- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі жолдауында кәсіпкерлерді қорғау, оларға жағдай жасау керектігін баса айтқан еді. Өз сөзінде президент: «2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш 7 пайыз шамасында» деді. Дұрыс. Шағын бизнесті қорғау, оның өсіп – өркендеуіне мүмкіндік беру керек. Президенттің бұл айтқандарын «Байтақ» партиясы қолдайды. Өйткені орта бизнес санаты күшейетін болса, мемлекеттің де, халықтың да әл-ауқаты көтерілмек. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Жұмыссыздық кемиді. Халықтың тұтынушылық қабілеті артады. Осы орайда «Байтақ» жасылдар партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянсын өз қанатына тартып, бірігіп жұмыс істеуге…
Алты ай қыстан кейін көктемді асыға күтетініміз рас. Жер бусанып, тіршілікке жан бітіретін көктем бұл жолы Қазақстанның бірнеше аймағындағы тұрғындарды әбігерге түсіріп, бірін үй-жайсыз, бірін азық-түліксіз қалдырса, енді бірі жақын туыстарынан да айырылып қалды. «Сақтансаң, сақтаймын» деген қағидаға талаптарымыз сай келмей, су тасқыны салдарынан Атырау облысында төтенше жағдай жарияланып, ел-жұрттың қаңғырып кетуге таяғаны мәлім. Дегенмен ағайын тату болса ат көп. Сындарлы сәтте бірі бас, бірі аяқ, бірі қанат болып, бір біріне демеу көрсете білген қазақ елі бірлігінің күшімен де бір сыналғандай. Қуантарлығы, ағайыны су кешіп жатқанда жер басып, емін-еркін жүре алмай, руы, жасы, жынысына қарамастан қол ұшын созғанына куә болдық.…
Үкімет тасқын салдарын жоюға қосымша қаражат бөлді 22,7 млрд теңге резервтен алынып отыр. Қаражат Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды, сондай-ақ көпірлер мен су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге, реконструкциялауға және құрылыс жұмыстары үшін әкімдіктерге беріледі. Baimedia.kz
АЭС салу не үшін қажет? ҚР Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалованың мәлімдеуінше, АЭС болашақта елімізді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қажет. Сол себепті оң шешім қабылданған жағдайда 2 реакторы бар, қуаттылығы 2 200 МвТ атом электр стансасын салу қарастырылуда. Ең бастысы – нысан салынса, қауіпсіз болуы керек Жиында сондай-ақ «Қазақстандық Атом электр станциялары» ЖШС-нің бас директоры Тимур Жантикин барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін реакторлардың таңдалатынын, Қазақстанда уран қоры мол болғандықтан, оны елімізде пайдаланудың маңызы зор екендігін жеткізді. Baimedia.kz
Қазақ тілін жасанды интеллект арқылы дамытудың моделі әзірленіп жатыр «KAZ-LLM жүйесі сізбен қазақша сөйлесе алады, сұрақтарға қазақша жауап береді. Қосымша орыс, ағылшын және түрік тілі қатар жүреді. Бұл жобаны биыл сәуірде қолға алдық, қазір шамамен 30 млрд токен жинадық. Қыркүйекте деректерді жинау жұмысын аяқтаймыз, ал айдың ортасында болжамды модель дайын болады деп жоспарлап отырмыз. 16 желтоқсанда жобаны қалың жұртқа жариялаймыз», — деді Назарбаев университеті Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты (ISSAI) директорының операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары Ербол Абсалямов баспасөз мәслихатында. Одан әрі қазақ тілінің ауқымды моделін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүзеге асырады. Baimedia.kz
Бұл туралы Антикор хабарлады. Биыл 144 әкімдік қызметкерінің қатысы бар 203 қылмыс тіркелген. Мәселен, Алматыда мәдениет басқармасы басшысының орынбасары «лауазымын теріс пайдаланды, бюджет қаражатын жымқырды» деп айыпталған. Ол мемлекетке 125 млн теңгеден астам залал келтірген. Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы да «лауазымын теріс пайдаланды» деп айыпталып отыр. Ол ұлының оқу ақысын төлеу және отын беру қажеттілігі туралы кәсіпорындарға заңсыз нұсқау берген. Қаржы мониториң агенттігінің мәліметінше, 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жобада бағаны негізсіз көтеру анықталған. Қазір 19,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Baimedia.kz
Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев мәлімдеді. «Біз мұны қуанышпен атқарамыз және тиісінше техрегламентке осындай өзгерістер енгізу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдар енгізуге тырысамыз. Егер барлық бес ел бізді бірауыздан қолдайтын болса, онда тұтастай алғанда Одақ аумағына мұндай автомобильдер әкелінбейді», — деді ол өз сөзінде. Baimedia.kz
Оқиға 14 шілде күні қоқыс өңдеу зауытында болған. Кәсіпорын жұмысшылары конвейер желісінде баланың денесін тапқан. Сәбидің мәйіті қоқыс дорбасына оралған. Қалалық полиция департаментінен оқиғаның мән-жайын сұрап білдік. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Баланың анасы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды», — дейді тәртіп сақшылары. Baimedia.kz
Қазақстандықтар жыл сайын 5 млн тонна тұрмыстық қалдық тастайды. Бұл туралы Астана қаласында өткен «Таза Астана: пластикалық пакеттер және оны қолданудың жаңа түрлері» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде айтылды. Қазақстанның BAYTAQ жасылдар партиясы Астана қалалық филиалы мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға елордадағы сауда орталықтарының өкілдері қатысты. Партияның қалалық филиалы төрағасы Шыңғыс Лепсібаевтың сөзінше қазақстандықтар жыл сайын 5 млн тонна тұрмыстық қалдық тастайды. Өкінішке орай оның тек 15-20 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Мамандардың сөзінше оларды қайта өңдеумен Қазақстанның тек 3 қаласында ғана айналысады. Олар: Астана, Шымкент және Жаңаөзен қалалары. Астана қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар…
Риддер қаласының экс-әкімі Дәулет Батырбаев ұсталды Ол 200 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінген. Тергеуді қаржы мониториң агенттігі жүргізіп жатыр. Baimedia.kz