- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: bukebay.dina
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей азаматын аса ірі көлемдегі ақшаға қатысты трансұлттық ұйымдасқан топты құрып, басқарғаны және қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Астана соттарының дерегінше, Ресей Федерациясының азаматы К, 2016 жылдың наурызы мен 2017 жылдың маусым айы аралығында басқа адамдармен бірге трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамында алдын ала сөз байласу арқылы қаржы пирамидасын құрып, салымшыларды тартты. Бұл тұлғалар «Questra Holding ins» компаниясы құрылып, ол 2016 жылы бірі инвестициялық компания ретінде – «Atlantic Global Asset Management», екіншісі брокерлік компания – «Questra World» болып екі компанияға бөлінді. Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде қылмысқа қатысушылармен Қазақстанның…
Ұлытау облысында 11 ауыл әкіміне қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы 66 оператордың экологиялық бақылау нәтижелері бойынша 125 заң бұзу дерегін анықтаған. Аталған факті бойынша 20 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, кінәлі жандарға 4,6 миллион теңге айыппұл салынды.
Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан 289 өлі итбалық табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. Облыстық балық шаруашылығы инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Андрей Руцкойдың айтуынша, жағалау аймағында мониторинг жалғасуда. Оған жергілікті атқарушы органдардың және «Қазақ балық» республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығының филиалы Гидробиология және экология институтының өкілдері қатысуда. Руцкойдың айтуынша, итбалықтардың қырылу себебі тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Бұған дейін Каспий теңізінің жағалауынан 150-ден астам өлі итбалық табылғаны хабарланған болатын. Осы жылдың наурыз айында итбалықтардың 40, сәуірде 80-ге жуық өлексесі табылды. 2020 жылы каспий итбалығы Қазақстанның Қызыл кітабына енді.
Ақтөбе экологтары мұнай-газ және тау-кен өндіру саласындағы компаниялардың жұмысынан кінәрат тапты. Мұнай ұңғымасында апаттық жағдай тіркелсе, кен өндіруші компания экологиялық рұқсатнама алмай жұмыс істеген. Ақтөбе облыстық экология департаменті биыл 36 тексеру жүргізді. Тексеру кезінде 261 бұзушылық анықталған. Нәтижесінде 3 млрд теңгеге айыппұл салынды, 24 іс бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді. — Тексеру кезінде «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС-де экологиялық талаптардың бұзылғаны анықталды. Компанияға 5 әкімшілік хаттама толтырылып, 15,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал «AltynEX Company» АҚ-на 1,6 млн теңге айыппұл төлейді. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Кеңқияқ» кен орнындағы ұңғымада апатты жағдай болды. Жоспардан тыс тексеру кезінде 2,7 млн теңге айыппұл салынды.…
– Үкімет басшысы Олжас Бектенов елімізде жалпы ішкі өнімнің мұнайдан тыс салалар есебінен де өсіп жатқанын айтты. «Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан ЖІӨ өсімі 4%-ға жетті. Жалпы ішкі өнім мұнайдан тыс салалар есебінен де өсіп жатыр. Айтар болсақ, экономика ауыл шаруашылығы есебінен 11,4%-ға, көлік, сауда есебінен 6%-дан аса және құрылыс есебінен 10%-ға артты. Осылайша, жалпы экономиканың өсуі ЖІӨ-нің артуына қолдау көрсетіп отыр. Әрине, бұл жеткіліксіз, түсініп отырмыз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін арттыру керек», — деді Олжас…
– Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов келесі жылғы инфляция динамикасына қатысты түсінік берді. «Инфляция динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Жалпы инфляцияның төмендеуі – ұстамды қатаң ақша-кредит саясатына және Үкіметтің инфляцияға қарсы шараларына байланысты. Осы орайда Ұлттық банк биыл жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төрт рет төмендетті. Осылайша базалық мөлшерлеме 15,75%-тен 14,25%-ке дейін төмендеді», — деді Тимур Сүлейменов Мәжілістің жалпы отырысында 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылау барысында. Сонымен қатар Тимур Сүлейменов инфляцияға қатысты болжам жасағанда тәуекелдер қатар жүретінін айтып отыр. «Біздің болжам бойынша 2025 жылы инфляция 5,5-7,5% дәлізінде қалыптасады. 2026 жылы таргетке жақындап, 5%-тен 7%-ке дейінгі аралықта болады деп…
2025 жылғы бюджетте ұлттық фильмдерді дамытуға, қолдауға 3,7 млрд қарастырылып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сұрақ қойғанда айтты, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты BAQ.KZ сілтеме жасап. 2025 жылғы бюджетте ұлттық фильмдерді дамытуға, қолдауға 3,7 млрд қарастырылып отыр. Аударманың өзіне 1 млрд-тан асады. 2024 жылы қанша ұлттық фильм елге жетті және одан қанша пайда түсті? Егер одан ешқандай пайда түспесе, елге жетпесе, ондай шығындардың қажеті қанша? Қазақ анимациялық мультфильмдерін дамыту қалай жүріп жатыр? Олардың контентін толтыру, көрерменін ұлғайту. Мысал ретінде YouTube-ты да айтсаңыз болады, — деді Ринат Зайытов. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның…
Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 200 миллион теңгеден астам ақшаны жымқырған күдікті анықталды, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты 24KZке сілтеме жасап. Ол үш жыл бойы 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалған мәліметтерді көрсеткен. Сөйтіп, иелігінде болмаған ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алып отырған. Облыстық прокуратура осындай схеманы анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Биыл Қостанай облысында 184 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Баймедиа.кз сайты 24KZ сілтеме жасап. Оның басым бөлігі – жайылым. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша игерусіз жатқан алқаптарды қайтарып алу жұмыстары өңірдің оңтүстік аудандарында қызу жүріп жатыр. Осыған байланысты туындаған дау-дамай да аз емес. Бірі жерді негізсіз тартып алды десе, енді бірі дұрыс бөлінбеді деп наразы. Амангелді ауданының Үрпек ауылдық округі – жер көлемі жағынан елдегі ең ірісі. Бір шеті Жезқазғанмен шектесетін жазық даланың жалпы аумағы 900 мың гектардан асады. «Осынау ұлан-ғайыр атыраптың әр пұшпағының иесі бар», – дейді мұндағылар. Минерал Оспанов, шаруа: — Біздің округ бойынша, менің…
Қаржы мониторингі агенттігі су тасқынына байланысты Ұлытау облысы Табиғи ресурстар басқармасының басшысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істерді аяқтады, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Агенттіктің дерегінше, тергеу барысында құрылыс нормаларының орындалмағаны, жобалау құжаттамасынан ауытқуларға жол берілгені анықталған. «Осылайша жобалаушы өзеннің су көлемінің өткізу қабілеті азайып кеткен. Себебі облыстың табиғи ресурстар басқармасының басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Құрылыс объектісіне бармастан техникалық және авторлық қадағалаушылар да орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып беріп отырған», – делінген агенттік хабарламасында. Лауазымды тұлғалардың аталған қылмыстық әрекеттері көктемде төтенше су тасқыны кезінде 10 жеке үйдің суға кетуіне әкеліп соқты. Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы…