. Айта кетейік, марафонға барлық ниет білдірушілер – кәсіби спортшылардан бастап әуесқойлар мен отбасыларға дейін қатыса алады. Сондай-ақ, марафонға бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінің де қатысуына мүмкіндік бар. Өткізілу орны мен уақыты: — Күні: 2024 жылғы 3 тамыз — Өткізілу орны: Алматы қаласындағы Президент саябағының орталық кіреберісі — Басталуы: 8:00 — Қашықтық: 5 км Қосымша ақпарат…

Толығырақ

Ол белгілі бір кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған. Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды. Тоқтасынов Алматы көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызмет шартын жасасқаны және орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған. Сот үкімімен Тоқтасыновқа — 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа — 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Толығырақ

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады деп хабарлайды казинформ.кз. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен отандасымыз өз тобында бесінші орын алса, жалпы есепте 29-сатыдан көрінді. Ал жартылай финалға жарыс ережесіне сәйкес алғашқы 16 спортшы ғана өтеді. Айта кетелік, бұл Әділбек Мусиннің соңғы жарыс күні. Осымен қазақстандық атлет Олимпиада ойындарын аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз осыған дейін 100 метрге шалқалай жүзуден мәреге 8-ші болып жетіп, тағы да үздіктер қатарына іліге алмаған еді. 2 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен — стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл…

Толығырақ

Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты петицияны қарайтын жұмыс тобы алдын ала шешімін шығарды. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, жұмыс тобы петицияны кері қайтаруға алдын ала шешім шығарды. Себебі «авторлардың уақытты ауыстыру электр энергиясын тұтыну және халықтың денсаулығына кері әсер етеді деген уәждері расталған жоқ». «Осы уақытқа дейін біз петиция жазғандардың дәлелдерін қарадық. Бірақ оның бәрі расталған жоқ. Осыған байланысты мен сауда және интеграция министрлігінің алдын ала шешімін жариялаймын. Петицияны қанағаттандырудан бас тартуға шешім шығарылады», – деді Қайрат Балықбаев бүгінгі отырыста. Еске салайық, биыл 1 наурыздан бастап қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бірақ наразы азаматтар бұрынғы уақыт белдеуін…

Толығырақ

Өңірдің екі бірдей ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отыр. Олар – Бөкей ордасы және Жәнібек аудандары. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды. Құжаттарға сәйкес, Жәнібек ауданының аумағында және Бөкей ордасы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланбақ. БҚО Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, биыл қуаңшылыққа байланысты шабындық шөп шығымы өте нашар. Оған қоса, киіктер де азық қорын жинауға үлкен кедергі келтіріп отыр. «Бұл мәселе бойынша шаруалар мен жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін қазіргі кезде бос жатқан және полигон аумағындағы жерлердің белгілі бір бөлігі пайдаланылып жатыр. 2024-2025 жылдың мал…

Толығырақ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысында малдың неден уланғанын анықтады, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі. Шілде айының басында «Санжар-Т» шаруа қожалығында малдың қырылуы тіркелген. «Бүгін зертханалық зерттеулер шөпте алкалоидтардың жоғары құрамының бар екенін растап, малдың улану себебін анықтады. Ерекше қауіпті ауруларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелері теріс болып шықты, жануарлар инфекциялық аурудан өлмеген», – дейді ветеринарлар. Комитеттің мәліметінше, қазіргі кезде шаруа қожалығының басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесе отырып, барлық қажет эпизоотияға қарсы шараларды қолға алды. Белгіленген жоспарға сәйкес, вакцинация және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді. Ветеринарлар ірі қара малдың жағдайын бақылауда ұстайды.

Толығырақ

ШҚО су қоймаларының су босату көлемін 50 пайызға арттыруы өзендегі су көлемінің артуына әкеледі. ҚазАқпарат агенттігі Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Дияр Қайыркеновтің Ертіс өзеніндегі ахуалға қатысты пікірін жариялады. Маман Шығыс Қазақстандағы су қоймаларының су босату көлемін 50%-ға арттыруынан Ертіс өзенінің қыркүйекте тасуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, күзде өзенге секундына 1500 текше метр су жіберіледі деген болжам бар. «Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстандағы қоймалардан өзенге секундына 1000 текше метр су жіберіліп отыр. Ертіс бассейндік инспекциясының мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айында бұл көлем 1500 текше метрге ұлғаюы мүмкін. Осыған байланысты мал азығын дайындап жатқан…

Толығырақ

«Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды» демекші, жарты ғасырға жуық уақыт Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының тұрғындарына тегін ауру сыйлап, қолқаны қапқан сасық ауасымен, өктем қарым-қатынасымен шарасыз күйге түсіріп келе жатқан «Алель-Агроның» жыры бітер емес. Тауық өлекселерінің иісімен тұншықтырған фабрика кінәлі ме? Рұқсат берілген жерге көшіп келген халық кінәлі ме? Жанайқайын айтып, ашынған ауыл халқының сұрағына жауап іздеп, мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп жүрген «Байтақ» жасылдар партиясы1 тамыз күні сағат 11:00-де Бәйтерек ауылы Бағдаршам саяжайында «Бәйтерек ауылының атмосфералық ауасын аяусыз ластаған «Алель-Агро» атты жиын өткізді. Шараға 150-дей адам жиналды. Олардың қатарында ауыл тұрғындары, Алматы қалалық «Байтақ» партиясы, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарының…

Толығырақ

Ол Олимпиада ойындарының 1/16 финалына шыға алмады. Дәулеткелді 1/32 финалда колумбиялық Хорхе Энрикемен кездесті. Аталған кездесу 7:3 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Айта кетерлігі, бұған дейін Дәулеткелді Жаңбырбай Қазақстан сапында командалық жарысқа қатысып, Италиядан 4:5 есебімен ұтылды. Жекелей сында тағы бір қазақстандық спортшы – Ильфат Абдуллин канадалық қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтаған еді. Бүгін қазақстандық спортшылар нысана көздеу, дзюдо және бокста бақ сынайды.

Толығырақ

Семсерлесуден Мысыр ұлттық құрамасының мүшесі Нада Хафез аяғы ауыр болса да, Париждегі Олимпиада ойындарына қатысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 26 жастағы мысырлық семсерлесуші Нада Хафез жеке турнирде қылыштасып болғаннан кейін, күтпеген мәлімдеме жасады. Ол аяғы ауыр екеніне қарамастан ел намысын қорғаған.  «7 айлық олимпиадашы… Подиумда баршаңызға екі адам болып көрінсе, шын мәнінде біз үшеу едік. Менің әлемге әлі келмеген балам да бар. Балам екеуміз физикалық және эмоционалды көптеген қиындыққа тап болдық. Өмір мен спорттың тепе-теңдігін сақтау үшін қаншалықты күресу керек болса, ол күрес соншалықты ауыр болды. Бұл Олимпиада басқаша өтті», — дейді ол. Жеке жарыстың бірінші раундында Хафез АҚШ өкілі…

Толығырақ