Автор: journalist

Талдықорғанда Шерзат Полаттың ісі бойынша сот процесі бүгін түстен кейін де жалғасты. Бұл жолы екінші куәгер Дана Жақсыкелді жауап бере бастады. Ол – қанды түні сотталушылармен бірге көлікпен «Қамажай» дүкенінің алдына келген, деп хабарлайды baimedia.kz. Дана Жақсыкелді сотталушылардың ішінде Нұрқияс, Равиль, Абзалды танитынын, Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевты жақын танымайтынын айтты. Дүкеннің алдында бір топ адам тұрды. Нұрқиястар сөйлесіп қайтайық деп түсті. Эльмира екеуміз дүкенге кірдік. Темекі алмақ едік. Ана кісі “сатпаймыз, шығыңдар” деді. Біз шыққанда ерегес басталып кетті. Біреуі құлап жатты. Мен қолымды сілтеп, қайтамыз дедім. Көліктің артына кеттім. Атыс басталды. Сол кезде бізге қарай сұр киімді, сақалды жігіт мылтықпен екі…

Толығырақ

Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы ұлдар 8-сыныпта оқитын қызды зорлап кеткен. Бұл оқиғаны аудандық білім бөлімі растаған, деп хабарлайды baimedia.kz. «Шиелі ауданына қарасты білім ордасында 8-сынып оқушысын мектеп оқушылары зорлапты деген сыбыс шықты, рас па? Қай мектеп?», — деп жазған аудандағы ата-ананың бірі. Осы постқа жауап берген Шиелі аудандық полиция бөлімі оқиға болғанын растаған. «Орын алған жағдайға байланысты тергеу құпиясы мен кәмелет жасына толмаған жас қыздың болашағына алаңдағандықтан, оқиғаның қай мектепте орын алғандығы жариялауға жатпайдығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу жүріп жатыр, кінәлі деп табылған адамдар заң аясында жауапқа тартылатындығын хабарлаймыз», — деп жазған білім басқармасы.

Толығырақ

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды baimedia.kz. Сот отырысы барысында Дана Жақсыгелді куәгер ретінде жауап беріп жатыр. Оның айтуынша, «Қамажай» дүкені маңында болған жанжалдан кейін күдіктілер көлікпен «777» дүкеніне барған. Сонда Дана Жақсыгелді күдіктілердің бірінің қолынан пышақты көрген. — Автокөлікте отырған кезде көліктің алдыңғы орындығында мылтық тұрғанын көрдім. Одан кейін біз 777 дүкеніне бардық. Оған Шыңғыс, Нұрқияс, Эльмира кірді. Эльмира Dizzy сусынын алып шықты. Оны көлік капотына қойды. Сосын Абзал оны маған «бере салшы» деді. Еңкейіп тұрған. Қолын сүртіп тұрғандай болды. Сосын әкеле жатқанда «құя салшы» деді, мен…

Толығырақ

Астаналық жігіт ұнатқан қызына 5 млн теңге аударып, кейін ақшасын қайтарып алуды талап етіп, сотқа арызданды, деп хабарлайды baimedia.kz. Жігіт сотта қызбен интернет арқылы танысып, кейін «WhatsApp» мессенджері арқылы хат алмасып тұрғанын айтты. Қыз хат алмасу барысында одан денсаулығына байланысты материалдық көмек сұраған. Жігіт Kaspi қосымшасы арқылы, оның телефон нөміріне ақша аударған. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында ер мен әйелдің арасында жеке романтикалық қарым-қатынастар болғаны анықталды, осыған орай жігіт материалдық көмекті ерікті түрде көрсеткен. Сондықтан сот ер адамның шағымын құптамады. Жігіт үкімге келіспей тағы да шағымданған, бірақ үікм өзгеріссіз қалды. «Тараптар арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін…

Толығырақ

Мұғалімнің сабақ үстінде оқушы қызға жасаған орынсыз әрекетін NeMolchi.kz қоры жариялады. Оқиға Семейдегі мектептердің бірінде болған, деп хабарлайды baimedia.kz. Кадрда мұғалім оқушы қыздың жанына тұрып, оның мойнынан сипап, бетінен ұстап тұрғанын, ал қыз баланың қозғала алмай, қарсы тұра алмағанын көруге болады. Мұндай жағдайдың бірнеше рет болғаны да айтылады. Белгілі болғандай, видео 2023 жылы түсірілген. Оқушы қыз қазір тоғызыншы сыныпта оқиды. Әлеуметтік желіде жарияланған хабардан кейін Балалар құқығын қорғау комитеті тексеру жүргізді. «Балаға жағымсыз қылықтар жасаған мұғалім қазіргі уақытта білім беру саласында жұмыс істемейді. Комитет мұғалімнің әрекетіне құқықтық баға беру үшін құқық қорғау органдарына да хабарласты», — деп мәлімдеді ведомство.

Толығырақ

Бүгін белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов өмірден өтті, деп хабарлайды baimedia.kz Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына сілтеме жасап. Сейіт Асқарұлы Қасқабасов 1940 жылы 24 маусым күні Семей қаласында дүниеге келген. 1947 жылы Семей қаласының Жаңасемей бөлігіндегі №5 орта мектепке оқуға барады. 1970-1981 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде ғылыми хатшысы, әрі «Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары» атты журналының жауапты хатшысы. 1981-1983 жылдары Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының М.Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкер. 1983 жылдан Алматыдағы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға, жетекші…

Толығырақ

Бұл күндері Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асып, аймақты қатты су басқан. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречный кентін қайықпен аралап шыққан, деп жазады baimedia.kz. Әкімдік «бұл ауылды жыл сайын су басады» деген мәлімет ұсынып отыр. Әрі жағдай тұрақты дейді. «Мәселенің жүйелі сипатқа ие екенін түсіне отырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Қазір екі көпқабатты үйдің құрылысы басталды, бұл үйлерге Заречныйдан көшетін отбасылар қоныстанады. Жыл соңына дейін халыққа жаңа үйлердің кілті беріледі», — дейді СҚО әкімі. Қазір аймаққа жақын қалалар мен облыстардан құтқарушылар барып, бөгет орнатып жатыр.

Толығырақ

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жуырда қарындасын ұзатпақ. Қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салынды, деп хабарлайды baimedia.kz. Бұл қуанышты жаңалықты журналист Анна Данченко жариялап, Раушанның суретін жүктеген. «Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан сырғалым атанды», — деп жазған ол. Айта кетейік, наурыз айында журналист Динара Сәтжанға сұхбат берген Димаштың анасы биыл үйінде той болатынын меңзеген еді. Фото instagram.com/raushan_kudaibergen

Толығырақ

Елімізде тағы бір теміржол бағытындағы пойызға әйелдер вагоны іске қосылды, деп хабарлайды baimedia.kz. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша, жаңа вагонның қосылуымен «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді. Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:  №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;  №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;  №45/46 «Павлодар – Түркістан»;  №37/38 «Маңғыстау – Семей»;  №47/48 «Атырау – Астана»;  №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;  №4/3 «Астана – Алматы»;  №71/72 «Астана – Шымкент»;  №354/353 «Астана – Семей»;  №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;  №25/26 «Алматы – Шымкент»;  №614/613 «Орал – Маңғыстау». «Әйелдер вагонында билеттер тек…

Толығырақ

Қазақстанда алдағы күндері тағы да үсік жүреді, ауа температурасы 0 градустан төмендейді, деп хабарлайды baimedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай алып келген циклон ел аумағынан тез арада кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, алдымен еліміздің батысында, кейін солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. «29-30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, ал 30 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау мен Абай облыстарында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен көрсеткіштерге дейін төмендейді», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында. Фото: freepik.com

Толығырақ