Автор: bukebay.dina

Такси жүргізушілері 50 шақырымнан астам қашықтыққа тасымалдауға шектеу енгізу туралы ұсынысқа қарсы шықты. Көлік министрі Марат Қарабаев көпшіліктің наразылығына жауап берді. «Министрлік мұндайды ұсынған жоқ. 50 немесе 100 км шектеулері маңызды емес, мұндай нақты өзгеріс жоспарланбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобына қатысушылардың ұсынысы болды. Мұндай түзету әзірленіп жатқан жоқ және талқыланбайды, – деді көлік министрі үкімет отырысында.

Толығырақ

Бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша Астанада өткен жария талқылауға қатысқан Мәжіліс депутаты Никита Шаталов көмір электр станцияларына, атап айтқанда, Қарағанды облысына жасаған сапары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Депутаттың айтуынша, қала Топар ГРЭС-інен шығарылған күлге толы. Көмірдің күлі 60 жылдан бері жиналған, нәтижесінде «күл далалары» қалыптасқан. Бұл ретте Мәжіліс депутаты АҚШ-тағы атом энергетикасы осындай кезеңде супермаркет көлеміндей ғана атом қалдықтарын шығарғанын мысал ретінде келтірді. «Меніңше, радиоактивті қалдықтар туралы айтқан кезде нені таңдайтынымыз белгілі. Бұл күлдің де «фоны» бар, жел соққан кезде ол Топар қаласына да әсерін тигізеді. Пәтерлерге кіріп, өкпеге түседі. Бұл онкологиялық аурулар тудырады, еліміз мұндай жағдайға бұрын да…

Толығырақ

Telegram және «ВКонтактенің» негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанның шалғай ауылдарындағы 12 баланың IQanat мектебінде білім алуы үшін 350 мың доллардан астам қаражат бөлді. Бұл туралы IQanat жобасының қамқоршысы Айдын Рахымбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Гранттар оқу, жатын орын, тамақтану, оқулықтар алу сынды өзге де шығындарды өтейді. Бұл балалардың өз білім деңгейін көтеріп, жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Павел Дуров грантын иеленушілердің дені негізінен көпбалалы және тұрмыс деңгейі төмен отбасылардан шыққан. Кәсіпкер әрбір баланың жағдайымен жеке танысып, олардың қандай ауылдан шыққанын және қандай академиялық жетістіктерге жеткенін білді. Бұл қолдауы арқылы меценат көп жағдайда мүмкіндіктері географиялық және қаржылық тұрғыда шектеліп жататын дарынды…

Толығырақ

Қызылордада 16 жастағы оқушыны құлдықта ұстаған сыныптастары ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Фото: Pixabay.com Облыстық соттың мәліметінше, қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған күдіктілер Қ, А және М-ге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеушінің өтінішхаты Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотына түсті. Сот тергеушінің өтінішхатын қанағаттандырмай, кәмелетке толмаған күдіктілерге 2 ай мерзімге «үй қамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Қылмыстық процесстің кодекстің 147-бабы 2- бөлігі 1,5 тармақтары бойынша оларға шектеулер қолданылды. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілеріне жәбірленушінің өкілінен келіп түскен шағымдарды қарап, күдіктілердің жасаған әрекеттерінің ауырлық дәрежесін, күдіктілерді сот ісін жүргізуге кедергі жасайды немесе тергеуден және соттан жасырынады деп пайымдауға жеткілікті…

Толығырақ

Алматы қаласы Медеу ауданының сотымен қалалық емхананың бухгалтерлері К.Хангиреева мен А.Туғанбаева сотталды. Жоғарғы соттың мәліметінше, олар ауруханада іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны және басқа да төлемдерді заңсыз аудару арқылы 341 млн теңгеден астам сомада бюджет қаражатын жымқырған. «Сот үкімімен бас бухгалтер Хангирееваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның қарамағындағы қызметкер Туғанбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген хабарламада. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Толығырақ

Астана көшелерінің бірінде 10 күн бұрын кәріз құбыры жарылған. Жол құрылысын жаз басында бастаған мердігерлер құбырға зақым келтірген екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Елорда тұрғындарының сөзінше, жағдайды толассыз жауған жаңбыр одан сайын қиындата түскен. Бүкіл кеңістікті су мен кәріз су басып, сасық иіс мүңкіп жатыр дейді. «2 апта бұрын жаңбыр жауған кезде бұл иіс айналаға лезде жайылды. Мен осында 6-қабатта тұрамын. Балаларым үшін қатты қорқамын. Олардың бірі сонда құлап кете ме деп уайымдаймын”, – дейді тұрғын. Тұрғынның сөзінше, мердігерлер осында лезде жол салып береміз деп уәде берген екен. Алайда қазылғанына бір айдан асса да, жұмыс баяу жүріп жатыр дейді. Ал…

Толығырақ

Қарағанды облысындағы Топар ауылында тұрғындар жергілікті ЖЭС-тен шығатын күл үйіндісіне шағымданды. Айтуларынша ауа райы нашарлап жел соққан кезде бұл күл шаң болып бүкіл ауылға тарайды екен. Радиактивті қалдықтан демала алмайсың деген тұрғындар күлді жинап, мәселені шешуді талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Тұрғындардың айтуынша, жүздеген гектар күл бүкіл ауылға тараған. Адамдар тіпті респиратор сатып ала бастаған. Ауыл тұрғындары қазір ауа райы болжамын мұқият қадағалайды. Кішкене жел соқса барлық терезе-есікті жауып, дауыл аяқталғанша ғимарат ішінде күтуге мәжбүр. “Жасөспірім балаларым осында серуендейді. Олар үшін қатты уайымдаймын. Соңғы рет қатты дауыл кезінде қоңырау шалып, дүкен ішіне кіріп, күте тұруларын сұрадым. Өйткені сыртта тыныс алу мүмкін…

Толығырақ

Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің экс-басшысы, бұрынғы генерал-майор Қайрат Көпбаев 100 мың доллар пара алды деген айыппен жазықсыз істі болған мемлекет және қоғам қайраткері Жақсыбек Кұлекеевтің ісіне қатысты Adal Adam Youtube арнасына бұрын айтылмаған шындықты айтты деп хабарлайды Баймедиа.кз. «Мен ол күнді есімде сақтап қалдым. Бұл оқиға 2008 жылдың бірінші сәуірінде болды. Жақсыбек Құлекеевтің ісін жүргізген тергеу тобында болдым. Бірақ ұстар алдында 3-4 көлікпен бара жаттық. Сарыарқа көпірінен өтіп бара жатқанда мені жедел істер бойынша басқа жаққа жіберді. Екі-үш сағаттан кейін оралсам, қарасам, іште Жақсыбек Құлекеев отыр екен. Оны тергеген тергеуші екеуміз басында бірге жүрдік, өйткені ең бірінші күні тергеу амалдарын…

Толығырақ

Қызылордада жастар күніне арналған онкүндік қорытыланды деп хабарлайды Баймедиа.кз. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік шарада облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қоғамның қозғаушы күші — жастарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. «Президентіміздің, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен аймақ жастарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі — өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін аймақта алғаш рет «Сыр жастары» өңірлік тұрғын үй бағдарламасы» қабылданды. Нәтижесінде жыл басында 60 жас отбасы қоныс тойын тойласа, жақын күндері 40 жас отбасыға пәтер кілттері табысталмақ. Биылғы жылы білімді жастарымызды қолдау мақсатында дәстүрге айналған аймаққа қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің 100 гранты…

Толығырақ

Оның бапкері, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырып келеді. Елдос Сметов туған жері Т.Рысқұлов ауданына барды. Халық чемпионды ыстық ықыласпен күтіп алып, тарихи жеңісімен құттықтады. Ол спорттағы алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға алғысын білдіріп, Т.Рысқұлов ауданы әкімі сыйға тартқан су жаңа көлігін мінгізді. – Нағыз Олимпиада чемпионы! Үлкен алғысымды айтамын бұл кісіге. Қандай көлік мінгізсек те аздық етеді! Қазақтың тарихын бес рет жаңарту бастамасын ашып берген кісі – Ахмет Жұмағұлов атамыз, – деді Елдос Сметов. Айта кетейік, зейнетке шыққан Ахмет Жұмағұл әлі күнге дейін жас спортшыларды жаттықтырады.

Толығырақ