Автор: shynggys

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында балалар көркем әдебиеттер тізімі жасақталды Балалардың кітап оқуға құштарлығын арттыру үшін «Балалар кітапханасы» бағдарламасы әзірленіп, әдебиеттің әртүрлі кезеңдері мен жанрларын қамтитын кітаптардың 1700-ден астам аталымнан тұратын көркем әдебиеттер тізімі жасақталды. ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, тізімде балалар әдебиеті; поэзия және проза, драматургия; көркем публицистика; көркем аудармалар; ұлттық фольклор (ертегі, аңыз, айтыс) қамтылды. «Балалар кітапханасы» бағдарламасы мен көркем әдебиеттер тізімі бекітіліп әкімдіктерге іске асыру үшін жолданды. Бағдарлама шеңберінде мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту көзделіп отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Толығырақ

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 20 мың білім беру ұйымдарына енгізілді Мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жұмыстарын күшейту. «Осы бағдарлама «Тәуелсіздік және Отаншылдық», «Бірлік және Ынтымақ», «Әділдік және Жауапкершілік», «Заң және Тәртіп», «Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік», «Жасампаздық және Жаңашылдық» идеяларын білім ұйымдарында іске асырудың негізгі платформасына айналады. «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүйелі іске асыру мақсатында тәрбие ісімен шұғылданатын 90 мың педагог бағдарламаның қыр-сырын ашатын курстан өтті», – деді ҚР оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Одан бөлек, барлық мектепте «Ата-аналарды қолдау орталығы» ашылып, «ата-ана, бала, педагог» арасындағы үштік одақ жұмысы жолға қойылды.

Толығырақ

Қазақстанда кейінгі 10 жылда 582 ауыл жойылған Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті. Оның сөзінше, елімізде 6,2 мың ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Бұл – жалпы халық санының 38,4%-ы. «ҚР Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңының талаптарына сәйкес, жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде кейінгі 10 жылда ауылдық елді мекендер саны 6838-ден 6256-ға дейін қысқарды. Яғни 582 бірлікке қысқарды», — дейді министр. Ол негізінен ауыл санының қысқаруы халық саны 50 адамнан кем ауылдарды жақын маңдағы ауылдардың құрамына енгізу арқылы жасалғанын айтты.

Толығырақ

«Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында 1,4 мың жоба іске асырылады Н. Байбазаров: «Ауылдық жерлерде инфрақұрылым мәселелерін шешудің басты құралдарының бірі – «Ауыл – ел Бесігі» бағдарламасын іске асыру. 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен жалпы бағдарлама бойынша 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда».

Толығырақ

Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын ауылдардың қамтамасыз етілуіне мониторинг және талдау жүргізеді «Елімізде 6,2 мың ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам тұрады. Бұл – жалпы халық санының 38,4%-ы. Министрлік жыл сайын Өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес ауылдардың қамтамасыз етілуі деңгейіне мониторинг және талдау жүргізеді. Талдау нәтижелеріне сәйкес, жоғары және орташа деңгейде қамтамасыз етілген ауылдар санының артуы байқалады», — деп хабарлады ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Толығырақ

Азаматтарға жұбайының рұқсатынсыз несие алуға тыйым салынбақМұны қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың сөзінше, қазақстандықтардың көбінің қарыз алу себебі – құмар ойынға тәуелділік. “Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайларда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар», – деді ол. Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр.

Толығырақ

Қазақстанда инфляцияға қарсы шаралар кешені қайта қаралады Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, жедел және орта мерзімді сипаттағы 90 іс-шараны жүзеге асыру көзделген. Олар өнім өндіру көлемін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, сондай-ақ баға белгілеуді бақылауға, монополияға қарсы және сыртқы сауданы реттеуге бағытталған.

Толығырақ

100 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тен төлем алды 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 106,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 49,8 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 12 млрд теңге болды.

Толығырақ

Наурызнама онкүндігі – 19 наурыз – Жаңару күні Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді және қоғамды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге үндейді.

Толығырақ

Ұлыбританиядан Қазақстан тарихына қатысты құнды қолжазбалар мен құжаттар табылды Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында Лондон, Оксфорд және Манчестер қалаларындағы кітапханалар мен архивтерге, ғылыми орталықтарға барды. Мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды.  ortcom.kz

Толығырақ