Автор: shynggys

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы телеграмма жолдаған болатын.

Толығырақ

Мегаполис тұрғындары Ресейдің Алматыдағы консулдығына барып, Мәскеу облысындағы терактіде қаза болғандарды еске алу үшін гүл шоқтарын қоюда.Қазақстан халқы қайғылы жағдайдан зардап шеккендердің туған – туыстары мен жақындарына көңіл айтып, ғимарттың қақпасына «Аза тұтамыз», деген жазбалар қойылды.Қаза болғандары еске алған алматылықтар шам жақты.

Толығырақ

Ресейде 24 наурыз ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Владимир Путин ел азаматтарына арнаған видеоүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. Ресей президентінің айтуынша, террорлық шабуылға қатысы бар төрт адам ұсталды. Ол Ресейге қарсы шабуыл жасағандар жазаланатынын айтты. Путин зардап шеккендерді ауруханаларға жеткізген Төтенше жағдайлар қызметі мен ресейліктерге алғыс айтты. Сондай-ақ Ресей басшысы барлық зардап шеккен азаматқа көмектесуге уәде беріп, қаза тапқандардың отбасын көңіл айтты.

Толығырақ

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады. Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады. Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды. Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Толығырақ

Тоғыз боксшымыз Литвадағы халықаралық турнирдің финалына шықты Олар: Нұрсұлтан Алтынбек Асылжан Серікбай Алмат Әбдуәли Жандос Қыдыралиев Елнұр Сүйінбай Фарух Тохтасунов Азамат Бектас Тұрсынбай Құлахмет Абзал Құттыбеков Литваның Каунас қадасында өтіп жатқан Альгирдас Шоцикас атындағы бұл турнирге әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы қатысып жатыр.

Толығырақ

Ақорда хабары: Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді.

Толығырақ

22 наурызда Мәскеуде болған жағдайды АҚШ 7 наурызда ескерткені рас па? Шын мәнінде АҚШ елшілігі 7 наурызда Мәскеуде шабуылдар қаупі туралы ескерту жариялаған. Ол АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі сайтында жарияланған. Алайда ескертуде сақ болу керек деп алдағы 48 сағат айтылған. АҚШ билігі де 7 наурызда ескерту жасадық, бірақ дәл 22 наурыздағы оқиғадан хабардар болмадық деп отыр. Ал оқиғадан кейін елшілік өкілдеріне «Крокус Сити Холлдағы» террорлық шабуыл АҚШ елшілігінің 7 наурыздағы ескертуімен байланысты ма?» деген сұрақ қойылған. АҚШ елшілігі барлау мәселелеріне түсініктеме берілмейтінін хабарлады. Алайда қауіпсіздік мәселелері жөнінде АҚШ Ресей билігімен қарым-қатынаста екенін мәлімдеді. «Біз әлі де бүгінгі шабуыл туралы ақпарат жинап…

Толығырақ

«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы терроризмді мүлде  ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды. Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді. Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Толығырақ

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон құттықтау жеделхатында мыңдаған жылдан бері адамзатқа жол сілтеп келе жатқан берекелі Наурыздың көне ғұрыптары мен бай рухани тағылымы қазір де адамдарға шаттық сыйлайтынын айтқан. – Наурыз мерекесінің игі дәстүрлері елдеріміз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Сондай-ақ өзара ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық аясында одан әрі кеңейе беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов өз құттықтауында әлемнің көптеген елінде кеңінен тойланатын осы ғажап мереке көктемнің келуі мен табиғаттың қайта түлеуін білдіретінін жеткізген. – Наурыздың баршаға мәлім дәстүрлері мен мәдени әдет-ғұрпы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті дәріптейді. Бұл құндылықтар қазіргі кезеңде ең…

Толығырақ