Автор: journalist

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Іс бойынша 9 айыпталушы бар. Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады. Еске салайық, судья Ержан Жанұзақовтың бекітуімен келесі сот отырыстары 29 сәуір, 5-6 мамыр сағат 10:00-де өтеді. Бұған дейін сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді. Сондай-ақ Қаржаубай Нұрымов Шерзаттың қашан жан тапсырғанын айтты. Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева да қайғылы оқиға қалай болғанын еске алды. Еске салайық, прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады. Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ. Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы…

Толығырақ

Ұлттық банктің 28 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82, ьдеп хабарлайды baimedia.kz. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,08 — 6,24 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 25 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша,…

Толығырақ

Синоптиктер елордада және Қазақстанның 17 өңіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды baimedia.kz. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақмола облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қатты жаңбыр жауады. Петропавлда күндіз найзағай болады. Желдің екпіні – 23-28 м/с. Қостанай облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Павлодар облысында жел, найзағай болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қарағанды облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысында да найзағай ойнап, бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Өскеменде екпіні 25 м/с болатын жел…

Толығырақ

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғындары көшеге шығудан қорқып отыр. 8 ақпанда ауылдағы үйлердің бірінің ауласынан жалаңаш әйелдің мәйіті табылған. Кейін оның сол ауылдың тұрғыны, 38 жастағы Әйгерім Әжікеева екені анықталды. Кісі өлтіру ісіне көршісі күдікті ретінде танылып, қамауға алынған. Алайда Әйгерімнің туыстары қылмысқа бір ғана адам емес, бірнеше адам қатысқан деп санайды. Orda.kz Алғабас ауылына барып, ауыл тұрғындарымен сөйлесіп қайтты, деп хабарлайды baimedia.kz. Туыстарының айтуынша, Әйгерім 20 қаңтар күні үйінен шығып, дүкеніне тауар алуға кеткен. Содан бері хабарсыз жоғалған. Алғаш болып дабыл қаққан анасы Мейрамгүл Бердалиева болыпты. «Екі сағат өтті, Әйгерім әлі үйге қайтпады. Жүрегім бір жамандықты…

Толығырақ

«Ертіс орманы» серіктестігінің бұрынғы директоры ағаш кесіп, отын ретінде сатқаны үшін 12 жылға сотталды, деп хабарлайды baimedia.kz. Павлодарда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ертіс орманы» қорығының бұрынғы бас директоры мен үш қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Сотталушыларға ағаш ұрлау, пара алу, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған қатысу сынды айыптар тағылды. Тергеушілердің мәліметінше, іс бойынша айыпталушылар 2022-2023 жылдар аралығында отын мен өндірістік ағашты желеу етіп, ормандарды кесіп, сатуды ұйымдастырған. Мемлекеттік айыптау тарапының мәліметінше, мемлекетке келтірілген шығын шамамен 153 миллион теңге болған. Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Ертіс орманы» мемлкеттік орман табиғи резерваты  басшысының пара алу…

Толығырақ

Елде баспанасыз жүрген мыңдаған адам үйлі болуы мүмкін. Өйткені пәтер тек санаулы санаттағы азаматтарға емес, кез келген қазақстандыққа қолжетімді болмақ, деп хабарлайды baimedia.kz. 24 мамырдан бастап 18 жастан асқан кез келген азамат үй кезегінде тұруға өтініш бере алады. Бір айдан кейін баспана алуға қатысты жаңа ереже күшіне енеді. Бұған дейін тек алты түрлі санат бойынша кезекке тұратын. Жақында бұл шектеу жойылады. Жаңа талап бойынша кейінгі бес жылда атыңызда үй болмау керек. Тұрып жатқан баспанаңыз апатты жағдайда болса да, өтініш бере аласыз. Мамандығыңыз, әлеуметтік мәртебеңіз бен жұмыс орныңыз маңызды емес. Ең бастысы үйге шынымен мұқтаж екеніңізді дәлелдеу керек. Бұл үшін арнайы сайт іске қосылды…

Толығырақ

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz. Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Қатты жауын-шашын 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр. «Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз күтіледі», — делінген ауа райы болжамында. Температуралық фон: Елдің батысында түнде 10-15-тен 2-10-ға дейін, күндіз 20-27-ден 6-14-ке дейін төмендейді. Елдің оңтүстік-батысында түнде 12-20-дан 7-15-ке дейін, күндіз 20-30-ға дейін, 28…

Толығырақ

СҚО-да қылмыс әлемінің серкелерінің бірі Серік Жаманаев  бауыр ісігінен көз жұмды. Ақпаратты облыстық ҚАЖД растады, деп хабарлайды baimedia.kz. Қылмыстық ортада белгілі Серік голова 2021 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жылға сотталды. Өткен жылдың желтоқсан айында Жаманаев медициналық тексеруден өтті. Сол кезде үшінші сатыдағы бауыр онкологиясын анықтады. «Сол сәттен бастап ол дәрігерлердің үнемі бақылауында болды. Сотталған адам тексеруден өту және емделу үшін бірнеше рет медициналық ұйымдарға жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан, 25 сәуірде ол қайтыс болды», — деп хабарлады СҚО ҚАЖД. Қазір ведомство сотталған адамның қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізуде. Фото: видеодан алынды

Толығырақ

Алматыда көлік ішінде темекі тартуға болмайды деп ескерту жасаған такси жүргізушісін шапалақпен бір тартып, балағат сөздер айтқан екі жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды baimedia.kz. Алматы қаласының соты биыл сәуір айында такси жүргізушісіне қол жұмсап, балағаттаған екі жолаушыға қатысты істі қарады. Анықталғандай, такси жүргізушісі көліктің артқы орындығында отырған жолаушыға салонда шылым шегуге болмайды деп ескерту жасаған. Сөз көтере алмаған жолаушы жас жүргізушіні шапалақпен желкесінен бір ұрып, балағат сөздер айтқан. «Сот оны Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танып, 12 тәулікке қамауға алу және жәбірленушіге 100 000 теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді», — делінген хабарламада. Ал көліктің…

Толығырақ

Ұшақ апатынан үш ұшқышты қосқанда бес адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды baimedia.kz. Хабарланғандай, ұшақ Сиам шығанағында, Петчабури провинциясындағы Baby Grande Hua Hin қонақүйінің маңында құлаған. DHC-6-400 Twin Otter ұшағының бортында үш ұшқыш, екі механик және әуе инженері болған. Механиктердің бірі із-түзсіз жоғалып, оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Толығырақ