- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: Карим Нурзат Бекзатбекулы
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы атанды6 деп хабарлайды «BaiMedia» ақпараттық порталы. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті желіде жазды. «Жұмыс барысында Қазақстан ҰОК басшысы World Boxing қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты халықаралық спорттық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуге көңіл бөледі. Сонымен қатар, оның комиссия басшысы ретіндегі басты міндеттерінің бірі — боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін Халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнату болмақ» делінген хабарламада. Айта кетелік, World Boxing Геннадий Головкиннің кандидатурасын алғашқылардың бірі болып бекітті. Жақын арада Олимпиадалық комиссия құрамына спорт әлемінің өзге де…
Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев бұл петицияны қолдамайды екен. «Егер Қазақстан халқының басым бөлігі қолына қару ұстай алмайтын болса, ел басына күн туғанда кім келеді, тез арада оларды кім дайындайды? Келісімшартқа көшу жағы, әлбетте, жақсы, бірақ ол ел экономикасына ауыр тиюі мүмкін», — деді ол. Петиция авторы әскердегі сарбаздардың өлімі әлсіз жүйенің салдары екенін жазған.
Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20%-ға қымбаттайды. Еліміздегі 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыздың 62-сінің тарифі көтерілмек. Стандарт вагондардың билет құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге, ал Тальго пойызындағы билеттер 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өседі. Сондай-ақ, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар, олардың 44%-ы тозған, бұл жолаушылардың сапалы қызмет алуына әсер етуі мүмкін.
Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдеу үшін арнайы фабрика, зауыттардың жұмысын жандандыру керек. Ол үшін ең алдымен бұл бағытты қолдайтын кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмейтін заң жобаларын қабылдау керек. Сонымен қатар, оларды тұрақты энергия көзімен қамту үшін елімізге АЭС керек.бұл туралы Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясында өткен жиында айтылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде берілген ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында «Байтақ» партиясы мен «Парасат» кәсіпкерлер Альянсы Президенттің қуатты өнеркәсіп құру жоспарындағы мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған мәселелерді көтерді. Баспасөз-мәслихатында сондай-ақ, елдегі экологияға зиянын тигізіп отырған мәселелр де қозғалды.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады. Жандос Шаймарданов, Президентке әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы айтты. Сонымен қатар, құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар берді. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту туралы баяндады. «Ұлттық статистика бюросына әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі берілді. Жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі. Бұл әкімшілік дереккөздері үшін сапа стандарттары мен халықаралық әдістемені қолдануға көмегін тигізеді, деді Жандос Шаймарданов. Агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін белсенді пайдалануды ескере отырып, статистикалық қызметті…
Ош қаласының маңындағы Ак Буура өзені тасып, Ош қласы мен Озгур ауылында сел жүрді. Тасқын салдарынан базарлар мен үйлер су астында қалып, қатты ағын көліктерді де алып кетті. Тасқын салдарынан 4 адам суға ағып кеткен. Мамандардың сөзінше бәрі де бір отбасының мүшелері, олар 44 жастағы әйел мен оның (19, 10 және 6 жастағы) қыздары. Қазір қыздардың денесі Өзбекстан аумағынан және шекара маңынантабылған. Тағы бір азамат түрғындарды эвакуациялау кезінде камаз көлігі басып қайтыс болған.
Қазақстанда сұранысқа ие 5 мамандық 1) Инженерия ❗️19 мың бос орын Кез келген елдегі тапшы мамандықтардың бірі. Білікті әрі білімді мамандардың көмегімен құрылыс индустриясы және өнімнің автоматтандырылған деңгейі артады. Қандай жағдай болмасын, елде дағдарыс бола қалған күннің өзінде инженерлердің сұраныста болатыны анық. ХХІ ғасырдағы инженерлерге қойылатын қос бірдей талап бар: бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру, екіншісі – жаңа технология тілін жетік түсіну. 2) IT саласы ❗️16 мың бос орын Әлемде қазір IT саласы бойынша Үндістан алдыңғы орында тұр. Компьютерді құрастыру мен сайт жасау кез келген техника тілін меңгерген маманға таңсық емес. Алайда оның күрделі функцияларын атқару, дамыту, ерекшелеу секілді…
Ғиззат Байтұрсынов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ICRIAP электронды индустрияны және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры болды.
️Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Зардап шеккен 24 жастағы әйел жедел облыстық ауруханаға жеткізілді. Ол жүкті болған. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасаған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция департаменті жұбайына пышақ салу дерегі бойынша күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Қазір оған қарсы «кісі өлтіруге оқталу» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Геннадий Головкин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық құраманың Париж Олимпиадасына әзірлігі жөнінде мәлімет берді. Ол ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық Олимпиада комитетімен, Азия Олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр. Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.