Автор: shynggys

Шетелдік өнімдерді «Қазақстанда жасалған» деп сатып жатыр – Әшімбаев Елімізде сыбайлас жемқорлықтың 80% мемлекеттік сатып алулармен байланысты. Соның кесірінен де қазақстандық өндірушілер қолдаудан құр қалып отыр. Мәселені шешудің бір жолы бар. Мониторинг жүргізетін жүйе құрылуы тиіс. Мәулен Әшімбаев жаңа заңның осыған ықпалы болатынына сенім білдірді. «Біз кәсіпкерлермен кездесулерде осы мәселеге баса назар аударып келеміз. Олар кейбір жеткізушілер өнімді басқа елдерден әкеліп, оған «Қазақстанда жасалған» логотипін жапсырып қоятынын айтады. Осылайша, олар тендерлерге қатысып, демпинг пен төмен баға есебінен ұтып алу мүмкіндігіне ие. Егер осы заңды депутаттар қолдаса және оған Мемлекет басшысы қол қойса, мониторинг жүргізетін жүйенің құрылуына ықпал етеді деп үміттенеміз.…

Толығырақ

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойдыЗаң Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүдделерін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.Жаңа Заңға «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.Жаңа Заңда бірқатар тың ережелер қарастырылған.Атап айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді.Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. Оның…

Толығырақ

Кешіктірілген төлемі барларға несие алуға тыйым салындыТоқаев несие туралы заңға қол қойды.Жаңа заң бойынша азаматтар борышының өсуін болдырмау үшін мерзімі өткеніне 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді.Сондай-ақ әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептеуден босатылады. Baimedia.kz

Толығырақ

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге арналған күнтізбе жариялады: жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 25 тамыз аралығында; педагогикалық және денсаулық сақтау саласына байланысты мамандықтарға түсушілер үшін арнайы емтихандарды өткізу – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында; шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдау – 20 маусым мен 10 тамыз аралығында; шығармашылық емтихандарды өткізу – 7 шілдеден 15 тамызға дейін; білім беру гранты конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау – 13 шілдеден 20 шілдеге дейін; грант иегерлерінің тізімін жариялау – 10 тамызға дейін. Baimedia,kz

Толығырақ

 Лео Игита «Қайрат» футзал клубымен қоштасу ойынын өткізді Матч қақпашының достары және «Қайрат» АФК ойыншылары арасында өтті. Ойыннан соң спорттық шараны ұйымдастырушылар Игитаға құрмет көрсетіп, шапан жапты. Айта кетсек, Лео мансабын осы маусымның чемпиондары – Семейдің футзал клубында жалғастыруы мүмкін. Сонымен қатар оған бразилиялық футзал клубтары да қызығушылық танытып отыр.

Толығырақ

Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылдыБұл – VII ғасырдың ортасында қолданылған монета. Тиын батыс түріктердің мәдениетіне жатады.Ол Қоғалы алқабындағы қазба жұмыстары кезінде табылды. Baimedia.kz

Толығырақ

«Болашақтағы» жанжал: тараптар сотта келісімге келді Халықаралық «Болашақ» стипендиясын қайтару ісі бойынша тараптар сотта медиативтік келісімге келіп, татуласты. Орталықтың мәліметтері бойынша, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы стипендиат Валерия Гавриленконың кепілгерлері Наталья Воробьева мен Мақпал Дарибаеваға қарсы сотқа шағым түсірген. Іс материалдарынан белгілі болғандай, Орталық Гавриленкоға Ұлыбританияда оқу үшін стипендия тағайындаған, ол 2016-2017 жылдары сол жерде оқыған. Грант бөлу туралы келісімшартқа сәйкес, оқуын бітіргеннен кейін ол алған мамандығы бойынша үздіксіз 5 жыл бойы жұмыс істеуі керек болатын. Алайда, 2019 жылдың шілде айында стипендиат Ұлыбританияға оралып, сол жылдың тамыз айынан бастап халықаралық компанияда жұмыс істеп келеді, осылайша келісімшарт талаптарын орындамаған. Орталық комиссиясы стипендиатты…

Толығырақ

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атанды «Әбиба Әбужақыноваға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері жоғары дәрежелі атағы берілгенін қуана хабарлаймыз», — делінген «Жеңіс» дзюдо клубының мәлімдемесінде. 48 кг салмақ дәрежесінде белдесетін Әбиба Әбужақынова – дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі. Ол – әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері, Grand Slam турнирінің жеті дүркін жүлдегері, Grand Prix рейтингтік турнирінің жеңімпазы, Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері.

Толығырақ

ҚазМұнайГаз басшысы Шеврон басшылығымен кездесті«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Chevron (Шеврон) корпорациясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесу өткізді.Кездесуде Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын игеру, қазақстандық қамтуды ұлғайту және Шеврон тарапынан ҚМГ-ның мұнай-химия бастамаларын іске асыруға жәрдемдесу перспективалары қаралды.ҚМГ Теңіз кен орнында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мүмкіндігі мәселесін алға тартты.Қазақстанды тауарлық газбен қамтамасыз ету үшін Қарашығанақ кен орнында жылына 4,5 млрд текше метр шикі газ өңдеуге қауқарлы газ өңдеу зауытын салуға қатысты инвестициялық шешімді уақытылы қабылдаудың маңызы атап өтілді.А.Хасенов кен орындарды игеру жөніндегі жобалау құжаттарын дер кезінде мақұлдау үшін мемлекеттік органдармен де ынтымақтастық орнату қажеттілігіне баса назар…

Толығырақ

«Ордабасы» (Қазақстан) – «Петрокуб» (Молдова) «Ордабасының» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды. Шымкенттік команда бірінші іріктеу кезеңде «Петрокубпен» ойнайды. Бірінші ойын Шымкентте өтеді. Қарымта кездесу сырт алаңда болады. Бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар 9/10 шілдеде, қарымта кездесу 16/17 шілдеге жоспарланған.

Толығырақ