Автор: shynggys

Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды «Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», — деп жазды сарбаздың әкесі Тимур Жаналин Instagram парақшасында. Baimedia.kz t.me/Baimedia

Толығырақ

Солтүстік Арал теңізінде су көлемі арттыҚазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан кіретін мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға 997 миллион текше метр су ағатыны туралы келісімге келген.«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға 1,1 миллиард текше метр су құйылды. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы судың көлемі 21,4 миллиард текше метр болып отыр», — делінген министрлік таратқан хабарламада.Қазір теңізге секундына 50 текше метр су құйылып жатыр. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған еді.

Толығырақ

Қазақфильмнің» 300 млн теңгеге түсірген туындысы жеті-ақ мың теңге табыс әкелген «Аруақ» фильміне 300 млн теңге жұмсалса, табысы 7 мың теңге ғана түскен. «Композитор» фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша 2019-2023 жылдары бюджеті 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы 1,1 млрд теңге. Өкінішке қарай, осындай мысалдар өте көп. Сондықтан мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмеді деген күмән бар», — деді Сенат депутаты Бекболат Орынбеков. Оның айтуынша, 2016-2022 жылдары «Қазақфильмге» кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен оның 4,8 пайызы ғана ақталған. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

ChatGPT-дің қазақша нұсқасы желтоқсан айында іске қосылмақ Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақ тіліндегі мәтіндер мен сапалы аудармаларды жинап, қазақ тілі корпусы құрылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, өнім барлық қызығушылық танытқан стартаптар мен IT-компанияларға қолжетімді болады. Олар қазақстандық нейрондық желіні өз өнімдеріне енгізе алады дейді. Қазақша нұсқаны әзірлеумен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Назарбаев Университеті және нарық сарапшылары айналысады екен. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

Көктемде Каспийге 5 млрд текше метрден астам су жіберілді «Жалпы, су қоймаларында 12,5 млрд текше метр су жиналды. Қазір бізде үлкен 87 су қоймасы бар. Олардың бәрі 90 пайыздан астамға толып тұр. Ауыл шаруашылығына, өндіріске пайдаланылады. Мұнан бөлек, Каспий теңізіне 5 млрд текше метрден астам, Балқаш көліне 3 млрд текше метрден астам су жібердік. Сол сияқты Қызылорда облысындағы Тереңкөл өзеніне 1 млрд текше метр, Павлодар облысында лимандарға 6,7 млрд текше метр су жібердік. Жалпы есептегенде 18 млрд текше метр суды пайдаланып, 12,5 млрд текше метр су жинадық», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

Еуро-2024: Испания құрамасы Италияны ұтып, плей-оффқа жолдама алды B тобындағы екі құраманың ойыны Гельзенкирхенде (Германия) өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда Италия құрамасының ойыншысы Риккардо Калафиори (55-минутта) өз қақпасына гол соғып алды. Осылайша, испаниялықтар жеңіске жетіп, 6 ұпаймен B тобында көш бастады және 1/8 финалға шықты. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа қастандық жасағандар ұсталды Бұл туралы Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садықова хабарлады. Ол күдіктілер Қазақстан азаматтары екенін жазды. «Мейрам Қаратаев 09.05.1991 жылы туған және Алтай Жақанбаев 08.02.1988 жылы туған. Екеуі тапсырыс алып, 2 маусымда Киевке келген, жалдамалы пәтерде тұрып, Айдосты аңдыған, қылмысты жоспарлаған. Мейрам Қаратаев Қостанай облысы ішкі істер департаментінің қызметкері, оның үстіне қызметкерлер арасында нысанаға оқ атудан жүлделі орындар иеленген», — деп жазды ол. Еске салайық, Киевте белсенді Айдос Садықовқа белгісіз біреу қастандық жасаған. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

Елімізде құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлікке сән-салтанат салығы салынады “Жалпы бір немесе бірнеше нысан 450 млн теңгеден асып кетсе, онда мүлік салығының көтерілген мөлшерлемесі автоматты түрде енгізіледі. Сондай-ақ елге әкелінетін 75 млн теңгеден жоғары автокөліктерге 10% қосымша акциз салынады. Дәл сол сияқты 100 млн теңгеден асатын яхта, ұшақ, кемелерге де 10% белгіленбек. Яғни осындай мүлікті сатып алуға мүмкіндігі бар тұлғалар ұлғайтылған салық және акциз арқылы қосымша төлем жасайды”, — деді Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев. Көп салық салынатын заттардың тізімінде қымбат темекілер мен алкогольдік сусындар да бар. Мұның барлығы жаңа Салық кодексінің…

Толығырақ

Шахматтан Азия чемпионаты: қазақстандық жасөспірімдер 3 алтын алды Алматыда өткен шахматтан жасөспірімдер арасындағы 26-шы Азия чемпионатында Ақнұр Мамақова, Сәтбек Ахмединов және Алуа Нұрман блицтен алтын медаль жеңіп алды. Baimedia.kz https://t.me/baimedia

Толығырақ

Отарда комаға түскен сарбаз Алматыдағы әскери госпитальге ауыстырылды Жамбыл облысында комаға түскен қостанайлық сарбаздың жағдайы әлі де ауыр. Нұржігіт Әбділпатта қазіргі таңда Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталіне ауыстырылды. «17 маусымда сарбаз Алматы қаласы Әскери-клиникалық госпиталіне ауыстырылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сарбаз емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен қандай да бір жарақат анықталмаған. Аталған оқиға бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы келісімшарт бойынша әскери қызметші кіші сержант Д.Т.-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 451-бабының 1-бөлімімен (Билiктi асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғады. Сарбаздың сырқаттану себебі және оның күдіктінің әрекетімен себепті байланысы бар-жоғы тергеу барысында анықталады», — дейді Қорғаныс министрінің…

Толығырақ