Автор: shynggys

Ермұрат Бәпи Айдос Садықовқа қарсы жасалған әрекетке қатысты пікір білдірді Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Украинадағы оппозициялық журналист Айдос Садықовқа жасалған шабуыл жайлы пікір білдірді. – Менің ойымша, Айдосқа қарсы жасалған әрекетке Қазақстан билігінің қатысы жоқ. Оған не керек? Не қажеті бар? Провакациялық халықаралық дәрежедегі қастандық әрекетке араласуға Қазақстан мүдделі емес. Қазақстанда қандай мүдде болуы мүмкін? — дейді ол. Депутат Айдос Садықовтың саяси тұлға емес екенін атап, «Қылмысқа кім жауапты?» деген сауалға тұспалдап жауап берді. Айдос Қазақстанның билігіне қауіп төндіріп жүрген саяси тұлға емес. Ол кәсіби қызметін атқарып жүрген журналист. Айдосқа қастандық жасау арқылы әлдебір үшінші күштер Қазақстан мен басқа елдердің арасындағы…

Толығырақ

Қырғызстаннан келген шиелерден қауіпті инфекция табылды Зарарлы шие Жамбыл облысының Қырғызстанмен шекарасында орналасқан «Қарасу» фитосанитарлық бақылау бекетінде анықталды. Карантиндік зертханалардың қорытындысына сәйкес, Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан екі вагонға тиелген (20,5 тонна және 18,8 тонна) 900 келі шиеден азиялық жидек дрозофиласы табылған. Әрбір өнім иесіне 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұзылған шие Қырғызстанға қайтарылды. Азиялық жидек дрозофила (Drozophila suzukii) – Қазақстан Республикасында карантиндік маңызы бар кең таралмаған карантиндік нысан. Бұл зиянкестер жүзім, құлпынай, шабдалы, өрік, шие, таңқурай және т.б. сияқты жеміс-жидек дақылдарының 60-қа жуық түрін зақымдайды. BAIMEDIA14:47

Толығырақ

Қазақстанның 1424 ауылында мобильді интернет әлі жоқБұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев айтты.Оның айтуынша, бүгінде 1424 ауыл мобильді интернетке қол жеткізе алмай отыр. «Ұялы байланыс операторларын ынталандыру үшін министрлік жаңа Салық кодексіне радиожиілік спектріне салықтық жеңілдіктерді ұзартуды және төлем мөлшерлемесін өзгертуді ұсынды. Осылайша, байланыс операторларының лицензиялық міндеттемелерінде 1 мың 76 ауылды интернетпен қамтамасыз ету көзделген», — деді Жаслан Мадиев Үкімет отырысында.

Толығырақ

Қытайда топан судан зардап шеккендер 180 мың адамға жетті Қытайда соңғы апталарда табиғи апаттар жиілеп кетті. Елдің бір аймағын аптап ыстық жайласа, екінші бөлігінде нөсер жауыннан зардап шегіп отыр. Әбден зәрезап болған жұрт үй-жайын тастап, жаппай көшіп жатыр. Енді елдің шығысы мен оңтүстігін топан су басып, халық арасында дүрбелең туды. Қытайдың төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан 180 мыңнан астам адам зардап шекті. Жергілікті билік органдары су басқан аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл табиғи апат тұрғындардың күнделікті өмірін қиындатып қана қоймай, ауыл шаруашылығына да үлкен зиян тигізуде. Хунань және Гуандун провинцияларында жауын-шашын мөлшері рекордтық деңгейге жетті. Өзендер…

Толығырақ

Күн + 41 градусқа дейін ысиды 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамы Атмосфералық фронттардың өтуімен таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады. Жаңбыр 18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде. Тек оңтүстікте және 19-20 маусымда орталықта ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Толығырақ

«Алтын қоңыз» шынымен бедеуліктен емдеп жаза ма Әлеуметтік желіде алтын қоңыз жайлы жарнама жалаулап тұр. «Түрлі дертке дауа» деп жарияланады. Жарнама жасаушылар бедеулікті де, белсіздікті де емдеуге кепілдік беріпті. Бүйректегі құм-тасты шайып шығатынын және зәр шығару жолдарын тазалайтын қасиетін де жазған. Біз байланысып, аталған алтын қоңызды елдің қай бөлігінен жинайтынын сұрағанбыз. Сондай-ақ көп ауруға ем болатынын қайдан білдіңіз деп сауал жолдадық. Жауап жоқ. Қазақстанның халық емшілері өңірлік қауымдастығының басшысы Жанболат Сәрсенбай жәндіктің жарнамасын жуырда естігенін, бірақ жарытып ештеңе білмейтінін айтты. Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті де осы пікірді қуаттап отыр.

Толығырақ

Шымкенттік кәсіпкер жоқ сүтті «сатып», 12 миллион теңге жымқырған Іс материалдары бойынша, кәсіпкер сүт өнімдерінің құнын төмендету бойынша дұрыс емес өтінімдер ұсынған. Іс қазір сотта қаралуда. «Өндіруші сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға сүт сатуы керек еді. Алайда олар өндірушіден ешқандай өнім алмаған. Мемлекеттен субсидия тауарлардың бағасын төмендетуге бағытталған және литріне 20 теңгеден төленеді», – делінген қалалық прокуратура хабарламасында. Дәл осылай субсидия алуға негізсіз тырысқан бірнеше кәсіпкерлер анықталды. Мемлекет кірісіне 24 миллион теңге өндірілді. Өрескел заң бұзған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды.

Толығырақ

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция пайда болдыОл epetition.kz порталында жарияланды.Петиция авторлары әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігіне қатысты заңдарға тосқауыл қоюды талап етуде.Айтуынша, заң дәстүрлі тәрбие беруге кері әсер етеді, билік отбасы ісіне араласады.«Ата-ананың беделін түсіретін заңның орындалуына қарсымын. Ата-аналар – қылмыскерлер емес» – делінген петицияда.

Толығырақ

Елдегі көліктердің жартысына жуығының шыққанына 20 жылдан асып кеткен 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5442,9 мың болды. Қазақстан автопаркінің көліктің шыққан жылы бойынша көрінісі: 20 жылдан асқан — 44,8% 10-нан 20 жылға дейін — 23,6% 7-дан 10 жылға дейін — 12,7% 3-тен 7 жылға дейін — 12,7% 3 жылға дейін — 6,2% 

Толығырақ

Қазақстанда биыл әрбір 25-ші түлек «Алтын белгі» иегері атанған Мектепті барлығы 186 мың бала бітірген. Оның 7420-сы «Алтын белгімен» марапатталған. 13 727 түлек жалпы орта білім туралы үздік аттестат алған. Айта кетері, құжатты енді Egov Mobile қосымшасынан алуға болады.

Толығырақ