Автор: bukebay.dina

Қоғам қайраткері, еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған Мұрат Әбенов ұстаздарды жалған атаққа құмар болудан тыйылуға шықырды, деп хабарлайды баймедиа.кз сайты. Алдымен turkystan.kz басылымында жарық көрген мақаладан үзінді келтірейік. Қазір қалтасында көк қағазы не тамыр-танысы барлар қоғамдық ұйым атынан атақ сатып ала алады. Медаль саудасын қыздырып отырған пы­сықайлар ең алдымен мектептерді жағалағаны есімізде. Бүгінде «Ғасыр ұстазы» 13 мың, «Алаш ұстазы» 10 мың, «Ұлт ұстазы» 5 мың, ал «Ұлағатты ұстаз» атағы 20 мың теңгеге сатылады. Яғни, нарық заңына қарай ұсыныс бар, сәйкесінше сұраныс та аз болмай тұр, — делінген үзіндіде. Сөз соңында Мұрат Әбенов бқл дертті тек әрбір азамат өздігіменбас тарту арқылы…

Толығырақ

Таеквондодан 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Олимпиаданың алғашқы айналымында сынға түсті. Ол іріктеу кезеңінде Мали спортшысы Исмаэль Кулибалиге қарсы кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы 2:1 (5:4, 1:1, 2:1) есебімен жеңіске жетті. Енді қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали 1/8 финалдық кезеңде екі дүркін әлем чемпионы италиялық Симоне Алессиомен шеберлік байқасады. Айта кетейік, еліміздің атынан Париж Олимпиадасына екі таеквондошы жолдама алған. 58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль’аквилиден жеңіліс тапқан болатын.

Толығырақ

Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы 12 жастағы қыз баланы бортқа кіргізбей, Астана әуежайында қалдырып кеткен. Бұл туралы жасөспірімнің анасы Жазира Мусина айтқан. Кәмелетке толмаған бала 3 сағат бойы тіркеудің алдында жылап тұрған дейді azattyq-ruhy.kz. «2024 жылдың 20 шілдесінде менің балаларым (егіз) Ғалиева Зере мен Ғалиева Зауре Америкадан үйге оралды. Балалар тобымен бірге сенімді адамның жетектеуімен Астана арқылы Оралға ұшқан… Flyarystan қызметкерлері Зәурені тіркеп, Зерені тіркемей қойған. Олар техникалық ақауларды жөндеген соң баланы бортқа өздері отырғызатынын айтып, топтың жетекшісін сендірген. Менің балаларымның бүкіл құжаты дұрыс. Сонда FlyArystan қызметкерлері ұшақта орын жоқ болғаны үшін баламды кіргізбей қойған ба? Ұшақ Оралға…

Толығырақ

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген. «Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды», – деп жауап берген әнші. Еске салайық, өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. “Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді”. Жақсы мақал екен”,…

Толығырақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы уақытта қай салада жұмысшыларға сұраныс жоғары екенін айтты. Электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша өткен аймен салыстырғанда жарияланған бос жұмыс орындарының саны 11% (10 мың орын), түйіндемелердің саны 49% (43,6 мың) артты. Сонымен қатар орташа білікті жұмысшыларға сұраныс артқан. «Негізгі бос жұмыс орындарының жартысы, яғни 51,9 мың орын білім, денсаулық сақтау және басқа да қызмет түрлері салаларындағы кәсіпорындарда байқалды. Өткен аймен салыстырғанда орташа білікті жұмысшыларға сұраныс 14% өсті, 6,1 мың бос жұмыс орны пайда болды», – делінген еңбек министрлігінің хабарламасында. Жұмыс берушілер белсенділігінің динамикасы аймақтар бойынша әртүрлі. Мәселен, төрт облыста бос орын азайып, сұраныс азайған: Жамбыл облысында –…

Толығырақ

Отандық танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар мен бапкерлердің жарыс жолында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрауына түбегейлі қарсы екенін жеткізді. “Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл – популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын”, – деп жазды журналист. Еске салайық, бокстан Қазақстанның бас бапкері Париждегі сәтсіз нәтиже үшін халықтан кешірім сұраған еді. «Түсінемін, елдің, жанкүйерлердің біздің жекпе-жектерге көңілі толған жоқ. Сол үшін кешірім сұраймыз. Жалпы ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жігіттердің бәрі барын салып жұдырықтасты. Жақсы дайындықпен келді.…

Толығырақ

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, бірақ мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған талапкерлер ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Власть басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Заңгер Халида Әжіғұлова талапкерлерге сотқа дейінгі талап-арыздармен көмектесуге, олардың мүдделерін сотта қорғауға және қажет болған жағдайда БҰҰ-ның балалар құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінуге дайын екенін айтты. «Қазір маған жоғары балл жинаған, бірақ апаттан зардап шеккендерге арналған жаңа квотаға байланысты грант ала алмаған 20-дан астам талапкер хабарласты, барлығы сот процесіне қосылғысы келеді. Бірнеше талап қоюшы бір жауапкерге бірдей талап қоя алады. Алайда тіпті бір өтініш берушінің өзі де министрліктің жаңа квота енгізу туралы бұйрығына шағымдану үшін сотқа өз бетінше…

Толығырақ

Кадрларда ер адам алдымен көлігін тоқтатады. Кейін терек бұталарын жұлып алып, көлігінен балаларды шығарып әрбірін ұра бастаған. Балалардың жағдайы туралы ақпарат жоқ. Алайда оқиға туралы ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады. «Бұл факт Атбасар аумағында орын алды. Полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 109-бабы «Ұрып-соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бйнежазбадағы адамды анықтау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Толығырақ

Сан қилы өнердің тоғысатын жері – театр. Ән мен бидің, қара сөз бен қимылдың үндесуі, кейде сахнадағы үнсіздіктің өзі адам жанының қатпарына бойлап, қойылым өмірге айналып кете барады. Сондықтан болар, антикалық кезеңнен пайда болған театр өнеріне деген көптің құрметі ерекше. Ал Уилл Роджерсше айтсақ, «Театр – кедейлер байларға жоғарыдан қарай алатын жалғыз орын». Демек театр – тек артистер мен көрерменнің арасындағы диалог қана емес, сыртқы бейне мен басылған әр қадамның өзі талғамды қажет ететін эстетика мен этикеттің көзге көрінер мекені. Театр мәдениетін қалыптастыру, қазақ мәдениетіндегі орны ерекше «Нурикамал» әнінің шығу тарихын, өмірде болған оқиғаны ұсына отырып, әйел жанының нәзік әрі…

Толығырақ

Дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі орны айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды Баймедиа.кз Sports.kz-ке сілтеме жасап. 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов бірден 17 сатыға көтеріліп, үздік бестікті тәмамдап тұр. Қытайлық Тайбэйден келген Ян Юнвэй көш бастап тұр, Франция өкілі Лука Мхеидзе мен грузин дзюдошысы Гиорги Сардалашвили үшінші орында. Төртінші орын испандық Франсиско Гарригосқа тиесілі. Олимпиадалық турнирде Елдос Сметов үздік бестіктің үш спортшысынан, атап айтқанда, ширек финалда Ян Юнвэйді, жартылай финалда Франсиско Гарригосты және финалда Лука Мхеидзеден басым түсті.

Толығырақ