2025 жылдың 5 сәуірінде Алматы қаласында “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара өтті. Бұл бастама – экологияны қорғауға бағытталған ел көлеміндегі ауқымды қадамдардың бірі ғана емес, халықаралық деңгейде мойындалған қоғамдық қозғалысқа айналып келеді. Іс-шара “Байтақ” Жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен партия мүшелері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары ғана емес, көршілес елдерден де ресми делегациялар қатысты. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің Жасылдар партиясынан келген қонақтар бұл жиынның халықаралық маңызын арттырды. Сонымен қатар, Орталық Азия мен Еуропа елдерінің ресми өкілдерінің қатысуы шараның аясын кеңейтіп, бірлескен экологиялық жауапкершілікті көрсетіп отыр. “Байтақ” Жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан…
Автор: nurlan
2025 жылғы 5 сәуірде Алматы қаласында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында экологиялық шара өтеді. Көктемнің келуі, табиғаттың жаңаруы аясында экология мен ұлттық құндылықтарды ұштастыратын «Таза Қазақстан: Табиғат пен Ұлттың Бірлігінде» атты ауқымды шарамыздың куәсі болыңыз. Бұл шараға көршілес мемлекеттердің жасылдар партиялары мен дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ жергілікті халық, билік өкілдері және қоғамдық ұйымдар қатысады. Шара барысында экологиялық мәселелермен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері, қолөнері және ұлттық ойындары насихатталады. Шараны ұйымдастырушы — «Байтақ» жасылдар партиясы. Табиғаттың жаңаруы мен «Байтақ» жасылдар партиясы бір-бірімен үндес ұғымдар. Өйткені, көктем шуағынан нәр алып тіршіліктің бойына жан бітуі жаңа өмірдің нышаны. Сол сияқты біздің партия экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіруге,…