Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды», — делінген Ақорда жариялаған құжатта.
Автор: samat
Астана қаласының тұрғыны Сұлушаш Оразақызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Айтуынша кәмелетке толмағандар істері бойынша сот оны 4 баласымен жалғыз баспанасынан айырмақ. Әлеуметтік желіге жүктелген үндеуде Сұлушаш Оразақызы 2018 жылы пәтері мен үйін сатып, қосымша несие алып, елорданың элиталы үйлерінің бірінен баспана сатып алады. Енді сол баспанасын кәмелетке толмаған балалар ісі бойынша сот пәтерді әкімдіктің тұрғын үй қорына өткізуін талап етіп шешім шығарған. Енді 02.10.2024 жылы аппеляциялық сот отырысы өтеді. Бұл соттың да әділ шешім шығаратынына күмәнмен қараған Сұлушаш Оразақызы Президенттен көмек сұрап, үндеу жариялаған. Аппеляциялық сот бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырса, күннің суығында балаларыммен далада қаламын ба деп қорқады…
BAYTAQ жасылдар партиясы АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабында конференция өткізді. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаевтың тапсырмасымен экология жанашырлары халықтық штабта бас қосып, АЭС Қазақстанға не береді, оның қандай мүмкіндіктері бар, деген сауалдарға жауап іздеді. Аталмыш шараға партия өкілдерінен бөлек, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Шарада сөз алған «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері Құмар Аусенов Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасының қазіргі жағдайы жайлы айтты. Ал ҚР Энергетика министрлігі Қоғамдық кеңесінің Энергетика және атом өнеркәсібі комитетінің төрағасы Еркебұлан Қожмамбетов АЭС энергетикалық тәуелсіздігі жайлы түсіндіріп өтті. Оның сөзінше Қазақстанға бір емес, үш АЭС керек. Жиын барысында BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы…
Алматы облысы Қонаев қаласында 2023-2025 жылдарға арналған Алматы облысының экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасының іске асырылу барысын талқылау бойынша есептік кездесу өтті. Аталмыш щараға Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев қатысты. Алқалы жиында Алматы облысындағы жылу энергиясын өндіретін көмір кәсіпорындар мен көмір отынын пайдаланатын жеке тұрғын үйлердің залалды шығарындарын азайту, аймақты көгалдандыру, су ресурстарын реттеу және қалдықтарды басқару мәселелері қаралды. Аталмыш проблемалардың алдын алу жолында қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, №3–ші жылу эклектр орталығын жаңғырту қажет. Ал көмірді пайдаланатын жеке тұрғын үйлердің залалдышығарындыларын азайту үшін Алматы қаласына жақын орналасқан аудандардың (Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Іле) қазандықтарын, тұрғын…
Қазір таңда елімізде қазақ тілінің тағдырына алаңдайтындарға қарағанда, оны білмейтіндердің ертеңіне алаңдайтын сәт келді. Қазақ тілін қолданушылар күн санап артып келеді, бұл қуанарлық жағдай. Оған Қазақ тілі қоғамы ұйымының “Көрнекі” жобасы да ат салысып келеді. Көрнекі жобасы тамақтану орындарының ас мәзірі де қазақ тілінде болуын талап етіп, сол бойынша көптеген жұмыстар атқаруда. Қазақ мемілекеті бола тұра, қазақ ас мәзірі болмауы бұл дұрыс емес, дейді жоба авторлары. Міне бұның бәрі қазақ тілінің болашағы, қазақ тілінің мәңгі өлместігінің айғағы болары шүбәсіз! Қазақстанда тұрып жатқан әр азамат, мемілекеттік тілін білуі керек деп ойлаймын. Мысалы мен шет елден келіп оқып жатқан қандаспын. Алғашында Қазақстанға…
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Бүгін облыс әкімі Н.Нәлібаевтың экологиялық науқанға аймақ жұртшылығын белсене қатысуға шақырған үндеуі жарияланды. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру. Акция 5 кезеңнен тұрады: «Таза өлке» апталығы (6-13 сәуір); «Киелі мекен» апталығы (14-20 сәуір); «Жасыл аймақ» апталығы (21-27 сәуір); «Өнегелі ұрпақ» апталығы (28 сәуір — 4 мамыр); «Мөлдір бұлақ» апталығы (5-11 мамыр) атты тақырыптық бағыттарда ұйымдастырылады. Қазақылықтың…
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаровтың айтуынша осы күнге дейін 10 облыста су тасу жағдайлары орын алды. Алдағы уақытта тағы да 217 ауыл су басудың алдында тұр. Төтенше жағдайлар қызметі әкімдіктердің су тасқынына дайын еместігі туралы 356 ескерту берілген. Айта кету керек, биыл су тасқынының алдын алу және оның салдарын жоюға ел бюджетінен 7 млрд астам теңге бөлінген. Самат Сапаралы
Биыл V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңінің басталу күні белгілі болды. 11 наурызда «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті. Атап айтқанда, кездесу барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жиын барысында «Ұлы Дала Жорығы» республикалық іріктеу турының өтетін орны мен басталу күні белгіленді. Осылайша, марафон-бәйгенің басталу нүктесі ретінде Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы анықталды. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы…
Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында танымал адвокат Макиш Есқараев банктер қалай тоналатынын айтты, сонымен қатар миллиардер, Freedom холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов пен қашқын банкир Мұхтар Аблязовқа қатысты пікір білдірді. Журналист “ескі билік Әбіләзовті қайтару үшін, оның ұрлаған ақшасын қайтару үшін миллиардтаған халықтың қаржысын жұмсады. Шетелдік адвокаттар жалдау, соттасу, заң компанияларымен жұмыс істеу — оңай шаруа емес. Мемлекеттің ақшасы кетті әжептеуір оларға. Қазір сол банкирлердің орнына Тимур Турлов деген банкир пайда болды. Естуімізше, министрлер кабинетінде жиі отырады. Үкіметтегілердің есігін жиі ашады. Президент те қабылдайды. Сауатты. Мықты бизнесмен. Өте белсенді жігіт өзі. Осы Турлов екінші Әбіләзов болып кетпей ме?” деген…
Қазақстанның жаңа салық кодексіне «сән-салтанат салығы» енгізіледі «Азаматтардың жалпы құны 130 мың АЕК болатын жеке заттарына салық сомасын көбейту ұсынылды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше 490 қазақстандықтың яхтасы бар. Ал оған салынатын салық көлемі 190 мың теңге шамасында (55 АЕК). Енді бұл меже көтерілмек. Мамандар Еуропа елдері сияқты салықты яхтаның ұзындығына қарай белгідеуді көздеп отыр. Мәселен, Грекияда яхта иелері 780 еуродан (383 мың теңгеден) 2340 еуроға(1 млн. 149 мың теңгеге) дейін салық төлейді. Самат Сапаралы Бізге жазылыңыз https://www.facebook.com/baimedia.info https://t.me/baimedia