Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады Рустам Қарағойшин: холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді; «Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайтынын айтты: компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті. компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндады: Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту; шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі. Мемлекет…
Автор: shynggys
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, Санжар Жаркешов: ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды; ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндады; өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқанын айтты. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады; елімізді газбен қамту жұмыстары туралы мәлімет берді: 11 өңірдегі 112 елді мекен газға қосылған. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген; компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлген;…
Соңғы жылдары ауаның ластануы әлемді алаңдатып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экологиялық ахуалды назардан тыс қалдырған емес. 2021 жылғы халыққа Жолдауында «Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды. Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн», деді. Осыдан-ақ экологиялық проблеманың белең алып тұрғанын байқауға болады. Статистикалық мәліметтерге қарасақ, Ұазақстанда жыл сайын атмосфераға 2,5 млн тоннадай, ал көліктерден 1 млн тонна улы зат шығарылады. Республикамыздың 15 ірі қаласында ауаның ластануы шекті деңгейден асады. Ең лас атмосфера Шығыс қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелген болса, Ақтау мен Петропавл ауасы…
Теміртау Қазақстандағы елеулі экологиялық проблемаларға тап болған өнеркәсіптік қала. Ластанудың негізгі себептері металлургия зауыттары мен жылу электр станциялары. Теміртаудағы металлургиялық зауыттар атмосфераға көптеген зиянды заттарды, соның ішінде күкірт диоксиді, азот оксидтері мен қатты қалдықтар. Бұл зиянды заттар көптеген ауруларға себеп болып отыр, оның ішінде қауіпті жүрек-қан тамырлары ауралары мен қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін. Ғалымдар Теміртаудың экологиялық проблемаларын шешу үшін өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңартуды ұсынып отыр. Экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, энергия көздерін дамыту қажет. Бұл шешімдерді жүзеге асыру үкімет, өнеркәсіп және қоғам арасындағы ынтымақтастықты арттыру керек.
Қазақстан су ресурсының 40 пайызы көрші елдерге тәуелді. Яғни, Ертіс, Іле, Сырдария, Жайық, Тобыл, Есіл және Шу өзендерінің бастауы шекараның арғы жағында жатыр. Ал олар жыл сайын арнаның басын бұрып, су көлемін азайтуда. Сондықтан бұл трансшекаралық өзендер стратегиялық және экологиялық басты мәселелердің бірі болып тұр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, шекарасын шегендеп, өзен-су арналарының тек қолдану туралы құжаттарға да қол қойды. Мұндай келісім-шарт 1998 жылы Өзбекстан, Қырғызстанмен, 2001 жылы Қытаймен жасалды. Алайда, әлі күнге дейін өзенді ортақ пайдалану мәселесі шешілер емес. Ғалымдар мұны әлемдік климаттың жылынуымен байланыстырады. Мәселен Ресейден келетін Жайық өзенінің суы 2007 жылдан бері 3 есе азайған. Ал сарқылып…