Автор: shynggys

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің проблемалары мен перспективалары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді. @senate_kz

Толығырақ

▫️ 2024 жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы жалпы сомасы 38,1 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. ▫️ Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. ▫️ Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы: — 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; — 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; — 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; — 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103…

Толығырақ

📌Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Басқосуда лудоманияға және заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрес шараларын қамтитын құжатты әзірлеу барысы талқыланды. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, лудомания бүгінде еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіре бастаған. Көбінесе жастар құмар ойындардың тұзағына түсіп жатыр. Сондықтан Жастар саясаты жөніндегі кеңес лудомания мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрестің орталығы ретінде осы саладағы жұмысты үйлестіріп келеді. Кеңес мүшелерінің пайымдауынша, қоғам мен мемлекеттік органдар лудоманияға қарсы күресті және оның алдын алу шараларын жүйелі түрде әрі бірлесе жүргізуі керек. ✅Мемлекеттік кеңесші жиынды қорытындылай келе, еліміздегі реформалардың ұрпақ болашағы үшін жасалып…

Толығырақ

27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні атап өтіледі. Халықаралық деңгейде алғаш рет 2014 жылғы 27 ақпанда Финляндияның Хельсинки қаласында мерекеленді. Бұл күні бүкіл әлемде азаматтық сектордың қоғамның барлық салаларын дамытуға қосқан үлесі туралы айтылады. Дүниежүзілік ҮЕҰ күні үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын, ұмтылыстары мен нәтижелерін көрсетеді.

Толығырақ

Аралдан бақ тайғалы қашан. Ықылым заманда гректер «Сақ шығанағы» деп ат қойған, одан кейін Окс теңізі, Хорезм, Жент дегенде атқа ие болған, X ғасырда арабар ғалымдары Кердері көлі деп атап, картасында сызған Арал теңізі және оның маңайы бүгінде түбегейлі өзгерген. Баяғы «балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған», мейманасы тасқан атақты теңіздің қазір жұрнағы ғана қалған деуге болады. Бір мысал келтіре кететін болсақ, суы мол кезде теңіз өңірінде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген еді. Осының өзі көп нәрседен хабар берсе керек-ті. Арал неден тартылды дегенге келсек, оның бірнеше себебі бар. Мәселен:…

Толығырақ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды. Боксшы бұл қызметті алдағы төрт жыл көлемінде атқарады, деп хабарлайды, Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтті. Отырыс барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды. Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды. «Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында. 📢Qaz365kz

Толығырақ

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд теңге жұмсалды. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам. 2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге. @baq_kz

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамындағы өндіріс жұмыстарының жай-күйімен және кәсіпорынның даму перспективасымен танысты. Комбинат шикізат өндіруден бастап одан дайын өнім алуға дейінгі өндірістің бүкіл циклын қамтитын кеуекті титан, титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын әлемдегі біртұтас кәсіпорындардың бірі саналады. Өндіріс құрылымы 5 негізгі және 6 қосалқы цехтан, сондай-ақ еншілес әрі бірлескен кәсіпорындардан тұрады. Әлемдегі титан нарығының 11 пайызы Қазақстанға тиесілі, ал аэроғарыш саласындағы титанның 20 пайыздан астамын біздің ел қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысына комбинат өнімін Airbus, Boeing, TIMET, ATI, Safran, UKAD, Pratt&Whitney, General Electric, Dynamet, Howmet, POSCO, Baoti, MIDHANI секілді әлемдік ірі компаниялар сертификаттағаны туралы баяндалды. Қазақстан титаны кеме…

Толығырақ

Жылыой ауданы Құлсары қаласы СМП-615 ықшам аудан тұрғындары «көршілес» орын тепкен мұнай өнімдерін тасымалдау және өңдеумен айналысып отырған «БазисОйл» ЖШС-ні жабу, болмаса көшіру талабымен тағы да жиналды. САНИТАРЛАР НЕНІ АНЫҚТАДЫ «Өткен жылы Жылыой аудандық санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі Құлсары қаласы тұрғындарының 2022 жылғы 8 тамыздағы арызы және 2022 жылдың  23 тамыздағы тексеру тағайындау туралы актісі негізінде «БазисОйл» ЖШС-не (бұдан әрі ЖШС) жоспардан тыс тексеру жұмысын жүргізген болатын. ЖШС зауытқа мұнай өнімдерін автокөлікпен тасымалдап, өңдеп, одан әрі теміржол арқылы жөнелтеді. Тексеру барысында ЖШС-нің нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынбағаны, атмосфералық ауаға физикалық әсер ету деңгейі (шу, діріл, ЭҚК және басқа да физикалық факторлар) өлшенбегені анықталды.…

Толығырақ

Олжас Бектенов ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырды. ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту туралы баяндама тыңдады. «World Green Company» ЖШС көкөніс өсіретін жылыжай кешеніне барған Үкімет басшысы ондағы технологиялық үдеріспен танысып, дайын өнімдерді қарап шықты. Жылыжай аумағында көкөніс өсіруге барлық қажетті жағдай жасалған: суару, желдету, көлеңкелеу, ылғалдандыру, салқындату, жылыту және басқа да жүйелер жұмыс істейді. Бір жылда мұнда 6 мың тоннадан астам қияр мен қызанақ өндіріледі. Премьер-Министр ішкі нарықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етудің маңыздылығына…

Толығырақ