Автор: shynggys

Тоқаев Ақордада жазғы олимпиадаға қатысатын спортшылармен кездесті Президент Ұлттық құраманың капитаны Асланбек Шымбергеновке Мемлекеттік туды тапсырды. Ұлттық олимпиада комитетінде өзгерістер болды. Олимпиада ойындарына дайындық штабы құрылды. Тәжірибелі мамандарды шақырдық. Белгілі спортшы Геннадий Головкин келді. Әр салада осындай өз ісінің нағыз шебері болуға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады. Біз – спортшыларға айрықша құрмет көрсететін елміз, – деді Мемлекет басшысы. Baimedia.kz

Толығырақ

Бұл – Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монета Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясындағы бұл монетаны айналымға шығармақ. Номиналы – 2 000 теңге. Монетаның жиегі марганец рудасының түсін білдіретін күрең қызыл түске боялған. Бұл ірі кен орнын Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Baimedia.kz

Толығырақ

Париж Олимпиадасында 80 спортшы қатысады Президент туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Ол спортшылардың Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берді. «Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленді. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды», — деді ол. Министр спортшыларды қолдау шаралары туралы да айтты. Baimedia.kz

Толығырақ

Өзбекстанда Әбу Насыр әл-Фараби жазған кітап табылдыНаманган облысы әкімдігінің хабарлауынша, онда табылған кітаптан бөлек XI–XIV ғасырға тән көне қылыштар да бар. «Сирек кездесетін үш кітапта ғылым, философия және тарихқа қатысты бірегей білім жазылған», — делінген хабарламада.Baimedia.kz

Толығырақ

Қазақстанда келесі жылдан бастап Ұлттық кітап күні тойланады Бұған дейін ҚР Туризм және спорт министрлігінің бастамасымен тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланған болатын. «Жоба қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 23 сәуір — Ұлттық кітап күні мерекесін мерекелік күндер тізіміне енгізу мақсатында әзірленген», — делінген қаулы жобасында. Құжат 22 мамырға дейін қоғам талқысына ұсынылды. Baimedia.kz

Толығырақ

Украинада қаралы күн 8 шілдеде Киевте ел бойынша ең үлкен «Охматдет» балалар ауруханасына ракетамен шабуыл жасалды. Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі онда 600-ге жуық науқас пен қызметкер болғанын, бірнеше операция жасалып жатқанын хабарлады. Оқиға салдарынан 27 адам қаза тауып, 100 азамат зардап шекті. Ресейлік БАҚ бұл Украинаның өз зымыраны болды деп мәлімдеді. Ал президент Владимир Зеленский мұндай мәлімдемелерді жоққа шығарды. БҰҰ Ресейдің зымырандық шабуылын қатаң айыптады. Еуропалық Одақ та дәл осындай ұстанымда. «Балаларға шабуыл жасау арқылы Ресей бейбітшілік келіссөздеріне қатысты өзінің қатыгездігі мен толық сенімсіздігін тағы бір рет көрсетті», — деп атап өтті одақ өкілдері. Baimedia.kz

Толығырақ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС экологиялық нормаларды қатаң сақтайды«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) өзінің өндірістік қызметін ҚР экономикалық заңнамасына, өзінің экологиялық саясатына, сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген нормативтік-рұқсат құжаттарына сәйкес жүргізеді.Кәсіпорын санитарлық-қорғау аймағындағы және жақын маңда орналасқан «Жұлдыз», «Қарабастау», «Қаратөбе» ауылдарындағы бақылау бекеттерінде атмосфералық ауаның жағдайына кесте бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады.ҚР экология кодексінің талаптарына сәйкес аккредитациядан өткен зертхана – «РеактивСнаб» ЖШС кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы бақылау бекеттерінде экологиялық мониторинг жүргізеді және алынған деректерді Шымкент қаласының экология департаментіне жібереді. Сондай-ақ қадағалаушы орган кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы ауаның сапасын тексеру жөніндегі жоспардан тыс бақылап тұрады. Зауыт Экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған емес…

Толығырақ

Төрт адам жыл бойы Марста «тіршілік етті»: NASA ең ұзақ әрі ең қымбат экспериментті аяқтады Төрт ерікті «Марс блогынан» — Қызыл ғаламшардағы болашақ колонистердің өмір сүру жағдайын бақылауға арналған тәжірибелік кешеннен шықты. Экипаж бір жылдан астам уақытты сыртқы әлемнен оқшау өткізді. NASA-ның бұл эксперименті Марсқа болашақта адам жіберу және ол жерде ұзақ мерзімді тіршілік ету үшін маңызды қадамдардың бірі болды. Төрт ерікті өздерінің өмірлерін ғылымға арнап, адамзаттың ғарышты бағындыру жолындағы маңызды мәліметтерді жинады. Baimedia.kz

Толығырақ

• «Шевронмен» келісімді қайта қарайтын кез келді! • Өткен жазбамызда Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ кен орындарына байланысты жасалған келісімшарттар қайта қаралсын һәм қазақстанның мүддесіне сай жасалсын деп ұсыныс айтқан едік. Сондай-ақ, осы мәселені көтере отырып, «Байтақ» жасылдар партиясы «Парасат» кәсіпкерлер альянсымен бірлесіп петиция жариялаған едік. Қолдап жатқандар көп.Енді осы кеніштерге байланысты жеке-жеке тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Алдымен «Теңіз» кенішіне тоқталсақ. Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылған. Мұнай қоры 3,2 миллиард (25,5 млрд. баррель) тонна. 1993 жылдың 6 сәуірде ҚР мен «Шеврон» компаниясы арасында келісім жасалды.Осы кеніште игеру үшін «Теңізшевройл» ЖШС құрылды. Қазіргі таңда ТШО-ның біраз серіктестері бар. Олардың үлесі«Шеврон» -…

Толығырақ