Автор: bukebay.dina

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында  бұрынғы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ басқарма төрағасы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қызметкері А.К.Қашқынбековтің арызы қаралуда. Осы уақытқа дейін мекеме басшылығы маманды жұмыстан шығарамыз деп қорқытып келген. Нәтижесінде ол ешқандай себепсіз, қысыммен жұмыстан босатылған деп хабарлайды Баймедиа.кз. Ғ.Жанқуатовтың төрағалығымен өткен Ғылым комитетінің іс-әрекеттерінде Еңбек Кодексі мен «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңын бұзу мен А.Қашқынбековті қызметінен босату мақсатында қысым көрсету фактілері анықталды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 12 шілдесінде адвокат А. Ташенова ресми арыз берген еді. Айта кетейік, Арман Қашқынбеков 2022 жылдың 9 желтоқсанынан 2024 жылы 3 маусымға дейін «Ұлттық…

Толығырақ

Желіде Дариға Назарбаеваның Монако ханшайымы Грейс Келлидің құрметіне арналған қайырымдылық аукционына қатысқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды баймедиа.кз сайты Письма президенту басылымына сілтеме жасап. Кадрлардан тұңғыш президенттің қызы Дариға Назарбаеваның ұлы Нұрәлі Әлиев, әйелі және үш баласымен бірге Канндағы қымбат шараға қатысқанын байқауға болады. 2 адамға билет құны 33 мың еуро, яғни 17 миллион теңге. Назарбаевтар әулетінен 6 адам қатысқанын есепке алғанымыз жөн. Осылайша, қайырымдылық кешіне кіру сомасы – шамамен 51 миллион теңге. Салтанатты кешті Голливуд актрисасы Шэрон Стоун ұйымдастырды. Қонаққа америкалық әнші Робин Тик арнайы шақырылған. Кадрлардан Йорк герцогинясы, ханзада Эндрюдің бұрынғы әйелі Сара Фергюсонды да көруге болады. Knights of Charity Gala қайырымдылық шарасы…

Толығырақ

Қазақстанмен бірлесе жұмыс істеуге келген Қытайдың Цынь зянь ауыл шаруашылығы академиясының өкілдері Үкіметтің қолдауымен елдегі ғылыми-зерттеу университеттерінің ғалымдарымен кездесулер өткізуде. Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» мемлекеттік кәсіпорнында ат терлетіп келген қытайлық академия өкілдері профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай Сағитовты марапаттады. Абай Оразұлы 1945 жылы 18 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Шар стансасында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) тәмамдаған. Биология ғылымының докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның академигі (2003). Ол 1968-1988 жылдары Қазақ Өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында, 1988-2001 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ғылыми-педагог,…

Толығырақ

Түркістанның еңбек мобильділігі орталығында іс жүзінде жұмысқа тұрмаған адамдарға 130 млн теңге төленді, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпараттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. Қаржылық мониторинг агенттігі облыс прокуратурасының үйлестіруімен Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салу деректеріне қатысты бірнеше қылмыстарды әшкерелеген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің қызметкерлерімен мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген.  «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жауапты тұлғалары «2021-2025″ жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында субсидияланған жұмыс орындарына қатысушы тұлғалардың жалақыларын төлеу барысында, бірқатар кәсіпорындардың басшыларымен адамдар тобы болып сөз байласа отырып, мекемелерде іс-жүзінде жұмыс жасамайтын 132 азаматтың…

Толығырақ

Жыл басталғалы өндірістік жұмыс орындарында 109 жұмысшы қайтыс болып, 809 адам жазатайым жағдайға тап болған деп хабарлайды Баймедиа.кз ұлттық арнаға сілтеме жасап. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері айтты. Зардап шеккендер мен марқұмдардың отбасына жұмыс беруші тарапынан бөлек мемлекеттен және сақтандыру компанияларынан да өтемақы берілген. Жалпы мұндай жағдай болған кезде Еңбек инспекциясы мен 1414 call-орталыққа хабарласу керек, — дейді жауаптылар. Жұмыс орнындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мақсатында министрлік әкімшілік жауапкершілікті күшейту бойынша ұсыныс дайындаған. Құжат таяуда Мәжіліс қарауына жіберілмек. Ақмәди Сарбасов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары: Қазіргі таңда жазатайым оқиға болса, бізде әкімшілік…

Толығырақ

Қызылордада құбыр қазып кейін орны жөнделген жолдардың сапасы сын көтермей тұр. Бетіндегі асфальт жабындысы опырылып, көшелер ой-шұқырға айналған. Әсіресе қала орталығындағы Қыдыров көшесі тұрғындар үшін қауіп туғызып отыр. Кәріз жүйесі мен ауыз су құбыры ауыстырылғаннан кейін жол оңбай қалған. Ал жанында мектеп бар. Адам түгіл көліктің жүруі қиындаған көшеде қазылған жол опырылып, балалар шұңқырға түсіп кете ме деп алаңдайды тұрғындар деп хабарлайды Баймедиа.кз. Алмагүл Мырзағалиева, қала тұрғыны: Былтыр да, алдыңғы жылы да бұл көше төрт рет қазылған. Төртеуін де дұрыс істемей кетті. Жартылай істейді де, жартылай қалады. Мына жолды я әрі емес, я бері емес қылып істеп кеткен. Шаңы келгенде…

Толығырақ

Күніне 5-6, тіпті 10-нан астам ұшақ кешігеді. «FlyArystan» әуекомпаниясы рейстердің іркілу себебін түсіндірді деп хабарлайды Баймедиа.кз. Компания өкілдерінің сөзінше, өткен апта бұршақ жауып 5 ұшаққа зақым келген. Тағы 5 әуе кемесі түрлі себептерге байланысты істен шыққан. Қазір олар қайтадан жолаушы тасымалдап жатыр. Сондай-ақ еліміздің бірнеше қаласындағы әуежайларда жөндеу жұмыстары басталған. Сондықтан түнгі рейстердің басым бөлігі күндізге ауыстырылған. Ал көлік вице-министрі бұл мәселе жуық арада шешіледі деп халықты сабырға шақырды. «Ақтөбе аэропортының ұшу-қону жолы жөнделіп жатыр. Ақтау аэропортында басталды. Астана әуежайы 20 жыл бойы ремонт жасалған жоқ, 100 мың шаршы метрге жасап жатырмыз. Келесі айдың ортасына дейін бітіреміз. 24 сағат әуежай…

Толығырақ

«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Қазақстанда атом электр станциясының (АЭС) салынуына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды Баймедиа.кз. Айта кетейік, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы АЭС құрылысына байланысты қауіпсіздік, экологиялық тазалық, ашықтық, кәсібилік және басқа да факторларды түсіндіру бағытында үздіксіз ақпараттандырып келеді. Бұл туралы қазақстандық сайттар жарыса жазуда. Азаматхан Әміртаевтың айтуынша, атом электр станциясына қатысты түрлі пікір бар және жасылдар партиясы осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіргісі келеді. «Елімізде атом электр станциясын салу жөнінде талқылау жүріп жатыр. Әрине, осы бағытта әртүрлі ой-пікір бар. «Байтақ» жасылдар партиясының басты мақсаты – таза ауа, таза жер, таза суды қамтамасыз ету, экологиялық таза өндірісті…

Толығырақ

Наиб имам Қанат Талғатұлы мешітте қанша айлық алғанын және діни қызметтің жүйесін айтып берді, деп жазады баймедиа.кз сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. «Әуелі, мешіттің жүйесін айтып өтейік. Мешітте жәшік болады. Елдің бәрі жұма намазға, Құрбан айт немесе басқа діни жоралғылар жасаған кезде жәшікке ақша тастап отырады. Сол тастаған ақшадан, ең бірінші, мешіттің су мен жарығына, жылу мен керек-жарақтарына өтеледі. Бұдан кейін ол жерде қанша қызметкер болса, марзымайтын 50-60 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Менің соңғы жұмыс істеген мешітімде айына 40 мың теңге шығатын. Бұл қаржы мешіттің ешнәрсесіне жетпейтін. Мысалы, 25 пен 30 мың теңгені жарыққа төлейтін едім. Қалған соманы халық шақыратын құдайы…

Толығырақ

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары кәсіпкердің қылмыстық ісін тоқтатқысы келгені үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Алматы қалалық соты Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Қасымбаев пен кәсіпкер Сәкеновті кінәлі деп тапты. Олар алаяқтыққа оқталып, Алматы кәсіпорны директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін 10 миллион теңге пара беруге итермелеген. Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Толығырақ