- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Алматыда көлік ағашқа соғылып, төрт жас жігіт мерт болды Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол апаты бүгін түнгі сағат 2:20-да Алматының Медеу ауданында болды. Үлкен Алматы каналы бойымен шығыс бағытта келе жатқан Лада көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылған. Baimedia.kz
Әйгілі америкалық боксшы Рой Джонстың (кішісі) ұлы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Қайғылы хабарды боксшының өзі мәлім етті. Боксшының ДеАндре Джонс, Дешон және Рой Джонс III есімді үш ұлы бар. ДеАндре Джонс сенбі күні суицид жасап, өмірімен қош айтысты. Baimedia.kz
ШҰҒЫЛ! Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға санкция берді Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлады. Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штабтың басшысы Валерий Герасимовты Украинадағы азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындарға соққы жасады деген айыппен қамауға алуға санкция берді. Сот хабарында Шойгу мен Герасимовқа тағылған айыптар 2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың 9 наурызына дейін болған оқиғаларға қатысты делінген. «Күдіктілер адамзатқа қарсы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қасақана үлкен қайғы-қасірет немесе ауыр дене жарақатын немесе психикалық немесе физикалық денсаулыққа зиян келтірді деп санауға негіз бар», — делінген сот мәлімдемесінде. Baimedia.kz
Елімізде жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін «Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова. Сондай-ақ, министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты. Baimedia.kz
Су тасқыны. Бозымбаев үйлерді қалпына келтіру үшін қанша миллиард керегін айтты Үкімет басшысының орынбасарының мәлімдеуінше, су тасқыны басталғаннан бүкілі 12086 тұрғын үй мен 7380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 млрд теңге қажет. Қазіргі уақытта 6176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Вице-премьер зардап шеккен азаматтарға 2503 жаңа баспана салынып жатқанын атап өтті. Baimedia.kz
Бес банктің мобильді қосымшасы қауіпсіздігі жағынан әлсіз болып шықты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Нұрбанк, ВТБ, Halyk Bank, Bank RBK және Bereke Bank-ке ескерту жасады. Қосымшадағы негізгі олқылықтардың бірі клиенттерді ақпараттандырудағы кемшіліктер. Қашықтан басқару құралы туралы анықталған жағдайда бұғаттау жүргізілмейді. Ал банк операцияларын жүргізу кезінде клиенттің смартфонының геолокациясын екінші деңгейлі банк серверлеріне берген. Baimedia.kz
Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласында Aricell литий батареясын шығаратын зауытта ірі өрт болдыКейінгі сәтке дейін түскен мәліметтерге сәйкес, 20-ға жуық жұмысшы қазаға ұшырап, кемінде тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.Зауыттағы өрт 24 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10.30 шамасында басталған, кішігірім жарылыстар болған. Өрт сөндірушілер сағат 15.00-ге қарай өртті ауыздықтады деп хабарлады «Рёнхап» агенттігі.Агенттік мәліметінше, өрт кезінде хабар-ошарсыз кеткен 23 адамның 20-сы – шетелдіктер, арасында Қытай азаматтары бар. Зауыт қызметкерлерінің жұмыс кестесі жазылған құжат өртеніп, жойылғандықтан, хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан адам саны көбеюі мүмкін.
Елімізде сейсмологиялық зерттеулерге 1,5 млрд теңге бөлінеді «2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Сейсмология институты «Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы» деп аталды. 2024 жылғы 9 қаңтарда «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес, ол ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде бес жыл мерзімге аккредиттелген. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылым министрлігі 2024-2026 жылдарға жариялаған конкурсқа «Қазақстанның өңірлері мен қалаларының сейсмикалық қауіптілігін қазіргі ғылыми-әдістемелік негізде бағалау» ғылыми-техникалық тапсырмасы енгізілді», деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Тарихи жолдама Амир Закиров брейкингтен Олимпиада ойындарында бақ сынайтын тұңғыш қазақстандық атанды. Будапештте өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Амир Париж ойындарына жолдама алды. Ол финалға дейін жетіп, ақтық сында Нидерланды өкілінен жеңілді. Осылайша, екінші орынмен қатар, олимпиадалық квота иеленіп отыр. Үшінші орынды Оңтүстік Корея спортшысы еншіледі. Брейкинг биыл Олимпиада бағдарламасына алғаш еніп отыр. Baimedia.kz t.me/Baimedia
Шаруалар биенің сүтін Қытайға сатуды сұрап отыр — министрАуыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, «Қарағанды облысында саумал өндірісі бар. Өткен аптада сол жақты араладым, жігіттермен кездестім. Әр облыста бие сауып жүрген азаматтар бар. Саумалды өткізу проблемасы бар. Еуропа (нарығына) өте алмай отырмыз дейді, сұраныс шамалы. (Олар өнімін) Қытайға өткізуді сұрап отыр. Сондай-ақ (құрғақ бие сүтін) БАӘ-ге жіберіп жатырмыз. Ол жақта бұл өнімді құлындарға тамақ ретінде береді», — деді ведомство басшысы.Baimedia.kzt.me/Baimedia