- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: Карим Нурзат Бекзатбекулы
Кеше, 6-шы қазан күні елімізде атом электр сатнциясын салу болйынша жалпыұлттық референдум өтті. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасты. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың 63,87 пайызы, яғни 7 820 918 адам дауыс берген. Бақылаушылардың сөзінше халықтың басым бөлігі түске дейін дауыс беріп үлгерген, бұл қазақстандықтардың сайлауға деген қызығушылығының артқандығын көрсетеді. Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша өткен рефернедумның алдын ала EXIT-POLL нәтижесі де жарияланды. «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының сәліметі бойынша дауыс берушілердің 69,8 % АЭС салуды қолдап дауыс берсе, 30,2 % оған қарсы болған. Ал Евразиялық интеграция институтының зерттеуі бойынша қолдағандар 71,8 %,…
Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның үшінші exit-poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Еуразиялық интеграция институты Zakon.kz тапсырысы бойынша зерттеу жүргізді. Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның 159-ы қалаларда, 91- і ауылдарда орналасқан. 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Барлығы 6 өлшеу ұйымдастырылды. Exit-poll деректері бойынша азаматтардың 71,8% Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, 28,2% қарсы дауыс берген. Айта кетейік, АЭС бойынша референдум 6 қазанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87%-ы, 7 820 918 адам дауыс берді. Бірінші exit poll нәтижесі бойынша референда…
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Қазақстанның бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің мүлкі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. «Мен қазір барлық ақпаратты толық аша алмаймын. БАӘ-мен жұмыс жүріп жатыр, біз бірлесіп зерттейтін істер бар. Бұл жұмыс жалғасады. Мен сізге бір нәрсені айтайын – миллиондарды жымқырыпп, елден кеткен адамдар үнемі іздеуде болады. Біз бақылауды күндіз-түні жүргіземіз. Кейде бұл жылдарға созылады», — деді ол. Тілшілердің бірі Ғалымжан Қойгелдиевтен «Журналистер бүкіл тізімді беріп тұрса, конференция өткізіп не керек?» деп сұрады. «Жұмыс жүріп жатыр. Бізде реестр бар, ондағы ақпарат шектеулі мәліметке жатады. Бәрін ашып айта алмаймыз. Онда…
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов елдегі жол-көлік оқиғаларының өскенін айтты. Ол бұл туралы өзінің X парақшасында жазды, деп хабарлайды деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. «Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 90%-ға өсті, сондай-ақ құрбандардың саны да артып келеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында теріс тенденция байқалады», — деді Берік Асылов. Ол осыған байланысты прокурорларға мемлекеттік органдармен бірігіп, оның себептерін жан-жақты тексеруді тапсырғанын айтты.
1 қазан Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді. Израиль тұрғындарына қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді. Израиль аумағына қанша ракета ұшырылғаны туралы нақты ақпарат жоқ. The Jerusalem Post Иран Израильге 400 ракета ұшырғанын жазды. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл шабуылды «Хезболла» басшысының қазасына жауап деп түсіндірсе, Иран сыртқы істер министрі «қорғану» деді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «Иран үлкен қателік жасады, бұған жауап береді» деп мәлімдеді. «Кімде-кім бізге шабуыл жасаса, біз оған жауап береміз» деді ол. Иран шабуылынан бір адам қаза тапты. Yediot Ahronot газетінің мәліметінше, Иерихона аймағының маңында жұмысшы зымыран қалдықтары тиіп қаза тапқан.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында туризм және спорт министрлігі тоғызқұмалақ тақтасының ғарышқа ұшқанын “BaiMedia” ақпараттық порталы хабарлады. «Тақта 9 қыркүйек күні ғарышқа ұшып кеткен, миссиясы аяқталған соң жерге қайта оралды. Бұл ерекше оқиға, өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болып келген тұңғыш ұлттық ойынымыз», — деген еді министрлік. Nege.kz редакциясының журналистері министрліктен тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа ұшыру құны қанша болғанын, «Роскосмоспен» қалай келіскенін сұраған. Тоғызқұмалақ тақтасын ғарышқа апарып келу үшін 2 628 000 теңге жұмсалған. Министрлік сөзінше, бұл іс «Жаңа пост» компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылған. Естеріңізге сала кетейік, Көшпенділер ойынына 5,7 млрд теңге бөлінген. Дола туристерден 300 миллион теңге ғана пайда тапты.
Германия канцлері Олаф Шольц қарашада Бразилияда өтетін G20 саммиті қарсаңында Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Die Zeit газеті жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Мәліметке сәйкес, Германия әлі бұл кездесу туралы ресми сұрау жібермеген. Егер қоңырау жүзеге асса, Шольц Украина үшін маңызды одақтас елдердің басшылары арасынан Ресей президентімен тікелей байланысқа шыққан бірінші жақ болмақ. Айта кетсек, соңғы рет канцлер Путинмен 2022 жылдың желтоқсанында сөйлескен болатын. Сонымен бірге, АҚШ президенті Джо Байден, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон да Ресей президентімен соңғы рет 2022 жылы сөйлескен еді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштерді қаржыландыру туралы айтылып, олардың қазіргі кездегі жауынгерлік қабілеттілігіне баға берілді, деп хабарлайды «BaiMedia» ақпараттық порталы. «Республикалық бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің 2025 жылға арналған шығыстары республикалық бюджет комиссиясы ЖІӨ-нің 0,68 пайызы мөлшерін құрады. Қосымша қажеттілік бар. Бұл мәселе 2025 жылғы бюджетті нақтылау кезінде қаралатын болады», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. Сондай-ақ, қазіргі уақытта елдің жауынгерлік қабілеттілігіне баға берілді. «Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сәйкес республиканың әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорғаныс сипатында болады және Қазақстанның ұлттық мүдделерді қорғау үшін дипломатиялық, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа да әскери емес құралдарды басымдықпен пайдалануға бейілділігін көрсетеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттердің…
Екі ел арасындағы келісімнің бастапқы нұсқасын Италия-Швейцария бірлескен комиссиясы 2023 жылғы мамырда әзірлеген. 27 қыркүйекте Швейцария оны ресми түрде мақұлдады, ал Италия мұны жақын арада істеуі керек. Шекара Роза үстірті, Каррель панасы және Гоба-ди-Роллин аймақтарында өзгермек. Ол жақта Альпідегі биік Маттерхорн шыңы мен тау шаңғысы курорттары орналасқан. Шекараны қайта бөлу мәселесі таулардағы шекараның көп бөлігі табиғи сызықтар бойынша (тау жоталары, мұздықтардың шеті немесе қар қабатына байланысты) өтетінінен туындаған. Температура көтерілуіне және мұз бен қар еруіне байланысты көптеген белгі жылжыған. Швейцария жағы шекараны өзгерту кезінде екі елдің экономикалық мүддесі ескеріледі деді. Нақты қандай өзгерістер болғаны келісімге қол қойылғаннан кейін жария етіледі.
Суицидке итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. «Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», — деп жазды ол. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жасаөспірімдер арасындағы суицид пен әскерилер арасындағы суицид жиілеген.