Автор: Карим Нурзат Бекзатбекулы

Әділет министрлігі eGovMobileBussiness мобильдік қосымшасында «Заңды тұлғаның цифрлық сенімхаты» жобасын іске қосты. Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «eGovMobileBussiness» мобильдік қосымшасында «ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ СЕНІМХАТЫ» қызметінің іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Аталған қызмет ұйым басшыларының өз қызметкерлеріне сенімхаттар ұсыну процесін айтарлықтай қысқартады және тездетеді. Бұрын заңды тұлғалардың басшылары сенімхаттарды тек қағаз түрінде рәсімдеді, бұл көлікке және кеңсе тауарларына белгілі бір уақыт және қаржы шығындарын талап ететін, сондай-ақ мұндай сенімхаттардың заңдылығын тексеру мүмкіндігі болмады. Енді заңды тұлғалардың басшылары онлайн түрде электрондық-цифрлық қолтаңбаны қою арқылы өз қызметкерлеріне жеңіл әрі қауіпсіз түрде сенімхаттарды бере алады,…

Толығырақ

2024 жылғы сайлау науқанында  өлімнен аман қалған, қан жапқан бетімен АҚШ туының астында жұдырығын жоғары көтерген Дональд Трамптың бейнесі кулььтік деңгейге жетуде. Трампты қолдаушылар «Күресіңіз! Күресіңіз! Күресіңіз!» деп айғайлауда. Пенсильваниядағы оқиға АҚШ-тың қауіпсіздік қызметінің сақадай сай қаруланған қорғаушылары мен борндалған автокөліктердің өзінен кез-келген адамның теракті жасауға болатынын білдірді. Тіпті бұрыңғы президенттердің де қорғанысының соншалықты мықты емес екенін бесенеден белгілі. Бұл американың саяси оқиғасындағы драмалық оқиғаның жылдар бойы ақпарат құралдары мен бейнематериалдарына азық болары сөзсіз. Әрине,  кешегі орын алған оқиға Джо Байденнің беделіне нұқсан келтіріп, оның АҚШ Президенттігіне сайлау науқанында жеңіске жетуге деген сенімін күмәнді етіп отыр. Бұған дейін,  Джо Байден…

Толығырақ

Бала кезінен қиындықтар мен жоқшылықты көп көрген екі елдің баласы АҚШ пен Еуропа тарапынан еліне жасалған әділетсіздікті жоәып, өз елдерін әлемнің жетекші еліне айналдыруды көздейтін тәрізді. Қытай және Ресей басшысы 40 рет кездесті. Тяньцзинде тұшпара әзірлеп, Владивостокта блины дайындаған еді. 2019 жылы Си мырза Путинді «ең жақын досым» деп атады. Путин 2024 жылы бесінші рет Президент болып сайланғанда өз ант беруі рәсімінен кейін алғашқы шетелдік сапарын Қытайдан бастауы тегін емес еді. Бұған дейін СИ үшінші мәрте сайланғанда алғашқы ресми сапарын Ресейден бастағаны белгілі. Жалпы екі елдің қарым-қатынас тарихына үңілсек, Ресей 1800 жылдан бастап Еуропа державаларының қатарында болды. Ресей билігі Цин…

Толығырақ

Жоғары деңгейде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар сапар аясында мынадай партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Толық тізім төменде: «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім; Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Реформалар және даму мемлекеттік комитеті арасындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық…

Толығырақ

Қазақстан мен Қытай басшылары Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк көліктері мен теміржол контейнерлерін жөнелту рәсіміне телекөпір режимінде қатысты. Іс-шара қатысушыларына Ұлы Жібек жолы бағытымен жүретін транзиттік рейс туралы бейнеролик көрсетілді. Шара соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Төраға Си Цзиньпин жүк паромдарының қозғалысын іске қосты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді. Бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуы мәдениет және…

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы ең алдымен шақыртуды қабыл алып, мемлекеттік сапармен келген Си Цзиньпинге ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы қарым-қатынастың дамып келе жатқанын айтты. – Сіздің сапарыңыздың мән-мағынасы өте зор, ерекше деп айтуға болады. Қытай Халық Республикасы – тату көрші, маңызды стратегиялық серіктес әрі басты одақтас мемлекеттің бірі. Берік достыққа және өзара қолдауға негізделген қазақ-қытай қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатыр. Мен мұны үлкен қуанышпен атап өтемін. Сіз Қазақстан мен Қытайдың мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Мұны жоғары бағалаймыз. Екі елдің ынтымақтастығын халықтарымыздың…

Толығырақ