Автор: journalist

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) ХХХІV сессиясында қазақ тілі мәселесін көтерді, деп хабарлайды baimedia.kz. «Бүгінде түлектердің 80 пайызға жуығы Ұлттық бірыңғай тестілеуді мемлекеттік тілде тапсырады. Биыл алғаш рет мектепке баратын балалардың 70 пайыздан астамы қазақ тілінде оқитын болады. Әрине, елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлемеуге тиіс. Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады», – деді президент. Сонымен бірге Тоқаев шетелде отырып қазақстандықтар арасында алауыздық тудыруға тырысатын деструктивті ұйымдардың жұмысын сынға алды. «Халқымыздың татулығын бұзып, ел ішіне іріткі салғысы келетіндер заңға сәйкес қатаң түрде…

Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болмағанын, болмайтынын да айтты, деп хабарлайды baimedia.kz. Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл – нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ. Осы стратегияның арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – мағынасы терең нақты жетістік, – деді Тоқаев. Мемлекет басшысы отаншылдық, азаматшылдық, өзара…

Толығырақ

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әл-ауқаты, соның ішінде демократия мен сөз бостандығы үшін шетелде ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздамайтынын айтты, деп хабарлайды Baimedia.kz. Күріш пен күрмекті, конструктивті сын мен дәлелсіз мін тағуды, көңілге тимейтін пародия мен жиіркенішті қорлауды айыра білу маңызды. Заң алдында бәрі тең. Сол себепті біз еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілікке нұқсан келтіретін кез келген арандатудың жолын кесіп келеміз, бұдан әрі де қатаң тосқауыл қоямыз. Өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа…

Толығырақ

Ақтөбеде 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот ісі басталды, деп хабарлайды baimedia.kz. КТК мәліметінше, сот материалдарына сәйкес, өңірде Сұлушаш есімімен танылған әйел науқастарды банктен ірі көлемде несие алуға көндірген. Ең қызығы, жәбірленушілердің айтуынша, олар несиені қалай рәсімдеп, ақшаны қолма-қол санап бергенін өздері де байқамай қалған. ӨЗ ТУЫСТАРЫ МЕН СЫНЫПТАСТАРЫН ДА АЛДАҒАН Сот отырысына келгендер көп болған. Іс бойынша 95 адам жәбірленуші ретінде танылған. Олардың арасында емшінің жақын туыстары, сыныптастары мен ауылдастары да бар екені айтылды. Сұлушаш «дем саламын» деп адамдардың сеніміне кіріп, оларды сөзіне иландырып, еркінен тыс әрекеттерге барған. Жәбірленушілер өзін гипнозда жүргендей күй кештік деп отыр. — Несие…

Толығырақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады. Құжаттың басты бағыттарының бірі – жұмыс орнындағы сексуалдық сипаттағы қудалауға қарсы күрес, деп хабарлайды baimedia.kz. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын құжатта елімізде алғаш рет еңбек ұжымдарындағы сексуалдық қудалау мәселесі заңнамалық деңгейде нақты көрсетіліп отыр. Бұл бастама қызметкерлердің құқығын қорғауға және жұмыс орнында қауіпсіз орта қалыптастыруда жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға сеп болмақ. Заң қабылданғаннан кейін жұмыс берушілер қудалау фактілеріне нақты әрі жедел әрекет етуге, сондай-ақ шағымдарды қарау бойынша ішкі рәсімдер…

Толығырақ

Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды таратқаны, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындағаны үшін сотталып кетті, деп хабарлайды baimedia.kz. Қалалық прокуратураның мәліметінше, кінәлі адам полиция қызметкерлерімен Алматы әуежайының аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшуға дайындалу кезінде ұсталды. «Басты сот талқылауында сотталушы Telegram топтық чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлелдемелерді ұсына отырып, кінәлінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризімді насихаттау және террористтіктоптың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді. Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға…

Толығырақ

Астанада Әл-Фараби көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында жүк көлігі алты жасар баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды baimedia.kz. Елорда полиция департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, Dongfeng жүк көлігінің 38 жастағы жүргізушісі ішкі аула аумағынан өтіп бара жатып, велосипед теуіп келе жатқан алты жасар баланы басып өткен. Бала ауыр халде медициналық мекемеге жеткізілді, бірақ дәрігерлер оны құтқара алмады – бала алған жарақатынан көз жұмды. Кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 сәуірде Атырау облысында бала өліміне әкеп соққан тағы бір оқиға болды. Индербор ауылында Lada Priora көлігінің 30 жастағы жүргізушісі үш жасар баланы қағып…

Толығырақ

«Қазгидромет» РМК 2025 жылдың мамырында құрғақшылық болаатын өңірлерді атады, деп хабарлайды baimedia.kz. 2025 жылғы мамырда алдын ала есептеулер бойынша және қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар ескеріліп, мына өңірлерде орташа құрғақшылық болады деп болжануда: Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында, Батыс Қазақстан облысында Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында, Ақтөбе облысында Шалқар ауданында, Атырау облысында Құрманғазы және Исатай аудандарында, Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында, Алматы облысында Балқаш ауданында, Жетісу облысында Алакөл ауданында, Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында, Түркістан облысында Созақ ауданында, Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында, Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласында. Елдің қалған аумағында…

Толығырақ

Ыстамбұлдағы жер сілкінісіне байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды baimedia.kz Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: Қазақстанның СІМ мәлімдеме жасады . Түркия билігінің ақпараты бойынша 23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі болып, артынан афтершоктар жалғасып жатыр. «Қазір Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер түскен жоқ. ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалап отыр. Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген. Отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ, жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, Ыстамбұлда…

Толығырақ

Бұл туралы Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы хабарлады, деп жазады baimedia.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Жер сілкінісі 10 секундқа созылып, алып шаһарда үлкен дүрбелең туғызды. Зілзала ошағы Силиври ауданының жағалауындағы Мәрмәр теңізінде 6,92 шақырым тереңдікте анықталған. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған жағдайды бақылап отырғанын мәлімдеді. Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу «Алғашқы тексерулерде жолдарда, әуежайларда, пойыздар мен метро желілерінде ешқандай зақым немесе қауіп анықталған жоқ» деп хабарлады. Ішкі істер министрі Али Ерликая AFAD және басқа тиісті мекемелердің барлық топтары аймақты тексеруге кіріскенін айтты. AFAD тұрғындарды қауіпті ғимараттарға кірмеуге шақырды.

Толығырақ