Автор: Карим Нурзат Бекзатбекулы

Атырауда жол қозғалысын реттеп тұрған патрульдік полиция қызметкерін көлік қағып кетті. Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Кадрлардан полция қызметкерінің жол үстінде жатқанын көруге болады. Атырау облысының полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. «30 қыркүйекте сағат 18:40-та Toyota Corolla көлігінің жүргізушісі қызметтік міндетін атқарып тұрған патрульдік полицейді қағып кетті. Оқиға салдарынан полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада. Департамент жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталып, сараптама қорытындысы бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетінін атап өтті. Жүргізуші күн сәулесінен жол қозғалысын реттеп тұрған полицейді байқамағанын айтып, болған оқиғаға өкініш білдірді.

Толығырақ

Өткен аптада ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері көршілес мемлекеттерде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Оның айтуынша, Ресей Федерациясының Самара қаласында 2023 жылдың сәуірінде өзінің танысын өлтірген Тәжікстан Республикасының азаматы Түркістан облысында ұсталған. Ол 2023 жылдың қазанынан бері іздеуде болған. Сондай-ақ, 2021-2023 жылдар аралығында Ташкент облысында көппәтерлі үйлерді жөндеу кезінде жалған құжаттарды ұсыну арқылы алаяқтық жолмен 180 млн 476 мың сом қаражатын иемденген Өзбекстан Республикасының азаматы Алматы облысы Қаскелендеұсталды. Ол 2023 жылдың қарашасынан бері іздеуде болған. Бұған қоса Бішкекте өзінің өгей қызын зорлағаны үшін 47 жастағы…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Президент құттықтау жеделхатында ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қытайды әлемдегі көшбасшы, әрі жаһандық орнықты дамуға, халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосып отырған қуатты мемлекет ретінде атап өтті. Сондай-ақ, ол  Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында…

Толығырақ

Қызылордада Антикор қызметкеріне 1 миллион теңге көлемінде пара бермек болған имам қызметінен кетті, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.  «Ыбырай молда мешітінің имамы Нұрман Талғат Нұрманұлы ҚМДБ-ның қаулысымен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оңалтуға жатпайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына байланысты қызметінен босатылды. Нұрманның ҚМДБ жүйесінен босатылғаннан кейінгі жұмыс орны мен қызметі туралы бізде мәлімет жоқ», — деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы. Айта кетейік, имам пара беру арқылы «деструктивті діни ағымды жақтаушылардан ақша алады және екі әйелі бар» деген сыбыстан құтылмақ болған. 

Толығырақ

Ақтауда әскери қызметкер өзіне қол жұмсады 39 жастағы сержанттың мәйіті 28 қыркүйекте өз үйінен табылған. «Әскери қызметкер бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметкердің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал негіз болған», — деп хабарлады Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Толығырақ

Франциядағы «Ұлттық бірлестік» ірі партиясының жетекшісі Марин Ле Пенге қатысты сот процесі басталды. Ол Еуроодақ қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды “BaiMedia” тілшісі. Саясаткермен қатар партияның басқа 23 мүшесі де қаржылық заң бұзушылықтар бойынша күдікке ілінді. Болжалды схемалар 2004 және 2016 жылдар аралығында жасалған болуы мүмкін. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, келтірілген жалпы шығын көлемі 6,8 миллион еуроға бағаланып отыр. Марин Ле Пеннің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, француз ультра оңшыл көшбасшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, 1 млн еуроға дейін айыппұл төлейді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке қатысуға 5-10 жылға тыйым салынуы мүмкін. 

Толығырақ

Норвегия билігі Ресеймен шекарада қоршау тұрғызу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы елдің әділет министрі Эмили Энгер Мель айтты деп жазды BBC агенттігі. Оның сөзінше, қоршау құрлықта 198 шақырымға созылған шекара бойына түгел немесе бір бөлігіне салынуы мүмкін. «Шекарадағы қоршау тосқауыл ретінде ғана емес, оған жақындаған адамдарды анықтауға мүмкіндік беретін жүйемен және технологияларымен де қызықтырады. Мұндай қоршау енді Норвегияда да шындыққа айналуы мүмкін. Бұл шара шекараның барлық немесе бір бөлігіне қатысты болуы мүмкін», – деді Норвегия әділет министрі NRK арнасына берген сұхбатында. BBC агенттігінің хабарлауынша, Норвегия жақында Ресеймен шекарада 200 шақырым қоршау тұрғызуды жоспарлап отырған Финляндиядан шабыт алған. Норвегия әділет министрі Эмили Энгер…

Толығырақ

Грекияда робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды «BaiMedia» тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Біздің команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары — Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов»,—делінген хабарламада. Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен…

Толығырақ

Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 30 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «BaiMedia» ақпараттық парталы. «Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды»,—делінген хабарламада. Айта кетейік, Дәурен Қосанов – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген. Ал 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын тәмамдаған. Әр жылдары Талдықорғандағы «Су-27» эскадрильясының командирі,…

Толығырақ

Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жіберілді. Бұл туралы құқық қорғаушы Инга Иманбай айтты. «Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», — деп жазды ол. Ербаян Мұхтар Астанадан Ыстамбұлға 27 қыркүйек таңғы 8:00-де ұшып кеткен. Естеріңізге сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде соққы алып, 6 ай комада жатқан.

Толығырақ