Автор: bukebay.dina

Алматыда полиция ағаштарды сындырған ер адам қамауға алды, деп хабарлайды Halyq Uni. Polisia.kz мәліметінше, компания өкілі кесуге тыйым салынған көшеттердің сынғанын айтып, полицияға арызданған. Оқиға Төле би мен Райымбек даңғылдарының қиылысында Алматы өзенінің бойында болған. Қазір ағаштарды сындыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Арызданушының айтуынша, тексеріс барысында 36 дана көшет сынған. Қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Ол ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс сотқа жіберіледі, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Толығырақ

Түркістан облысында бір әулеттің 5 адамы бірдей ауыр жаза арқалады. Екі адамды атып өлтірді деген күдікке іліккендердің екеуіне 20 жыл, қалған үшеуіне 25 жыл жаза кесілді, – деп хабарлайды Баймедиа.кз КТК арнасына сілтеме жасап. Қанды қылмыс былтыр тамыз айында Арыс қаласында болған. Жер үйдің ауласында демалып отырған жігіттерді бетін тұмшалаған екі жендет қарумен атып кеткен. Оқиға орнында бокстан бұрынғы облыс чемпионы, «Черный Алмас» лақап атымен танымал Алмас Жолдасов пен 23 жасар Жандаулет Қабылов көз жұмды. Жарақат алған тағы екі адам ауруханаға жеткізілген. Жараланғандардың бірі полиция қызметкері екен. Көп ұзамай 53 және 25 жастағы жалдамалы жендеттер ұсталды. Олар тіпті адам өлтіруге…

Толығырақ

Бұл туралы Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады дейді, Баймедиа.кз. Олардың 31-і алдын ала тексеру нәтижесі бойынша ішек инфекциясы, ал бесеуі жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқызылған. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Қазір науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Әскери бөлімнен басқа шағымдар түскен жоқ. Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

Толығырақ

23 тамызда «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының конференция залында «Қазақстанда АЭС салудың ерекшеліктері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Шараға Ядролық физика институтының бас инженерінің орынбасары мен «Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері қатысты. Жиын барысында қатысушылар Қазақстанда АЭС салудың маңыздылығын, оның болашағы мен экономикалық әсерін талқылады. Әсіресе, экологиялық қауіпсіздігі мен халық арасында туындаған алаңдаушылықтарға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Асхат Бекбаев атом электр станциясы құрылысының ерекшеліктері туралы кеңінен ақпараттандырып, артықшылықтарына тоқталды. Оның айтуынша, АЭС салу туралы мәселе мұқият өлшеуді қажет ететін бірқатар стратегиялық және экономикалық факторды қамтиды. «АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізе аламыз. Атап айтсақ, ол меншікті…

Толығырақ

Қызылордада орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясында тісін емдеткен бала мүгедек болып қалған, деп хабарлайды Баймедиа.кз Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Анасы емханаға барған күні дәрігер баланы емдеп, тісін  жұлып тастағанын айтты. Емдеуден кейінгі келесі күні баланың жақ сүйегі ісініп, жалпы денсаулығы нашарлаған. Кейін балаға облыстық көпсалалы аурухананың жақ-бет бөлімшесінде «Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы» диагнозымен екі рет ота жасалған. Арада алты ай өткенде баланың жақ сүйегі қайта ісіп, іріңді жарасы жазылмағандықтан, олар Алматы қаласында ақылы негізде хирургиялық ем арқылы ауруханада емделуге мәжбүр болған. – Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ананың шағымы бойынша жүргізілген емхананы…

Толығырақ

Президент телерадиокешені жариялаған “Қайтарылады” деректі фильмінде Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков қазақстандықтың мүлкіне “түсініксіз байлық” мәртебесі беріліп, ол 11 миллион доллар ақшаны мелекетке қайтаратыны туралы айтты деп хабарлайды Баймедиа.кз Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, өткен жылдары құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және уәкілетті органдардың бірлесе істеген жұмысы аясында 1,5 триллион теңгеге жуық мүлік қайтарылды. “Мұндай көрсеткішке жаңа заң нормаларын қолданбай қол жеткіздік. Ал арнайы заңның нәтижесінде бізде бекітілген шаралар, қылмыстық істер бойынша келісімдер, талаптар, процессуалдық келісімдер бар. Осылайша 325 миллиард теңгеге тең шаралар біздің қолымызда. Бұл тек биылғы және жаңа заңның нәтижесінде қол жеткізген көрсеткіш”, – дейді Активтерді қайтару комитетінің…

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданды қылмыстық іс бойынша тергеуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Агенттік күдіктінің шетелде екенін атап өтті. «Күдікті Т.Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды”, – делінген хабарламада. Агенттік мәліметінше, жауап алу үшін Талғат Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына келуі қажет. «Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы. Егер қорғаушыны күдікті…

Толығырақ

«Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры жемқорлықпен ұсталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі зауыт басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды, деп күдікке ілінген. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Толығырақ

Атом электр станциясының салынуын халық қолдай ма? Арнайы жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше сауалнамаға еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 1200 адам қатысқан. Респонденттердің жасы 18-ден асқан, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жалпы сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің дені, нақтырақ айтсақ, 53% атом электр станциясын салуды қолдаса, 32%-ы қарсылық білдірген. Ал респонденттердің 14,4% өз таңдауын жасамаған. Жалпы сала маманының айтуынша, атом электр станциясын салу — электр тапшылығын шешу үшін оңтайлы ұсыныс. Атом электр станциясындағы бір жұмыс орын аралас саладағы бизнес өкілдерін 10 жұмыс орынмен қамтиды. Сондай-ақ экономикаға үлкен серпіліс. Инвестицияның бізге келуі.…

Толығырақ

Түркістан облысының Шардара ауылында шаруалар қашыртқы сулардан зиян шегіп отыр. Алатау ауылдық округінде жылдар бойы жерасты сулары жиналатын каналдар қазылмай, ретке келмеуі салдарынан диқандардың егістіктері құрғап қалды. Өйткені мақталықтар мен көкөністерге ағын су жіберсе, жерасты сулары көтеріліп, сорланып кетеді. Алатау батыр ауылында тұратын шаруа Мақсат Яхияев биыл 8 гектар жерге мақта, 4 гектар жерге жоңышқа еккен. Алайда жерасты сулары көтеріліп, мақтасын суара алмады. Енді мақтасының шығынын кімнен өтеп аларын білмей дал. «Бір гектар жерге үш жүз мың теңгедей ақша шығарып отырмыз.  Енді мына жердегі мақтадан ондай өнім аламыз деп ойламаймыз» дейді шаруаның бірі Мақсат Яхияев. Қашыртқы судан зардап шеккен шаруалардың…

Толығырақ