- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
400-ге жуық құрылысшының алды бір жарым жыл, соңғы төрт айдан бері айлық алмаған. Берген уәделерінде тұрмаған компания басшылары енді телефон қоңырауына жауап беруді қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Отбасын асырау үшін еңбек етіп жүрген жұмысшылар несие төлейтіндерін, оның үстінен үстемақы жүріп жатқанын айтады. Ашынған жұмысшылар жақын күндері еңбекақысын бермесе өздері орнатқан құрылыс материалдарын бұзып, сатуға бекініп отыр. “Кірпішін бұзсақ болады, құбырын бұзып, алып кетсек болады. Соған кеп тұрмыз, соған тақалып тұр, шынына келгенде. Енді солай айғайлатып сатамыз, басқа не істейміз?! Осы апта төлемесе, сөйтеміз енді”, – дейді жұмысшылардың бірі Ардақ Өтепбергенов. Әкімдіктің тапсырысымен салынған әр үйдің бағасы шамамен 600 миллион тұрады. Тапсырыс берген Құрылыс…
Қытайлық компания Шымкентте электромобиль шығару жолға қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы шамамен 60 миллион долларға бағаланып отыр. Жобаның екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде құрастыру өндірісін ашу қолға алынбақ. Инвестор бұл кезеңде 10 миллион доллар қаражат инвестициялауды жоспарлап отыр. Екінші кезеңде қытайлық компания тағы 50 миллион доллар инвестиция салады. Бұл сомаға қалада сырлау және дәнекерлеу цехы салынып, пайдалануға берілсе, қосалқы бөлшектер шығару даіске қосылады. “Қазіргі уақытта компания жобаны жүзеге асыруға қажетті жер телімін және инженерлік және инфрақұрылымдық жүйелерді сараптап, есептеп жатыр», – делінген хабарламада. Бұған дейін мұндай өндірістің Алматы облысында да ашылуы мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Жоба «Алатау» арнайы экономикалық аймағының аумағында…
Оқу жылы қарсаңында елімізде күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады, деп хабарлады Elorda.info. Үкімет отырысы барысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру нысандарының қазіргі жағдайы туралы баяндады. «Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жылының басына дейін аяқталады. Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр. Су тасқыны салдарынан…
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек неліктен жоғары балл алған қазақстандық түлектердің грант ұта алмай қалғанын түсіндірді. Айтуынша конкурс әділ өткізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Министрдің айтуынша жоғары балл жинап, алайда жоғары оқу орындарына грант ала алмағандар аз грант бөлінген мамандыққа тапсырған. “90 балдан жоғары жинап, мемлекеттік білім беру гранттарын ұта алмай қалған 10 607 талапкерді мұқият қарастырайық. Бұл абитуренттер қандай мамандыққа тапсырған? Бірінші, ең көп адам тапсырған мамандық – Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 3052 адам бұл мамандық бойынша грант ала алмады. Себебі біз бұған биыл 600 ғана грант бөлгенбіз. Тағы бір 941 адам грант ұта алмай қалған мамандық – Сән және дизайн. Биыл…
Ақтөбе облысында шикі мұнайды заңсыз өндірген «Сайгак Казахстан Б.В.» компаниясы филиалының бас директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Қаржылық мониторинг агенттігі 2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейінгі кезеңде аталған компанияның филиалы «Сайгак» кен орнындағы келісімшарт шеңберінде шикі мұнай өндіргенін, бұл ретте келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанын анықтады. Осыған қарамастан, олар жыл бойы кен орнында мұнайды заңсыз өндіру мен сақтауды жалғастырған. Жалпы көлемі 3,5 мың тонна болатын 2 резервуар құны 139 миллион теңгеге өңделген мұнай мемлекет кірісіне тәркіленді. Кен орнын басқарған компания филиалы бас директорының орынбасары 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген шығын толығымен өтелді.
Ақмола облысында Арнасай су қоймасында демалуға келген бүтін бір отбасы суға батып қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 716.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 5 тамыз күні түстен кейін Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болған. Астанадан келген отбасы су айдынына демалуға келген. Алайда бұл орын шомылуға арналмаған. Демалыс кезінде қызы суға бата бастағанын көріп, ағасы мен әкесі оны құтқаруға тырысқан. Алайда бір сәтте суда болғандар дүрліге бастаған. Сол кезде отбасын құтқару үшін балалардың анасы да суға түскен. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жел мен толқынның әсерінен бүкіл отбасы суға батып кетті.
Жаңа оқу жылында барлығы 7,9 мың білім беру ұйымында 3,9 млн оқушы үшін сабақ басталады, оның ішінде 360 мың бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Министрдің айтуынша бүгінгі таңда мектептердің 90% оқулықпен қамтылған. Сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды қолдау шаралары да жалғасып жатыр. «Балаларды оқу құралдарымен және қажетті тауарлармен қамтамасыз ету мақсатында Жалпыға бірдей білім беру қоры аясында 22,6 млрд теңге қаражат бөлінді. Ол 510 мың баланы мектепке дайындықпен қамтуға жұмсалады», деді Ғ.Бейсембаев. Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады. Олардың қатарында 1-4 сынып…
Әйелі Cалтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған Қуандық Бишімбаев сот үкімін жеңілдету үшін әлі де күресіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Сот кеңсесіне түскен ақпаратқа сәйкес, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі Жоғарғы сотқа жіберілген.
Қазақстаның мұнай тасымалдау нарығында үш кәсіпорын мұнайды экспортқа шығару үшін магистралды құбыр желілерін пайдаланады. Олар: «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС және «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр желісі» ЖШС. Мұнайдың қайда жеткізілетінін және жеткізу құнының қанша екенін Kazinform агенттігі материалынан оқыңыздар. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мұнай экспортының тауарлық нарығы туралы қорытынды жариялады. Олар магистралды құбыр желілерінің үш меншік иесі де Қытай мен ішкі нарыққа мұнай өнімдерін түрлі көлемде жеткізеді немесе тасымалдауды жүзеге асырады. Үшеуінің ішінде тек «ҚазТрансОйл» ғана Еуропаға мұнайды тікелей жеткізеді. Олардың құбыр желісі Қазақстандағы ең ұзын құбыр саналады – 5 372 шақырым. Ол Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарын бір-бірімен жалғайды.…
Бүгін, 5 тамызда Алматы әуежайында жанкүйерлер Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алғаны белгілі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Қос балуанға әуежайда қымбат көліктер тарту етілді. Олимпиаданың қол жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа берілетін Toyota Land Cruiser 250 автокөлігі бүгін әуежайда сыйға тартылған. Спортшы су жаңа көлігімен әуежайдан аттанып кетті. Ал Елдос Сметовке ақ түсті Lexus LX 600 (VIP) тарту етіледі. Оның шағын комплектациясы 68 млн теңгеден толық комплектациясы 89 млн теңгеге дейін барады.