- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Энтони Джошуа екінші раундта UFC-дің экс-чемпионы Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері камерундықты кездесудің бірінші раундында нокдаунға түсірді. Екінші раундта Джошуа тағы да қарсыласын нокдаунға түсірді, төреші екінші нокдаунда есеп ашқанымен, Нганну жекпе-жекті жалғастыруды ұйғарған. Алайда 22 секундтан кейін британдық файтерді нокаутқа түсіріп, он раундтық жекпе-жекте жеңіске жетті. Камерундық осымен бокс ережелері бойынша екінші кездесуге шыққан еді, ол бұрын Тайсон Фьюриге қарсы дебют жасаған еді. Нгану бұл кездесуде есеп айырмасымен жеңіліс тапқан болатын. Тағы да оқыңыздар: nur.kz
ҰҚК Ресейде Қазақстанның екі азаматы өлтірілгенін растап, қазір тергеу жүріп жатқанын хабарлады «БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады», — делінген хабарда. Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқаны айтылады. t.me/askerenews
Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан әлемдік іріктеу турнирінің 6-жарыс күні Ұлттық құраманың 4 өкіліне жеңіс оңайшылықпен келмеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әуелі Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға екінші мүмкіндік алған 66 келідегі Наталья Богданова алғашқы айқасында Аргентина спортшысы Лорена Соледад Бальбуэнаға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен ұтты. Сондай-ақ, күндізгі сессияда 80 келідегі әлем чемпионы Нұрбек Оралбай 1/16 финалда қара күштің иесі, Того мемлекетінің спортшысы Прева Падабадиді техникалық шеберлігімен жеңді. Енді ол 1/8 финалда өте қиын болады. Себебі, оның қарсыласы 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алексей Алфёров (AIN) атанады. Кешкі сессияда бұған дейін ең…
Су кодексі еріккеннің ермегі емес Жыл өткен сайын тұщы су мәселесі әлем бойынша қат болып бара жатыр. Тіпті аты жер жарған аузы дуалы сарапшылардың өзі «алдағы уақытта болуы мүмкін соғыстар мұнаймен газ емес, су үшін болады» деген болжам жасауда. Жаһандағы 146 мемлекет 263 трансшекаралық өзендердің суын пайдаланатынын ескерсек, бұл болжамдардың өзегінде шындық жатқаны анық. Дәл мұндай жағдай Орталық Азия елдерінде де бар. Кезіндегі өзбек президенті Ислам ака Каримов «кіндік Азияда жатқан бес ел (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстан) суға бола текетіресіп қалуы әбден мүмкін» дегенді айтқан-тұғын. Бұл сөзде жан бар. Тәңіртаудан аққан су жолдарын қырғызбен тәжіктің жолдан байлап алуы,…
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдадыЕржан Сәденов: елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді; ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған; құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде…
Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар кезінде салық салынатын табыс 50 пайызға төмендейді Мәжіліс Салық кодексіне ғылым мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Түзетулер салықтық преференциялар беру арқылы ғылымның дамуын ынталандыруға бағытталған. Заң жобасы аясында салық салынатын табысты есептеу кезінде шегерімдерге ғылыми қызмет субъектілерінің тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге немесе сатып алуға бағытталған шығыстары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу университеттері жанынан ғылыми орталықтар құруға жұмсалған шығыстар енгізіледі. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу кезінде шегерімге жатқызылған соманың салық салынатын табысын 50 пайызға азайту көзделеді.
«Қос халыққа – қос мемлекет»: Қазақстан алдағы Рамазан айында Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам ынтымақтастығы ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты. Бұл жиын Джидда қаласында өтті. Мұрат Нұртілеу өз сөзінде Газа секторындағы ұзаққа созылған гуманитарлық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді, одан шығудың бірден-бір жолы әскери қимылдарды жақын арада тоқтату болуы мүмкін. Бұл тұрғыда ол сондай-ақ Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсетуге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және KazAID агенттігінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Қазақстан өңірдің барлық тұрғынына бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін күш-жігерді күшейтуге шақырды, бұл алдағы…
Екібастұзда Президент тапсырмасы бойынша жаңа Балалар шығармашылығы орталығы ашыладыАуданы 7,2 мың шаршы метр болатын заманауи орталық балаларды сапалы қосымша біліммен қамтуды кеңейту мақсатында салынып жатыр. Аталған нысанның құрылысына 5,8 млрд теңге көлемінде демеушілер қаражаты тартылды. ortcom.kz
Қазақстанға гүл қай елдерден әкелінедіӨткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.2023 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері:
Ғылымды қаржыландыру тәртібі бұрынғыша қалады Жаңа заң жобасында ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың қолданыстағы тетігі сол күйі қалды, ол төрт нысанда жүзеге асырылады. Негізгі қаржыландыру мемлекеттік тапсырмаларды және олардың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын ғылыми ұйымдар қызметінің қолданыстағы мазмұнын қамтиды. Гранттық қаржыландыруға ғылыми ұйымдардың конкурстық негізде жасалатын ғылыми зерттеулерді жүргізуге, соның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстары кіреді. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық ғылыми зерттеулерге бөлінеді және конкурстық негізде жүргізіледі. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бес жылдан аспайтын мерзімге іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қазіргі шығындарды қамтиды.