- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-министрі Олжас Бектеновке мемлекеттік қарыздың өсіп бара жатқаны және еліміздің қаржы ресурсын басқаруды жақсарту қажеттігі туралы сауал жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Депутат өзінің сауалында бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеп соғатын, кіріспен расталмаған мемлекеттік шығыстың ұлғаюы – мемлекеттік қаржының өзекті мәселесінің бірі екенін атап өтті. С.Мәкежановтың мәліметінше, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,3 пайызды құраған. Бұл тұрғыда бекітілген лимит бойынша мемлекеттің қарызы ЖІӨ-ге шаққанда 32 пайыздан аспауы керек. Сенатор қарыздың ЖІӨ-ге шаққандағы үлесі әзірге қолайлы деңгейде тұрғанын айта келе, алайда мемлекеттік қарызға қызмет көрсету шығынының өсуіне бұдан әрі…
Бокстан Будвада (Черногория) жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан атынан 17, соның ішінде ерлер арасында сегіз, қыздар арасында тоғыз боксшы қатысты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жартылай финалдық жекпе-жектер қорытындысы бойынша финалға тек жеті былғары қолғап шебері шықты. Ерлер арасында Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) мен Санжарәли Бегалиев (75 кг) алтынға таласса, қыздар арасында Елянұр Тұрғанова (50 кг), Ұлдана Таубай (66 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) бас жүлде үшін бақ сынайды. Осылайша, біріншілікте ерлерден Диас Берікбай (48 кг), Жансері Көшербаев (57 кг), Расул Асанханов (92 кг) пен Аслан Елдібайұлы (92+ кг)…
Болашақ мақта агроөнеркәсіп кешенінің капсуласын салу рәсімі Turan арнайы экономикалық аймағында облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС директоры Сюй Цзенің қатысуымен өтті, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейтін болады — иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады. Жобаның маңызды артықшылығы компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы болып табылады. Болашақта made in Turkestan тігін жіптері мен маталары осы брендтерге сатылатын…
Биыл мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың басты көрікті жерлерінің бірі – «Медеу» биік таулы спорт кешеніне апаратын жол учаскесі жөнделді, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Керей Жәнібек хандар көшесін, «Медеу» БСК-не дейінгі жалғыз жолды жөндеу 15 жылға жуық жүргізілген жоқ. Бұл ретте Алматыдағы жолдардың жөндеу аралық мерзімі — 5 жыл. Биыл ұзындығы 10 км жол учаскесінде асфальтбетон жабыны толығымен ауыстырылды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алғаш рет 14 шақырымға жуық тротуар жасалды. Сондай-ақ, 37 өздігінен жүретін немесе «қалқымалы» кәріз люктері орнатылды. Бүгінгі таңда барлық жөнделген учаскеде жол белгілері бар. Бұл көшені жөндеу кезінде полимерасфальтбетон пайдаланылды, ол жабынның…
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіптік кешен және көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Терең өңдеуге баса назар аудара отырып, ұзақмерзімді инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне ден қойылды, деп хабарлайды Баймедиа.кз BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. Fufeng Group Company Limited – аминқышқылдары мен олардың туындыларын өндіруге, сондай-ақ осы саладағы зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған био-ферменттеу индустриясындағы әлемдік көшбасшы. Компания әлемдегі ең ірі натрий глутаматы мен ксантан шайырын өндіруші саналады. Fufeng Group-тың Қазақстанда крахмалды қант өндіру және аминқышқылдарын ашыту зауыттарын, сондай-ақ көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын қамтитын жүгеріні терең өңдеуге арналған тігінен интеграцияланған өнеркәсіптік парк…
Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев сенат отырысында мәлімдеді. Қазір отандық зымыранды ғарышқа шығару мәселесі жан-жақты пысықталып жатыр. Ведомство басшысы Қазақстан Жерді қашықтықтан зондтау үшін тағы үш жерсерік жасауға келісімшартқа қол қойғанын және оларды іске қосу 2027 жылға жоспарланғанын атап өтті.
«Қазақ газ өңдеу» зауыты Маңғыстау облысына тәуліктік сұйық отын бөлу жүктемесін 150 тоннаға дейін ұлғайтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы елдің Энергетика министрлігі хабарлады. Соңғы тәулікте автогаз құю бекеттерінде көлік кезегі көбейген болатын. Мамандар жағдайды Атыраудағы мұнай өңдейтін кәсіпорында өткен айдан бері жоспарлы жөндеу жұмыстарының жасалуымен байланыстырады. Қазір аймақта әр он көліктің сегізі газбен жүреді. Сұйытылған отынға ай сайынғы сұраныс 18 мың тоннаны құрайды. Соның 16 мың тоннасын Жаңаөзендегі зауыт өндіреді. Қалғаны көрші өңірден тасымалданады. Бердібек Қартбаев, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: — Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Күнделікті бізге сұйытылған мұнай газын тасымалдау, сонымен бірге жаңағы «заправкалардағы»…
Жамбыл облысында 24 қоқыс полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз 24.kz сайтына сілтеме жасап. Жалпы аймақта 163 қоқыс тастайтын орын болса, соның 100-ден астамы жыл сайынғы қалдық есебін тапсырмаған. Оған жергілікті билік өкілдерінің де сұрау салмағаны белгілі болды. Табиғатты қорғау прокуратурасы, жұмысына салғырт қараған әкімдерді жауапқа тартып, 300 мың теңгеден аса айыппұл салды. Бірақ өңірдегі полигондарда қалдықты сұрыптау мен көлемін есепке алу жолға қойылмаған. Қоқысты өртеп жоятындар да кездеседі. Тексеріс барысында осындай құқықбұзушылыққа жол берген полигон басшылары мен Экология департаментінің өкілдері анықталды. Еркін Әлмаханов, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры: — Қазіргі таңда 9 тұлға жауапкершілікке тартылды.…
Ақтөбеде 17 жастағы екі жасөспірімді өлтірген қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Қылмысқа қатысы бар деп айыпталған алты жас жігіттің барлығы 20 жастағы студенттер. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аstanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Мәліметтерге сенсек, қайғылы оқиға жылдың басында болды. Іс материалдарына сәйкес айыпталушылардың бірі әлеуметтік желіде құрбан болған жігітпен жанжалға түсіп, кездесу белгілеген. 2 қаңтар күні кешке ол Қызылжар тұрғын үй массивіне бес досымен келген, барлығы пышақпен қаруланып алған. Төбелес кезінде төрт жасөспірім пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген, олардың екеуі қайтыс болды. Оқиғадан кейін бірден алты қатысушы ұсталды. Екі айыпталушыға «Кәмелетке толмағанды өлтіру» және «Екі немесе одан көп адамды өлтіруге әрекет жасау» баптары…
Есепші 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемдеген, деп хабарлайды Баймедиа.кз, Ол жалақыны белгіленген нормадан тыс аударып, қос демалыс беріп отырған. Ақтөбе облысы прокуратурасының есепшіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Айыпталушының іс-әрекеті қылмыстық коДекстің189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды. “Сот есепші Г.-ны кінәлі деп танып, 7 жылға материалдық жауапкершілік лауазымдарды атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырды”, – деп мәлідеді Ақтөбе облысы прокуратурасы.