Автор: shynggys

Әйгілі ақын-жырау, Абылай ханның кеңесшісі, «көмекей әулие» атанған көреген, мемлекет қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына биыл даталы 330 жыл толып отыр. Бұқар жыраудың туған кезеңі, балалық шағы, жалпы өмірбаяны, өмірден өтуі туралы нақты дерек болмағанымен, ол туралы ауызша жеткен аңыздар мен деректер, өзінің жыр толғаулары арқылы өзі өмір сүрген заманды бағамдай аламыз. Бұқар жырау өмір сүрген кезең – Қазақ хандығын Тәуке, Болат хан, Абылай хандар билеген заман болатын. Бұқар жырау – аса ірі тарихи тұлға. Өзі тұстас көрнекті қайраткерлер арасында ең көп жасағаны да, қазақ өміріндегі ірі оқиғаларға ең көп қатысып, оларды өз шығармашылығы арқылы суреттеп, шығармаларында тарихи дәуірдің іздерін…

Толығырақ

Қазіргі тарихнамада Қазақ хандығының шығыс шекарасында ұзақ жылдар бойы көрші өмір сүрген, белгілі дәрежеде бейбіт араластықта болған мемлекетке қатысты Жоңғария атауы қолданылады. Бұл біздің тарихнамаға және қарапайым халықтың тарих туралы түсініктеріне сырттан, нақты айтсақ Ресей арқылы таңылған атау. Шын мәнінде ХVІІ –ХVІІІ ғасырларда бұл халық өздерін «дүрбен-ойрат» атады, яғни «төрт ойрат», яғни мемлекет атауы Дүрбен- ойрат.  Бірінші адасу  Батыр  Убуши Түмен өзінің ойрат тарихына қатысты 1819 жазылған еңбегін  «Дербен-Ойрат шежіресі» деп атайды (Сказание о Дербен-Ойратах//Калмыцкие историко-литературные памятники в русском переводе. Элиста,1969, 15-49 бб.).  Батыр Убуши Түмен  «Зюнгар/Жоңғар» атауын тек чорос/цорос тайпасына  қатысты ғана қолданады. Бұл мәселе түсінікті болу үшін қалмақ…

Толығырақ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Франциядан табылған Қасым ханның әйелі Айша ханымның қолжазба көшірмесін басып шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy. Қолжазба — түркі тіліндегі (қыпшақ диалектісі) мұсылман теологиясы бойынша жазылған. Ғалымдар белгілі шығыстанушы В.П.Юдиннің XVI ғасырдың басындағы «Таварих гузида Нусрат нама» қолжазбасын көне қазақ тілінде жазылған деп сипаттағанына сүйене отырып, бұл жазбаны да аталған туындыға жақын деп тұжырымдайды. «Қолжазба жеті тараудан тұрады. Әрбір бөлім исламның қасиетті кейіпкерлеріне қатысты бір немесе бірнеше хикаялармен толықтырылған. Бұл еңбек XV ғ. соңында өзбек-қазақ сұлтаны Қасым Жаһангирге (Қасым хан) үйленген Тимуридтердің…

Толығырақ

Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды.…

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады Дмитрий Малаховтың баяндамасынан: қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған; криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған; 49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр; террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1,2 мың әрекет анықталып, оларға шектеу қойылған. 41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылған; алаяқтық белгілері бар 8 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 4,8 мың онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылған; екінші деңгейлі банктермен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 21 жасқа толмаған азаматтардың букмекерлік…

Толығырақ

САНАНЫ СЕРПІЛТКЕН СЕМИНАР «Ізденген жетер мұратқа» демекші, білім деңгейіңді көтеру қай жаста болсаң да артықтық етпейді. Ақпанның алғашқы күндері Астанада «Байтақ» партиясы өңірлердегі барлық деңгейдегі депутаттардың басын қосып, «Әділетті Қазақстан және Жасыл идеология» атты семинар өткізді. Бұл коммуникациялық бірегей жоба экологиялық саясат, мемлекеттік басқару және тұрақты даму саласындағы көшбасшыларды даярлауға арналған. Партия төрағасы Азаматхан Амиртаевтың семинарды ашқан кездегі сөзі экологиялық айыппұлдардың, қоршаған ортаға эмиссияларды есептеудің, аталған бағыттар бойынша салық түсімдерінің және олардың пайдаланылуын бақылаудың маңызды мәселелеріне арналды. Семинар қоршаған орта мәселелері мен және тұрақты қоғамды дамытумен, түрлі салаларды реформалаумен, климаттық күн тәртібімен, ESG қағидаттарын енгізумен айналысатын партиялардың, мемлекеттік құрылымдардың және…

Толығырақ

 Қасым-Жомарт Тоқаев Тамаш Шуйокты құттықтады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады. – Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi

Толығырақ

«Абылай хан — есімін бір облысқа берерлік кесек тұлға»: Зиялы қауым Щучье қаласы атауының өзгеруіне қатысты не дейді Таяуда ғана әлеуметтік желіде Щучинск қаласы Абылай хан болып өзгертіле ме деген сөз шығып, қоғамның талқысына түскен. Әлбетте, бұл бастаманы қолдайтындар да, оған өре түрегеліп қарсы шығатындар да біздің елде табылады. Осы ретте тарихшы, қоғам қайраткері не дейді? Qaz365.kz тілшісі біразының пікірін сұрап білген еді. «Уақыт бізге жұмыс істеп тұр» Аманай Сейітқасымов, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі: – Егемендік алғалы бері ұлттық құндылықтарымызды түгендеп, ұлттық идеологиямызды жүргізуге тырысып жатырмыз. Қала, көше, елді-мекен атауларын қазақшалайтын уақыт келді.…

Толығырақ

Кенжехан Матыжанов: Кей ғалымдар университеттегі қосалқы дөңгелек сияқты Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ғылым салалары бойынша жұмсалған ішкі шығындар соңғы екі жылда 121,560,1 млн теңгені құрады. Оның ішінде жаратылыстану ғылымдарына – 36 030,0 млн, ал гуманитарлық ғылымдарға – 9267,0 млн теңге бөлінген. Республика бойынша магистратураны бітіргендер саны – 22193 адамды құраса, докторанттар саны – 1536 жас ғалымды құрайды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Соңғы жылдары жас ғалымдарды қолдау мен ғылымды дамытуға, жобаларын іске асыруға мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар көптеп бөлінуде. Алайда отандық ғылымға жаңалық әкелген жас ғалымдар саусақпен санарлық. Әсіресе магистратура мен докторантураның стипендиясы артқанда, ғылым саласында қызмет етуді емес, грантқа түсуді ғана мақсат еткендер  көбейді.…

Толығырақ

Ашылу керек 5 нысанның 4-еуі дайын емес: Бектенов Ұлытау облысының әкіміне ескерту жасады Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Жиында Ұлытау облысында салынуға тиіс медициналық нысандардың құрылысы кешігіп жатқаны айтылды. Үкімет басшысы құрылыс мерзімін жоспардағы уақытында аяқтамаған өңірлерге тоқталды. Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды. Жиында Ұлытау облысында салынуға тиіс медициналық нысандардың құрылысы кешігіп жатқаны айтылды. Үкімет басшысы құрылыс мерзімін жоспардағы уақытында аяқтамаған өңірлерге тоқталды. «Былтыр Ұлытау облысы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуға тиіс болған. Оның төртеуінің құрылысы әлі аяқталмады. Облыс жыл бойы небәрі бір-ақ объектіні пайдалануға берді. 4…

Толығырақ