Ашаршылық жылдарындағы азаптар қазақ психикасына қалай әсер етті — психолог Нұргүл Молдабайқызы айтып берді. Астанада talqy.1465 алаңында аштық жарияланған дала тақырыбы сөз етілді. Жастармен кездесуде халықаралық психологиялық ғылымдар академиясың мүшесі, психолог және криминолог Нұргүл Молдабайқызы ашаршылық жылдарындағы нәубеттің қазақ халқының психологиясына қалай әсер еткенін сөз етті. Ол өз әңгімесін: «Біз «аштық жайлаған далада» тұрып жатқан жоқпыз. Біз сүйегіне аштық өтіп кеткен және аштығы ескерілмеген ұлттың ұрпағымыз» деп бастады. «Бұл тақырыпқа қазақтардың жақындай алмау себебін айтайын. Ғылымда кросс-мәдени (ағылшына cross) психолгия деген бар. Біздің атамыз, әкеміз көрген сұмдықтар бізге қан арқылы емес, тәрбие арқылы беріледі. Мысалы, бала кезден көбіміз «Нан қоқымын…
Автор: shynggys
1 қыркүйектен бастап әуесқой аңшыларға ақбөкен аулауға рұқсат беріледі. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, бұл мәселе аңшылық шаруашылықтарымен белсенді түрде талқыланып жатыр. «Әдеттегідей, 1 қыркүйекте аңшылық басталады. Мамыр айында аңшылықтан кейін санақ жүргізіліп, жылдың ортасында нақты санын білетін боламыз», — деді министр. t.me/stankznews
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Талқылауға депутаттар әзірлеген ғылым мәселелері бойынша заң жобасын қарау ұсынылады. Құжатта жергілікті атқарушы органдардың ғылым саласындағы өкілеттіктерін кеңейту, әлеуметтік кепілдіктерді ұлғайту және педагогтар мен ғылыми қызметкерлер үшін қосымша төлемдер беру көзделеді. Екінші оқылымда байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасы қаралады. Жоба телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, қалалар мен елді мекендердегі байланыстың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ ТМД елдерінің қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімдерге, зияткерлік меншік құқықтарының…
Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында 1-11 сынып оқушылары арасында робототехника бойынша «First Robotics» Central Asia First Championship байқауы басталды. 14 елден келген 200 команда төрт сала бойынша дайындаған роботтарды сынға түсіретін болады. Ал байқау жеңімпаздары ел намысын Америкада өтетін сайыста қорғайтын болады. @baq_kz
Мобильді операторлар уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін ескертті Activ/Tele2 операторының хабарлауынша, 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз. Компания «жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар барасында мүмкін болатын шектеулерді болдырмау үшін» абоненттерге тарифті алдын ала – ағымдағы жылдың 29 ақпанына дейін төлеуді ұсынды. Beeline да тұтынушылары үшін ескерту дайындап жатыр. t.me/stankznews
2024 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етеді. Еліміз осы ұйымды алдағы үш жыл бойы басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін қор президенті болып сайланды. Енді алдағы 3 жыл ішінде Арал теңізін жандандыру үшін бірқатар игі бастамалар қолға алынары сөзсіз. Айта кету керек, Халықаралық Аралды құтқару қорының құрамына Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіреді. Қор Арал теңізін құтқаруға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асырумен айналысады. 1960 жылдары тереңдігі 53 метр болған теңіздің қазіргі межесі 20 метр шамасында. Экло¬гиялық дағдарыс салдарынан Құрғаған теңіз түбінен шыққан тұзды шаңдар ауаға тарап, қоршаған ортаға…
Мемлекет басшысы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады. Эльвира Азимованың баяндамасынан: былтыр Конституциялық Сотқа бес мыңнан астам өтініш, оның 99 пайызы азаматтардан келіп түскен: азаматтар өз өтініштерінде сот актілеріне, лауазымды тұлғалар мен судьялардың іс-әрекеттерінің заңдылығына, қылмыстық жазаның түрлері мен шарттарына, қылмыстық қудалау кезінде адам құқықтарының сақталуына, еңбек және әкімшілік-құқықтық қатынастарда құқықтың қорғалуына қатысты мәселелерді көтерген. конституциялық іс жүргізу аясында азаматтарға кепілді заң көмегін беру шарттары, сондай-ақ құқықтық мониторинг пен заң шығару қызметі шеңберінде Конституциялық Сот қабылдаған шешімдерді және сот практикасының шолуын ескеру туралы ұсыныстар қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр; былтыр 558 құқық нормасы тексеріліп, нәтижесінде 29 нормативтік-құқықтық актіге…
Алматыда тұңғыш рет Бекзат Саттарханов туралы қойылым сахналанды. Қойылымда Бекзаттың дүниеге келуінен бастап, оның чемпион атағын алған сәтке дейінгі ғұмыры баяндалды. Сахнадағы спортшының болмысы жас жеткіншектерді қайсарлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. @qazaqparat_kz
Елдің дамуы энергия тұрақтылығына тікелей тәуелді. Ал, Қазақстанда 2035 жылға қарай электр қуатының тапшылығы 30 пайызға артады деген болжам бар. Біз әлемде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін қарастырып жатқан 27 елдің ішіндеміз. Жалпы, АЭС салу мәселесі 30 жылда елімізде бірнеше мәрте көтерілді. Тіпті, үш рет үкімет қаулы да қабылдады. Ал қазіргі алдын-ала есеп бойынша, елімізде әрқайсысының қуаты 1,4 мың МВт болатын 2 реакторлы АЭС салу керек. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында Қазақстанға АЭС салу қажеттілігі бар екенін айтқан болатын. Одан кейін Үкімет оның құрылысымен айналысатын елдердің тізімін жасады. Бастапқыда АЭС салу үшін қызығушылық танытқан төрт болды, олар Ресей, Оңтүстік…
Онлайн-жарнаманы таңбалау ережесі 2 наурызда күшіне енеді. Онлайн-жарнаманы таңбалау ережелерін бекітетін бұйрық «Әділет» порталында жарияланды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Былтыр 10 шілдеде Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңға қол қойды. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Құжаттағы көрсетілген негізгі құқықтық тетіктердің бірі – желідегі жарнаманы таңбалау міндеттемесі. «Біз зерттеген халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жетекші елдер онлайн-жарнаманың маңызды рөлін және оны онлайн-платформаларда көрсету тетіктеріне ерекше назар аударады. Сонымен қатар онлайн-жарнаманың ашықтығын арттыруға бағытталған талаптарды көздейді. Ережелердің бизнеске әсері оңтайлы бағаланды және толығымен Қазақстанның онлайн сегментінде кең таралуы қазіргі тәжірибе негізінде екенін атап өту…