- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиеселі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды Бұл туралы бас прокуратура хабарлады. Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында құны 66 млн доллар болатын мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген хабарламада. Бас прокуратура мәліметінше, 2011 жылы мұнай терминалы Асқар Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған. Оның құны — 66 млн доллар.
Еліміз бойынша Түркістан облысының мектеп түлегі ҰБТ-да ең жоғары балл жинады. «Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже», деп хабарлады облыс әкімдігі. Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді. Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і — «Алтын белгіге», 2 466 оқушы — «Үздік аттестатқа» үміткер.
Француз жұлдызы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал Мадрид» сапына қосылды. Әлемнің ең үздік шабуылшыларының бірі ретінде танылған Мбаппе жаңа маусымда мадридтік клубтың құрамында өнер көрсетеді. Пари Сен-Жермен (ПСЖ) сапында көптеген жетістіктерге жеткен футболшы енді «Реал Мадрид» үшін жаңа биіктерді бағындыруға дайын. Жанкүйерлер Мбаппенің шебер ойынын «Сантьяго Бернабеу» стадионында тамашалауды асыға күтуде. Бұл трансфер футбол әлемінде үлкен қызығушылық тудырды.
60 жастағы ресейлік маман Станислав Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Станислав Черчесов 2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасын жаттықтырды. Ол Ресейде өткен әлем чемпионатының ширек финалына дейін құраманы алып шықты. Соңғы рет ол Мажарстанның «Ференцварош» командасында жаттықтырушы болып қызмет етті. Қазақстан құрамасы жаңа жаттықтырушымен осы айда екі ойын өткізеді. 7 маусым күні Армениямен, ал 11 маусымда Әзербайжанмен кездеседі. Күзде құраманы Ұлттар лигасының ойындары күтуде. Жаңа жаттықтырушы Станислав Черчесовтан қандай нәтиже күтесіздер?
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды Бұл туралы кәсіпкер өз Instagram-парақшасында хабарлады. Кейінгі жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерімізге қарамастан, бізде көп жоспар бар, соның арқасында Қазақстан параспорттаушыларды кәсіби түрде дайындай алатын, оларға жоғары көңіл бөлетін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға қолдау көрсететін елдің беделін одан әрі нығайта түседі, — деді ол. Еске салайық, Қайрат Боранбаевқа 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді.
Мемлекет басшысы ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен кездесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеалаға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті. – Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды, – деді Президент. Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік думасының Төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады
Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездестіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Президент басқа елдердің делегацияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалог мемлекетаралық байланыстарды нығайту ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. – Бүгінгі кездесу халықаралық ахуал тым шиеленіскен жағдайда өтіп отыр. Геосаяси текетірес өршіген кезде өңірлік қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатердің ауқымы да айтарлықтай өзгерді. Әлемдегі қақтығыс қауіпті деңгейге жетті. Әсіресе, Таяу Шығыстағы ахуал қатты алаңдатады. Газа секторында күн сайын…
Қазақстанның жас математиктері халықаралық олимпиадада жеңіске жетті Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушының қатысуымен Әл-Хорезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті. Бұл беделді жарыста Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, 100% көрсеткішке қол жеткізіп, төрт медаль иеленді. Олимпиадада қатысушылар жоғары деңгейде дайындықтарын көрсетіп, математикалық білімдерін сынады. Қазақстандық жас математиктер өздерінің білімі мен дарынын дәлелдеп, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл жеңіс Қазақстанның білім беру жүйесінің жоғары деңгейде екенін және болашақ ұрпақтың үлкен жетістіктерге жетуге қабілетті екенін көрсетеді. Жеңімпаздар мен олардың жаттықтырушыларын құттықтай отырып, алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жете берулерін тілейміз. Үсенқұл Шыңғыс
Оңтүстік Корея КХДР-мен әскери келісімді тоқтатуға шешім қабылдады Ел Сеул мен Пхеньян астаналары арасындағы сенім қалпына келгенге дейін әскери келісімді тоқтатуға шешім қабылдады. Корея Республикасы енді әскери-демаркациялық сызық бойында КХДР-ге қарсы барлау және бақылау операцияларын қайта бастайды. 2018 жылдың қыркүйегінде Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР лидері Ким Чен Ын шекараның жер, теңіз және әуе аймақтарында буферлік аймақтар құру және дұшпандық әрекеттерді тоқтату туралы әскери келісімге қол қойған еді. Үсенқұл Шыңғыс