Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 9 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Атырау облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолының 710-778-шақырым аралығы (Аққыстау кенті – Зинеден ауылы учаскесі) бойынша автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашық.
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.
Сонымен бірге «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.
