Автор: shynggys

Қызылорда облысында фабрика өртеніп, 4 мың бөдене қырылып қалды. Облысық полиция департаментінен хабарлағандай, оқиға 28 ақпанда таңғы сағат 04.30 шамасынла болған. «Сырдария ауданы Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды», — делінген ТЖД хабарламасында. Зардап шеккендер жоқ, алайда 4 мың бөдене өртеніп кеткені айтылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. «Өрт сағат 05.41-де оқшауланып, 06.12-де жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды», — делінген хабарламада. 📢Qaz365kz

Толығырақ

Мемлекет басшысы теміржол саласының ардагерлерімен кездесті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды. Мемлекет басшысы аталған салада ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандармен теміржолдың даму перспективасы жөнінде пікір алмасты. – Жол – тіршілік көзі. Теміржол болмаса, экономика дамымайды. Мен теміржол саласын өркендетуге баса мән беремін. Бүгін Сиань қаласында жаңа құрғақ порттың ашылуына байланысты маңызды шара өтті. Шын мәнінде, көлік-логистика саласы – басымдыққа ие бағыт. Қазір мемлекеттер көлік-логистика мүмкіндіктеріне ие болу үшін бәсекеге…

Толығырақ

Мемлекет басшысы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инновациялық орталығына барды Жиын барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласындағы көлік-логистика орталығының ашылу рәсіміне телекөпір арқылы қатысты. Мемлекет басшысы аталған сала мен жалпы Қазақстан-Қытай қатынастары үшін көлік-логистика орталығын ашудың маңызды екенін атап өтіп, нысанды іске қосты. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын Сиань құрғақ портында логистика орталығын салу жөнінде уағдаласқан болатын. Сиань – Қытайдың тораптық транзиттік орталығы және ең ірі құрғақ порт орналасқан қаласы. ҚХР мен Еуропа Одағы арасына қатынайтын контейнерлік пойыздардың 40 пайызына жуығы осы жерден жөнелтіледі. t.me/aqorda_resmi

Толығырақ

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады «Бірінші міндет – ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Бұл 655 МСАК нысаны. Екінші – ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету. 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр».

Толығырақ

Ұлттық банк жанынан алаяқтық операцияларға қарсы орталық құрылады Ұлттық банк жанынан алаяқтыққа қарсы орталық құрылады. Ол жалған транзакцияларды бақылауға және болдырмауға, ақша аударымдары мен алаяқтардан түсетін қоңырауларды қадағалауға жауапты болады. Бұл қазақстандықтарға қарсы жасалатын алаяқтық схемалармен күресуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық жүйелердің бірыңғай платформасы іске асырылады. Енді жеке компаниялар азаматтардың деректерін сақтамайды, жұмыс кезінде олар мемлекеттік деректер базасына жүгінеді. https://t.me/mazhilis_kz

Толығырақ

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының «Заманауи ұлттық мектеп – жаңа қоғам қалыптастыру жолы» тақырыбына арналған отырысы өтті. Іс-шара барысында білім беру, мәдениет, өнер саласының мамандары, сарапшылар, ғалымдар және сенаторлар ұлттық білім беру жүйесінің даму үрдісін талқылап, осы бағытты реформалау жөнінде ұсыныстарын білдірді. Толығырақ сілтеме бойынша @senate_kz

Толығырақ

Бүгін — ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туған күні. Ақынның мұрасы қазақ халқы тарихының айнасы болса, патриоттық пен сүйіспеншілікке толы поэзиясы қазақ әдебиетінің жауһарына айналды. Ол азаматтық және саяси поэзияның дамуына орасан зор үлес қосты. Жамбыл Жабаевтың «Туған еліме» толғауы бүкіл Кеңес Одағына ақынның даңқын паш етті. 1936-1945 жылдар аралығында жарық көрген өлеңдерінің көлемі 13 мың тармақтан асты. Ақын елдің жетістіктер мен жаңалықтарын, Ұлы Отан соғысындағы жеңісі мен ерлігін ерекше ықыласпен дәріптеді. Оның шығармалары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған. Жамбыл Жабаев 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланып, 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ Ленин, Еңбек Қызыл Туы,…

Толығырақ