Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі жобаларды несиелендірудің қолданыстағы ережелеріне қажетті түзетулер пакетін әзірлеуде.
Бұл шешім «Ауыл аманаты» бағдарламасының 2023 жылғы жұмыс қорытындысын талдау және өңірлерден келіп түскен өтініштер нәтижесі бойынша қабылданды.
«Субсидиялау ережесіне түзетулер жобасы ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5%-бен ауыл шаруашылығы техникасын лизингтеу мүмкіндігін қарастырады. Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін қаржыландыру нормативін арттырудамыз», — деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.