- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін «ANACO» ЖШС 600 млн.теңгеден астам шығын төлейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі. Атырау облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында заңдылықтың сақталуына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады. Анықталғандай, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек). Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады. Жер…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетіне жариялаған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласында өңірдегі су мәселесіне тоқталды. «Соңғы жылдары аймақтағы барлық ел су тапшылығын көріп отыр. Бұл жағдай ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын төмендетіп, халыққа едәуір залалын тигізді. Осы ретте Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) аса маңызды су-энергетикалық, экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды талқылау және шешу жолындағы бірегей өңірлік құрылым ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өткім келеді. Су мәселесі өңірдің азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты. Сондықтан Қазақстан ХАҚҚ-тың қазіргі төрағасы ретінде осы қордың аясындағы ынтымақтастықты жандандыруды, сондай-ақ азық-түлік мәселесін де қамти отырып, Халықаралық су-энергетика консорциумын бірге құруды ұсынды. Біздің…
Желіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай тұратын ауылдың жолы жөнделді деген ақпарат тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алайда Алматы облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды. «Әлеуметтік желілерде бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Назым Қызайбай тұратын Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылының көшелері жаңартылды деген бейнероликтердің таралуына байланысты, ақпарат жалған және шындыққа жанаспайтынын еске саламыз. Біз жұртшылықты әлеуметтік желілерде таралатын ақпаратқа сыни көзқараспен қарап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», — делінген әкімдік таратқан хабарламада. Еске салайық, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасында ел қоржынына қола медаль салды. 50 келі салмақта сынға түскен Қызайбай жартылай финалда бокстан әлем…
Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар, зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталғаны айтылды. «Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында – 57, Батыс Қазақстан облысында – 80, Ақтөбе облысында – 43 және Павлодар облысында – 5 үй пайдалануға берілді. Барлық облыста су басқан тұрғын үйлерді тексеру және бағалау жұмыстары 100…
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Нұрбек Оралбайдың жекпе-жегінен кейін өз пікірін айтты, дейді казинформ. «Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Нұрбекті финалда көрдіңіздер, барын салып жұдырықтасты. Ең бастысы жеңіске ұмтылды. Бірақ, қарсыласы да оңай шағылатын жаңғақ емес қой. Мықты боксшы. Ол да, жеңісті бергісі келмеді. Осыған дейін қарап отырған болсаңыздар, өздеріңіз де көрдіңіздер, әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге іліге алмай қалды», — деді бап бапкер. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының барлық боксшысы Олимпиада ойындарында барын салып жұдырықтасқанын ерекше атап өтті. «Париж Олимпиадасында өкініштісі бізге алтын бұйырмады.…
Қазақстанның көптеген өңірі табиғат ерекшелігімен және жасыл желегімен танымал. Алайда соңғы жылдары ормандар мен жасыл желектердің жағдайы нашарлап барады. Бұл мәселе тек экологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экономикалық және әлеуметтік жағынан да маңызға ие. Ағаштарды қорғау – тек мемлекет емес, әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда өткен айда «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы жасыл желекті қорғау мақсатында маңызды қадам жасап, алғаш рет «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның нормасын жүзеге асыруда. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы маңызды шара қазақстандықтардың экологиялық жағдайды бақылау мен мониторингке белсенді қатыса алатынын көрсетті. Алматыдағы ағаштардың биоөңделу сапасын зерттеу қоғамға үлгі бола білді. Еліміздің оңтүстік астанасының тұрғындары өңірдегі флора жағдайының нашарлауы,…
Бұрынғы семсерлесу сайысының төрешісі Маркус Шульц Халықаралық семсерлесу федерациясын Францияда өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Баймедиа.кз Championat.com сайтына сілтеме жасап. Шульцтің айтуынша, бұрынғы жаттықтырушысы оған Париж олимпиададасында өз шәкірті жеңіске жетуі үшін €5 мың мөлшерінде сыйақы ұсынған. Сондай-ақ Олимпиадаға төреші ретінде іріктеуден өтуге уәде берілгенін айтты. «Сол сәтте менің әлемім құрдымға ұшырағандай болды. Бұған сене алмадым. Әрине, мен оған «жоқ» деп кесіп айттым. Сол кезде ол маған: «Аңқау болма. Өзінше жақсы адам болуға тырысып жатырсың ба? Осындай тәсілдерді қолданбасаң, ешқашан шыңға жете алмайсың, олар саған ешқашан мүмкіндік бермейді. Сен не бізбен бірге…
Жапонияда аномальды ыстық бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты. Ресми мәліметтерге сәйкес, шілде айында бір ғана Токиода ыстық ауаның соққысынан 120-дан астам адам қайтыс болды. Өткен ай Жапониядағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық ай ретінде тарихта қалмақ. Мыңдаған адам ауруханаға жатқызылды, олардың көпшілігі 60 жастан асқан. Температура орташа есеппен қалыптыдан екі градус Цельсий жоғары болды. Токиода және елдің батысында ыстық ауа райына байланысты ескертулер жарияланды. Бұл аймақтарда термометр бағаны +34 градусқа дейін көтерілді.
Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттерінің бағасы 20 пайызға қымбаттайды. «Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты жұмыс істейді, тарифтердің көтерілуі оның 62-сіне әсер етеді. Бұл вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет”, — делінген министрлік хабарламасында.
7 тамызда екі қазақстандық спортшы финалда өнер көрсетіп, Олимпиада алтынын сарапқа салады, деп хабарлайды Баймедиа.кз ақпарат порталы. Байдарка мен каноэде есу 13.40 Бекарыс Раматулла 14.40 Сергей Емельянов Грек-рим күресі 14.00 Нұрсұлтан Тұрсынов 21.45 финал, Демеу Жадыраев – Нао Кусака (Жапония) Таэквондо Самирхон Абабакиров Велотрек 15.45 Андрей Чугай Бокс 01.51 финал, Нұрбек Оралбай – О.Хижняк (Украина)