- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: Карим Нурзат Бекзатбекулы
Сот Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмады. Бұл туралы Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарман айтты. Сот экс-министрді ата-ана құқығынан айыруға негіз жоқ деп тапқан. «Азаматтық некеде болғандықтан, Салтанат балалардың отбасы мүшесі саналмайды екен. Ал сот заң бойынша ата-ана құқығынан тек отбасы мүшесін өлтірген жағдайда айырады деп түсіндірді», — деді ол. Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Қуандық Бишімбаев пен Назым Қахарманның ортақ 3 баласы бар.
Астанада 27 қыркүйек күні Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас Ассамблеясының кезектен тыс жиыны өтті. Жиында Ұлттық Олимпиадалық комитеттің жаңа бас хатшысы сайланды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Қазақстан ҰОК басқарушы органының отырысына Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин, ҚР спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев, сондай-ақ, олимпиадалық спорт түрлері бойынша 31 Ұлттық спорттық федерациялардың өкілдері қатысты. Геннадий Головкин спортшылардың Париж Олимпиадасындағы жетістіктеріне тоқталып, жарыс циклінің әлі де жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі жазғы ойындарға дайындықты қазірден бастау керектігіне назар аударды. Бас Ассамблеяның күн тәртібінде қаралған сұрақтардың бірі – жаңа бас хатшыны сайлау. Геннадий Головкин Әлімжан Ақаевтың кандидатурасын…
Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» фильмі «Үздік шетелдік фильм» номинациясында «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Фильм сәби кезінен әжесінің қолында тәрбиеленген баланың өмірін баяндайды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2023 жылдың күзінде Сан-Себастьяндағы (Испания) беделді кинофестивальде өтті. Сол жылы «Бауырына салу» фильмі «Үздік жастар фильмі» аталымында «Азиялық Оскар» сыйлығын алды. Бұл Австралияда орналасқан Asia Pacific Screen Awards киножүлдесі. Айта кетсек, «Оскарды» тапсыру рәсімі 2025 жылы 2 наурызда Лос-Анджелесте өтеді. Үміткерлер тізіміне қырғыз режиссері Руслан Акун түсірген «Жұмақ ананың табанының астында» (Рай под ногами матери) фильмі де енді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Президенттің бүгінгі Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды. Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.
26 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби аудандық соты биыл көктемде Зағамбар ауылында болған тәртіпсіздіктерден кейін дүние-мүлікті бүлдірген деп айып тағылған 14 адамның ісін қарай бастады. Олардың бәрі Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылып жатыр. Айыпталушылардың бесеуіне бұған қоса «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» айыбы тағылған. Істі судья Ғани Байарыстан қарап жатыр-деп хабарлады «Азаттық» радиосы. Бұған дейін айыпталушылар Ердос Өскенбаев, Жеңіс Әбдіразақұлы, Саят Мамай қамаудан кепілмен босатылған, ал Ермек Пернебаев, Әбдіғани Нармет, Ернұр Мейірбек, Асан Сауырбаев, Дәурен Қабыл, Нұрдәулет Әзімхан, Бексұлтан Кауке, Аян Төлебек, Нұрсұлтан Истамбеков, Жайсанбек Қалыбеков, Рахым Сламханды ешқайда кетпейтіні туралы қолхат беріп бостандықта жүр. Сот отырысына айыпталушылар…
Дәл қазір Таяу Шығыста Израиль мен Ливандағы «Хезболла» тобы арасындағы жағдай ушығып тұр- деп хабарлады «Азаттық» радиосы. «Хезболла» – саяси және әскери жағынан Ливандағы ең күшті топ. Тіпті «Хезболла» әскері Ливан әскерінен мықтырақ. Ливан парламентінде және үкіметінде «Хезболланың» адамдары отыр. Исламның шиит бағытын ұстанатын топты «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп те атайды. АҚШ, Батыс елдері және сунниттік араб елдерінің біразы, соның ішінде Сауд Арабиясы «Хезболланы» террористік ұйым деп таныған. Ал «Хезболланы» Иран қолдап отыр. «Хезболла» Израильдің кез келген жеріне жететін ракеталарымыз бар дейді. Топтың лидері Хасан Насралла 100 мың жауынгеріміз бар десе, АҚШ 2022 жылы «Хезболла» әскері 45 мың адамға жетеді…
Германия, Австралия, Канада және Нидерланд Ауғанстан билігін халықаралық сотқа берді. Басты себеп — әйел құқығының жиі бұзылуы. «Талибан БҰҰ Халықаралық сотының юрисдикциясын мойындамаса да, шешім Талибанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұмтылатын басқа елдер үшін тежегіш болады», — делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы желтоқсанда Қазақстан «Талибанды» террористік ұйым тізімінен шығарып тастады.
26 қыркүйек күні Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен және вице-президент Камала Харриспен кездесті, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Бұл туралы Владимир Зеленскийдің телеграм парақшасында жарияланды. Зеленскийдің Ақ үйге сапары кезінде АҚШ көшбасшылары Ресей Украинадағы соғыста «жеңіске жетпейді» деп уәде берді. АҚШ-тағы президенттік сайлауға 39 күн қалғанда Зеленскийді Ақ үйде қабылдады. Украинаның осы соғыста жеңіске жетуіне көмектесу үшін Америка президенті бейсенбі күні таңертең «әскери көмекті ұлғайту» туралы айттты. Алайда, Киев Ресейге соққы беру үшін АҚШ-та жасалған ұзақ қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат беру туралы ештеңе айтпады. Владимир Зеленский бұл мәлімдемені құптап, бұл оның еліне Ресейге қарсы…
Алматыда «Ауған» көрмесі жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауғанстанның Tolonews басылымы жариялады, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. Ресурс мәліметіне сәйкес, олар Алматыда көрме өткізуді жоспарлап отыр. Ауған көрмесі шамамен 20 күннен кейін ұйымдастырылады. «Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары аясында Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден астам кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынатын ауқымды бизнес-форум өтеді», — делінген хабарламада. Ауғанстанның Индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизидің айтуынша, Қазақстанның ірі қаласына көрмеге шамамен 300 делегат келеді. Олардың қатарында Ауғанстан билігінің өкілдері мен кәсіпкерлер болады. «Егер компания немесе ел өз өнімін әлемдік нарықтарда таныстырғысы келсе, көрмелерге қатысуы қажет. Бұл көрме Қазақстанда өте маңызды», – деп атап өтті Ауғанстанның…
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды6 деп хабарлайды «BaiMedia» ақпараттық порталы. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті желіде жазды. «Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі — боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ» делінген хабарламада. Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де…