Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға бөлінген 100 млрд теңгенің 85 млрд теңгесі игерілді. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында осылай деді.
«Жалпы, біз 16 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз. Қазіргі таңда барлық қаражат игерілмегендіктен, 13 мыңға жуық шағын несие берілді. Жедел деректерге сәйкес, бүгінге дейін 12 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылды», — деді спикер.