Соңғы жылдары ауаның ластануы әлемді алаңдатып отыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі экологиялық ахуалды назардан тыс қалдырған емес. 2021 жылғы халыққа Жолдауында «Еліміздегі экология мәселесі басты назарда болуға тиіс. Әсіресе, ауаның тазалығы айрықша маңызды. Сондықтан, мейлінше ластанған 10 қаланы орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көздеріне көшірген жөн», деді. Осыдан-ақ экологиялық проблеманың белең алып тұрғанын байқауға болады.
Статистикалық мәліметтерге қарасақ, Ұазақстанда жыл сайын атмосфераға 2,5 млн тоннадай, ал көліктерден 1 млн тонна улы зат шығарылады. Республикамыздың 15 ірі қаласында ауаның ластануы шекті деңгейден асады. Ең лас атмосфера Шығыс қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында тіркелген болса, Ақтау мен Петропавл ауасы тза қалаларға жатады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Динара Шүкіжанованың сөзінше ауаның ластығынан Қазақстанда жыл сайын он мыңнан астам адам қайтыс болады. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасына 10,5 млрд доллар шығын келтіреді.
«Таза ауа мен таза су, экологиялық мәселелермен күресіп жүрген Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының да көздеген мақсаты, діттеген межесі сол – экологияны қалпына келтіру.