Автор: journalist

Ақмола облысында әкімдік жетім балаларды үйсіз қалдырмақ болғаны анықталды, деп хабарлайды baimedia.kz. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. «33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған, ал 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Мысалы, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісі бойынша пәтер қайтарылып, балаға берілді, қазіргі уақытта басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылдануда. Жұмыс жалғасуда», — делінген облыстық прокуратура хабарламасында. Фото: uralskweek.kz

Толығырақ

Астананың сол жағалауындағы Министрліктер үйінің жанында ер адамды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды baimedia.kz Жол апаты бүгін таңертең Достық көшесінде болған. «Алдын ала мәлімет бойынша Nissan автокөлігінде отырған жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен ер адамды қағып кеткен. Зардап шеккен адам ауруханаға жатқызылды, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда мұқият болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Фото: видеодан алынады

Толығырақ

Ұлттық банк валюта бағамына қатысты деректі жариялады, – деп хабарлайды baimedia.kz. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 25 сәуірге валюта бағамы: USD / KZT – 517.16 (АҚШ доллары); EUR / KZT – 588.48 (Еуро); TRY / KZT – 13.5 (Түрік лирасы); KGS / KZT – 5.95 (Қырғыз сомы); AED / KZT – 140.8 (БАӘ дирхамы); GBP / KZT – 687.82 (Фунт стерлинг); CNY / KZT – 70.97 (Қытай юані); RUB / KZT – 6.23 (Ресей рублі); UAH / KZT – 12.4 (Украин гривнасы).

Толығырақ

Қарағандыда жетімдер үйінен 6 бала асырап алып, қызын күң, ұлын құл қылған отбасы сотқа тартылып жатыр, деп хабарлайды baimedia.kz КТК-ға сілтеме жасап. Тергеу мәліметінше, асыранды балалар ата-ана мейірімінің орнына қорлық көрген. Тамақ бермей, үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Отбасының үш мүшесіне қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылды. Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде отбасы 2018 жылы отбасы типінде балалар үйін ашқан. Патранат тәрбиеге балалар үйінен алты жеткіншекті алады. Оларды бірден малға салып, қора‑қопсысын қаратып, қара жұмысқа жеккен. Қит етсе, көкала қойдай етіп сабап, нәр татырмай қояды екен. Прокурор балалардың ботқасына «малдың тезегін қосып берген» деген деректерді жеткізді. Тіпті олар далада, иттің…

Толығырақ

Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алтын құрамды материалдарды заңсыз өндірумен және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорын анықталды, деп хабарлайды baimedia.kz. Аталмыш компаниялардың заңсыз қызметін Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен анықтады. ІІМ-нің мәліметінше, тексеру барысында бұл компаниялардың тек геологиялық барлау жүргізуге лицензиялары бола тұра, арнайы техника мен өндірістік жабдықтарды пайдаланып, алтын құрамды кенді кең көлемде заңсыз өндіргені анықталды.​ «Жүргізілген тінту шаралары барысында 6 700 тоннадан астам алтын құрамды кен, 300 тонна сұйық кен (пульпа), 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді. Сонымен қатар оқиға орындарынан 45 бірлік арнайы техника алынды.​ Полицияға 62…

Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көрші елдерімен қарым-қатынасы жөнінде айтты, деп хабарлайды baimedia.kz. Тоқаевтың айтуынша, қазақ қашанда көршісін қадірлей білген. Қуанышта да, қиындықта да көршісіне сүйенген, көршінің қасынан табылған. «Көрші ақысы – тәңір хақысы» деген ұғым дінімізде және дәстүрімізде бар. Бұл – бізге атадан қалған өсиет, анадан берілген қасиет. Халқымыздың тату көршілік дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Қоныстас адамдар ұлтына, дініне, тіліне қарамастан араласып, құраласып жатады. Қазақстан көрші мемлекеттермен достықты нығайта түсуге айрықша мән береді. Ресей – Қазақстанның бұрыннан келе жатқан негізгі стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Қытай елімен ықпалдастық тамыры да тереңде жатыр. Қытай…

Толығырақ

Түркістан облысында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған блогер Мұрат Әбділдә қайтадан түрмеге қамалды. Бұл шешім Түркістан қаласының ауданаралық сотында қабылданды. Сот процесінің мән-жайы Мұрат Әбділдә 2022 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен – «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша сотталған. Кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан еді. Алайда Сауран аудандық полиция бөлімі блогердің тәртіп бұзғанын алға тартып, шартты түрде босатудың күшін жоюды сұраған. Полиция блогердің жазаның қалған бөлігін толық өтеуін талап етті. Сот қаулысы Сот ұсынымды қанағаттандырып, Мұрат Әбділдәның шартты түрде босатылуын жарамсыз деп таныды. Енді ол жазаның өтелмеген бөлігін — 2 жыл 11 күнді…

Толығырақ

Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған Сәкен Мұсайбеков Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды baimedia.kz. Мұсайбеков 2021 жылы пара алу фактісімен аты шыққан. Ол кезде шенеунікті Астана әуежайында, Дубайға ұшқалы тұрған сәтінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметқызметкерлері ұстаған. Тексеру барысында оның жанынан Hermes брендінің әйелдер сөмкесі мен 5 мың АҚШ доллары табылған. 2025 жылдың басында Мұсайбековтің мемлекеттік қызметке қайта оралуға тырысып жатқаны белгілі болды. Қазақпарат мәліметінше, 2021 жылы мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары болған Сәкен Мұсайбеков қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 62 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге сотталған. Бұл істің жай-жапсары туралы «Время» газеті жазған. Басылымның хабарлауынша, шенеунікке пара ретінде…

Толығырақ

2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі. Бұл туралы Астанада өткен Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктері мен Қазақ тағамтану академиясы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды baimedia.kz. Балаларға арналған ас мәзірін әзірлемес бұрын Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігінің және бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен кеңескен. Ведомство өкілдері бірлесіп, ғылыми тәсілдер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде балалардың денсаулығы үшін пайдалы, тамақтанудың жаңа стандартын әзірлеген. «Жаңа стандарттар 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді», – делінген хабарламада. Жаңа ас мәзірінің еркешелігі неде? Тамақтанудің жаңа стандарттарына сәйкес, ас мәзірі балаларды денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сай әзірленеді.…

Толығырақ

Қазақстанда несие, оның ішінде ипотекалық несие беру талаптары қатаңдатылады, деп хабарлайды Baimedia.kz. Тиісті қаулы жобасын Қаржылық реттеу және даму агенттігі әзірлеген. Құжат агенттіктің ресми сайтында жарияланған. Жаңа ережелерге сәйкес, банктер белгілі бір белгілерге қарай клиентті жоғары тәуекелді қарыз алушы ретінде бағалайтын болады. Егер төмендегі екі немесе одан да көп фактор анықталса, клиент тәуекелі жоғары деп танылады: Несие тарихының мерзімі 3 жылдан кем болса; Соңғы 1 жыл ішінде 30 күннен аса 3 АЕК-тен көп қарызды кешіктірсе; 3 және одан да көп банк немесе микроқаржы ұйымдарында өтелмеген несиелері болса; Ай сайынғы табысының 45%-дан астамы қарызды төлеуге жұмсалса; Қарыз тарихында теріс ақпарат болса;…

Толығырақ