Ақмола облысының полиция қызметкерлері такси жүргізушісін үнемі бопсалаған үш жігітті қаланың қақ ортасынан ұстап әкетті, деп хабарлайды baimedia.kz. «Жәбірленушінің айтуынша, күдіктілер күш қолдану және зәбір көрсету арқылы бірнеше рет ақша бопсалаған. Қылмыстық жағдай туралы хабарлама келіп түскен бойда жедел іздестіру шаралары өтіп, полиция қызметкерлері такси иесі ақша берген сәтте оларды қылмыс үстінде қолға түсірген. Күдіктілер – 29 және 24 жастағы үш жергілікті тұрғын болып шықты. Олардың екеуі бұрын да қылмыс жасаған», — деп хабарлайды полиция департаменті.
Автор: journalist
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдаған депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов елімізде магистр не доктор дәрежесін алғысы келетін жастар үшін оқуға түсерде ағылшын тілінің емтиханын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды baimedia.kz. Ол қазір талап талап бойынша, магистратура мен докторантураға түсу үшін талапкерлер міндетті түрде ағылшын тілінен емтихан тапсыратынын атап өтті. «Бірақ, студент қазақ не орыс тілінде оқыса да, талап бәріне ортақ. Мысалы, Қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да алдымен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек. Әрине, ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды. Себебі күн сайын жарияланып жатқан ғылыми жаңалықтардың көпшілігі –…
Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров партияласы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің оққа ұшуына қатысты пікір білдірді, деп хаабарлайды baimedia.kz. — Қару қолданып оқ ату, әрине қастандық. Иә, қол астында жұмыс істеген. Шынында да араларында түсініспеушілік болғаны туралы ақпараттар келіп жатыр. Меніңше, ең маңыздысы құзіретті органдардың жұмыс барысына еш ықпал жасамау керек. Бұл партиямыздың, биліктің бақылауында тұрған іс, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Оның атап өтуінше, Руслан Берденов наркозда жатқан кезде «жұмыстан қаламын, жұмысқа баруым керек» деп айта берген. Осы орайда БАҚ өкілдері депутаттан «бұл іскерлік пе әлде пиар ма?» сұраған еді. — Кешіріңіз, наркозда…