- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды
Автор: shynggys
Құрбан айттың бірінші күнінде 20 мыңнан астам мал шалынды Qurban2024.kz сайты арқылы 1800-ге жуық тапсырыс берілген. Мүфтияттың мәліметінше, шалынған мал саны: Қой – 17 327, Ешкі – 1 597, Ірі қара – 1 307, Түйе – 5.
Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі Белгілі болғандай: бакалаврларға – 20 пайызға (41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика бағытында оқитындарға 67 200 теңгеден 75 600 теңгеге дейін); магистранттар мен докторанттарға – 15 пайызға (97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін, докторанттарда тиісінше 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін). докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін; «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.
Мемлекеттік сатып алу порталында Астана қаласы әкімдігінің «Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2 млрд 700 млн 905 мың теңгенің тендерін жариялады. Бұл қаражатқа әкімдік жаңбыр жауса су астында қалатын Тәуелсіздік даңғылындағы Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі жердің нөсер жауғандағы кәріз коллекторын жөндеу жоспарланып отыр. «Астана қаласының нөсерге қарсы канализация жүйесін дамыту. Тәуелсіздік даңғылы бойынша Момышұлы даңғылынан бастап Тәшенов көшесіне дейінгі (2 участок) жердегі нөсер канализациясы коллекторын қайта құрастыру» мердігерлік жұмыстары», — деп жазған әкімдік тендеріне. Айтып өткеніміздей, тендер құны — 2 721 905 920 теңге. Естеріңізге сала кетейік, Астананың біраз бөлігі жаңбыр жауса, су астында қалады.
Құрметті Елордалықтар сіздерді Қоршаған ортаны қорғау күніне орай BAYTAQ RUN FEST 5- шақырымдық Эко марафонына шақырамыз. Тікелу тегін WhatsApp 8708 728 00 74 нөміріне жарысқа қатысуға өтінім қалдырсаңыздар болады. Старттық пакетті Қасым Аманжолов,32/1 мекен-жайынан алсаңыздар болады. Қатысушылар саны 100 слот. Әрбір қатысушыға мәрелік медаль, Партия төрағасының атынан Алғыс хат беріледі. Жарыс соңында лотерея ойнатылады.
Аягөз гарнизонында әскери қызметші көз жұмды Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлап, ресми мәлімдеме жасады. Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады, — деп хабарлады министрлік. Оқиға 13 маусым күні болған. Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелері сақталмағандықтан Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмған.
Қазақстанда петицияны қарау тәртібі өзгеруі мүмкін Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Оның сөзіне қарағанда, 50 мың дауыс жинау тым жеңіл. Осындай сұрақтар қазірдің өзінде қоғамда көтеріліп жатыр. Қазірдің өзінде дауыс беру шегін және өтініштерді қарайтын мемлекеттік органдардың санын көбейту керек деген ұсыныстар айтылып жатыр. Біз, әрине, ұсыныстарды қарастырамыз, — деді ол. Ол «мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерді белгілі бір петицияларға қол қоюға мәжбүрлейді» деген ақпаратқа түсініктеме бермеді. Еске салайық, «ЛГБТ насихатына тыйым салуға қарсы петицияға студенттер мен қызметкерлерді мәжбүрледі» деген ақпарат тараған.
Қырғызстанда Сырдарияға құятын өзенге уран қалдықтары бар жүк көлігі құлады Оқиға 1 маусым күні болған. «Росатом» компаниясына тиесілі жүк көлігі Мың-құс маңында сайға құлаған. Жергілікті басылымдар көліктен қою сұр түсті топырақтың төгіліп жатқанын жазды. Kloopnews дерегінше, жүк көлігі «Тұйық-Су» қоймасынан уран қалдықтарын тасымалдайды. Қазір апатты арнайы комиссия тексеріп жатыр. Комиссия қорытындысы 15 күнде дайын болады. Бұл апат салдарынан Қырғызстан ғана емес, Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындарына да қауіп төніп тұр. Басты себеп — Мың-құс өзені Нарынға, одан Тоқтоғұл су қоймасына, кейін Сырдария өзеніне қосылады.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұлттық жиналыста сөйлеген сөзінде Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығатынын ресми түрде жариялады. Ол бұл шешімді ҰҚШҰ-ның мүшелері шарттағы міндеттемелерін орындамады және Әзербайжанмен бірігіп, Арменияға қарсы соғыс жоспарлады деп түсіндірді. «Бұған көпіршік-альянсты құрғандар кінәлі, оның мүшелері шарттағы міндеттемелерін орындамады, Әзербайжанмен бірігіп, бізге қарсы соғыс жоспарлады,» — деді Пашинян. Депутаттар сұрағына жауап берген Пашинян Арменияның ҰҚШҰ құрамына қайта кірмейтінін нақтылады. «Шығамыз. Қашан екенін өзіміз шешеміз. Ал сіздер не ойлайсыздар? Келесі қадам қандай? Ораламыз деп ойлайсыздар ма? Жоқ, басқа жол жоқ. Уайымдамаңыздар, оралмаймыз,» — деп қосты ол. ҰҚШҰ құрамына Армениядан бөлек, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей…
Рубльдің құлдырауы жалғасуда: АҚШ Мәскеу биржасына қарсы санкциялар енгізді АҚШ-тың Мәскеу биржасына қарсы жаңа санкцияларының енгізілуімен байланысты Ресей рублі айтарлықтай құнсызданып жатыр. Мәскеу биржасы өздерінің валюта бөлімінде АҚШ доллары, еуро және Гонконг долларымен сауда жасауды тоқтатқанын ресми түрде хабарлады. Бұл жағдай Ресейдің ішкі нарығында да көрініс табуда. Ақша айырбастау пунктерінде АҚШ доллары мен еуроның сатылым бағасы 200 рубльге дейін көтерілді, ал сатып алу бағамы 50 рубльге дейін төмендеді. Бұл айырмашылық валюталық нарықтағы тұрақсыздық пен белгісіздіктің айқын көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық «КБР-Технологии» компаниясы АҚШ санкциясына ілінді. Бұл компания Ресейге жоғары технологиялық өнім мен дрондар жасауға керек жабдық жеткізген.«КБР-Технологии» компаниясы 2022 жылы Петропавл қаласында ашылған. Компанияның негізін ресейлік Евгений Костюк қалаған. Ол ресейлік Ostec Group компаниясында жұмыс істегенЕске салайық, АҚШ Ресей мен оған санцияларды айналып өтуге көмектескен 300 жеке тұлға мен компанияға қарсы санкция салды.